
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 14 қыркүйектегі шешімімен 2021 жылғы 26 қыркүйекке тағайындалған сайлауда Қарауылтөбе ауылдық округі әкіміне кандидат болып өзін –өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған 3 кандидат тіркелді:
Ахетов Еркин Абдрайханович - 1973 жылы туған, қазақ, «Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясында» бас маман болып қызмет атқарады, Қарауылтөбе ауылдық округі, Абай көшесі №37 үйде тұрады.
Оразымбетов Нурлан Садуакасович – 1978 жылы туған, қазақ, «Гео-Нурсат Кызылорда»ЖШС директоры болып қызмет жасайды. Қызылорда қаласы, С.Мақашова көшесі №6 үйде тұрады.
Жусупов Аскар Орманбекович – 1978 жылы туған, қазақ, «Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппараты» бас маман болып қызмет атқарады. Қызылорда қаласы, Қосшыңырау ауылдық округі, Абай ауылы, Жамбыл көшесі №60 үйде тұрады.