
2021 жылы 26 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе ауылдық округі бойынша ауылдық округ әкімін сайлау өтті.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9 - тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының нәтижелерін анықтады:
Қарауылтөбе ауылдық округі әкімін сайлауға:
Округ бойынша сайлаушылар тізімінде 1153 азамат бар, олардың 956 дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 3, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар – 1. Әр үміткерге берілген дауыстар саны:Ахетов Е.А.– 873, Жусупов А.О.– 41, Телеубаев Т.Р.–14; Шалабаев К.Ш. – 24.
Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі болып сайланған Ахетов Еркин Абдрайханович, 1973 ж.т., «Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының» бас маманы, өзін-өзі ұсынған, Nur Otan Партиясының мүшесі. Қарауылтөбе ауылдық округінде тұрады.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы