Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021 жылғы 1 маусымдағы қорытындылары туралы ақпарат

Облыстық статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес Қызылорда қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.

2021 жылдың қаңтар - мамыр айларында өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 205 688 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 99,1 пайызды құрады.

Кен өндіру өнеркәсібінде есепті мерзімде 1 809,6 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90,9 пайызды құрады және 331,9 млн. текше метр табиғи газ өндіріліп, 93,0 пайызды құрады.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында 19 038 млн. теңге өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 121,9 пайызға артты. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 9,3 пайызы.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі 2021 жылдың қаңтар - мамыр айларында 1 412,8 млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен                 101,7 пайызға артты.

2021 жылдың қаңтар - мамыр айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 39 460 млн. теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 108,7 пайызды құрады. Облыстағы үлесі 56,1 пайыз.

2021 жылдың қаңтар - мамыр айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 9 226 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 185,0 пайызға артты. Облыста атқарған құрылыс жұмыстарының 62,2 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 114 609 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 143,5 пайызға артты. 

         Қала бюджетінің 2021 жылдың 1 маусымға кірістер болжамы (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 19 252,8 млн. теңгені құрап, 20 424,6 млн. теңгеге немесе 106,1 пайызға орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 5 926,8 млн. теңгенің орнына 7 098,6 млн. теңгеге немесе 119,8 пайызға орындалды.

Қала бюджетінің шығыстар жоспары 23 642,3 млн. теңге болса, ол 23 606,5 млн. теңгеге немесе 99,8 пайызды құрады. 

         Шағын кәсіпкерлік саласында 2021 жылдың 1 маусымына қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 26 308 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 22 510 бірлік. Кәсіпкерлердің жалпы санынан жеке кәсіпкерлер – 18 661 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 16 771 бірлік, заңды тұлғалар – 6 007 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 4 230 бірлік, шаруа немесе фермер қожалықтары – 1 640 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 1 509 бірлік.        

«Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай  бағдарламасы аясында бүгінгі таңда жалпы құны 5 315,0 млн. теңгені құрайтын 359 жоба қаржыландырылды.

«Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бойынша басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы аясында 17,0 млн. теңгені құрайтын 1 жоба қаржыландырылды.

         «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласы бойынша өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген жалпы құны 73,8 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба жүзеге асырылуда.

  1. «Orda Glass LTD» ЖШС-ның «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы.
  2. «ТриМо» серіктестігінің «Қуаттылығы жылына 500 тонна екіокись молибден ұнтағын үшокись молибден ұнтағына техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасы.
  3. «BSK Қаратау» ЖШС-нің «Ас тұзын терең өндіру зауыты құрылысы» жобасы.
  4. «Кызылорда Рефайнэри» ЖШС-нің «К4, К5 экологиялық кластағы мотор майларын өндіру» жобасы.
  5. «GTL-Казахстан» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында модульдік типтегі ілеспе-мұнай және табиғи газдың GTL өнімдеріне өңдеу зауытының құрылысы және қызметі» жобасы.
  6. «АБК Пром Сервис» ЖШС-нің «Жоғары қысымды шыны талшықты құбырлар өндіру зауытын салу» жобасы.
  7. «Poom Trade KZ» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында «КОМАЗ» шағын арматура зауытын салу» жобасы.

8.«Сыр-Маржаны» ЖШС-нің «Ет және ет өнімдерін өндіру және сақтау» жобасы.

  1. «Вега Пром» ЖШС-нің «Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру бойынша цехты кеңейту» жобасы.
  2. «Orda TEXC» ЖШС-нің «Түйе жүнін өңдеу және төсеніш көрпе өндіру цехы» жобасы.
  3. «Қызылорда композиттік материалдар зауыты» ЖШС-нің «Шыны талшықты және композитті материалдарды өндіру зауыты» жобасы.
  4. «Айғасар» ЖШС-нің «Ерекше балаларға арналған иппотерапия» жылқылы-сауықтыру клубын ашу және бие сүтін өңдеу цехын салу»жобасы.
  5. «Dana Quartz» ЖШС-нің «Айна шығару зауыты» жобасы.
  6. «Кәусар» ШҚ-нің «Құс фабрикасының құрылысы» жобасы.

         Бөлшек сауда көлемі 102 628,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 100,1 пайызды құрады. Облыстағы үлесі 88,9%.

2021 жылдың 1 мамырына алдын ала деректерге сәйкес халық саны 324,1 мың адамды құрап, өсу қарқыны 102,7%. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 133,7 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,7 пайызды құрайды.              

2021 жылдың 1 маусымына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 4493 адам, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 3,4 пайызды құрады.

Жыл басынан жұмысқа орналасқан азаматтар саны 2433, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғаны 1837 адам.               

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес жыл басынан бері 2 523 адам қоғамдық жұмысқа, 200 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, жастар тәжірибесіне 335 жас маман жолданды.

Қала бойынша 2021 жылдың қаңтар – мамыр айларында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 201 520 теңге, өткен жылғы тиісті кезеңге 114,8 пайызға артты.

Дата публикации
03 июля 2021
Дата обновления
03 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы