Лого

Меню

Страницы

Статья

Тілдерді дамыту

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасындағы тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының басты мақсаты мемлекеттік тілді меңгеру, дәрежесін бақылау тетіктерін енгізу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. 

Сонымен қатар, қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілге қажеттілік болуына, оның басқа тілдердің тұғырын одан әрі сақтау жағдайындағы тиісінше қолданылу сапасына және меңгерілу деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізіліп келеді. Қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің құжат айналымдарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне ай сайын мониторинг жүргізіліп тұрады.  Мемлекеттік тілде шығысталған құжат айналымы 2019 жылдың ІV тоқсанында 100 пайызды құрап отыр.

Есепті мерзімде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тіл саясатын жүргізу мақсатында  52 әртүрлі іс-шаралар өткізілді. 

Оның ішінде; 1- республикалық байқау; 5-облыстық байқау; 14-қалалық байқау; 18 дөңгелек үстел және 14 әртүрлі бағыттағы (кітап көрмесі, библиографиялық шолу) шаралар.

Ономастика туралы

Бөлімнің үлкен бір міндеттерінің бірі ономастикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру. 

Ономастика саласындағы жұмысты жетілдіру барысында Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Қаланың 760 көшесінің 430 көшесі кісі есімімен, 263 көше тарихи жер-су атауларымен аталған, 107 шартты атау берілген.

ҚР Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, 2018 жылдың екінші жартысы мен 2019 жылдың аяғына дейін өңірлерде ономастика жұмысшы тобының отырыстары уақытша тоқтатылды.

Осы аралықта қалалық ономастика жұмысшы тобының отырысына жеке және заңды тұлғалардан көше атауын беруге кісі есіміне 73 ұсыныс, нысан атауына 6 ұсыныс, ауылдық округтерден кісі есіміне 21 ұсыныс түсті.

Алайда, ҚР Президент Әкімшілігі, әкімшілік-аумақтық бірліктерді және олардың құрамдас бөліктеріне атау беру жұмыстары 2019 жылдың        1 қазан-15 қараша аралығына дейін қарауға рұқсат етіліп, қалаға қарасты ауылдық округтерден түскен 21 ұсыныс  қаралып, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерінің есімімен көше атауы бойынша 9 ұсыныс оң қорытындысын алды.

Облыстық ономастика комиссиясына 2018 жылғы жіберілген ұсыныстардың ішінде 2019 жылдың қорытындысымен Қызылорда қаласы бойынша ұсынылған көшелердің шартты атаудағы 21 көше мен 2 атаусыз тұйық көшелер тарихи-дәстүрлі, 1 саябақ және 3 көше кісі есімімен атау туралы ұсыныстары қолдауын тапты.

Бүгінде, ҚР Президенті әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес Ұлттық санақ процесі өтуіне байланысты 2020 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде әкімшілік аумақтық бірліктерге, құрамдас бөліктерге атау беру, олардың атауын өзгерту бойынша жұмыстар жаппай тоқтатылды.

Жоғарыда көрсетілген тапсырмадағы жұмыстар толық аяқталғаннан кейін, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады.         

Маңдайша жазулары және жарнамаларды ретке келтіру жайында

2011 жылы Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, осы Заңның 17-2 бабында көзделген құзыреттерді орындау қала әкімінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №2983 қаулысымен қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелді. Жарнамалық нысандарға келісім алуға жататын уәкілетті органдардың бірі ретінде белгіленген «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу кезінде жарнама мәтінінің ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкестігі жайында келісім беріп келеді.

ҚР Тіл туралы Заңының 21-тармағына сәйкес қала орталығындағы жарнамаларды тексеру барысында биылғы жылдың 6 айында 451 нысанға түсіндірме жұмыстары және ескертпе хаттары таратылды. Соның ішінде ҚР «Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес келмейтін 160 нысан анықталды. Сондай-ақ, 112 жарнама объектілеріне және 4 сыртқы көрнекі жарнамаларына  келісім берілді.

Дата публикации
26 февраля 2020
Дата обновления
26 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы