Лого

Меню

Страницы

Статья

Жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралу барысы жөнінде ақпарат

2021 жылдың қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралу барысы жөнінде ақпарат

Қызылорда қаласы әкімі аппаратына 2021 жылдың қорытындысы бойынша 9127 жеке және заңды тұлғалардан өтініш келіп түсті.
Жоғары органдар арқылы ерекше бақылауда тұрған 924 өтініш:
- Үкіметтің электронды порталы арқылы (ПЭП) - 327, облыс әкімі аппаратынан - 529, облыстық, қалалық прокуратура - 47, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық, қалалық филиалдарынан - 21.
2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне қала әкімі аппараты мен қалаға карасты дербес бөлімдер мен кент және ауылдық округ әкімдеріне 4071жолданым тіркеліп, орындалғаны –3623, орындалу үстінде – 448.
Барлық келіп түскен өтініштерді қала әкімі және тиісті сала бойынша жетекшілік жасайтын сала басшылары қарап, өтініштер зерделеніп, орындалуына бақылау жүргізеді.Қолданыстағы заңдылықтарда көрсетілген мерзім ішінде жауап әзірленіп, өтініш иесіне уақытылы жолдануда.
Көрсетілген мәселелер бойынша қажеттілікке сай тұрғын үй, әлеуметтік қамсыздандыру, коммуналдық шаруашылық, жер телімін сұрау және оны заңдастыру салаларын қамтитын өтініштер тұрақты түрде өзекті мәселе ретінде қалыптасып отыр.
Сонымен қатар, қала әкімі аппаратында бекітілген кестеге сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау тұрақты жүргізіледі.
Есепті кезеңде қала әкімінің жеке қабылдауына 208 азамат, қала әкімінің орынбасарларына – 194 азамат жазылған. Жеке азаматтарды қабылдау кезінде басым бөлігі азаматтардан туындаған тұрғын үй бөлу жөнінде, коммуналдық шаруашылық, жер телімін бөлу, әлеуметтік көмек көрсету мәселелері көтеріліп, қолданыстағы заңнамалар бойынша түсіндірмелер берілді. Жазбаша түрде уақытылы жауаптары жолданды.
Өтініш берушілердің көпшілігі - жұмыссыздар, тұрмысы төмен азаматтар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар немесе оларға теңестірілгендер.
Қалалық бөлім басшылары мен қалаға қарасты кент және ауылдық округ әкімдері құжаттардың айналымының орындалуы барысына жеке жауапкершілікпен қарауға және орындаушылық тәртіптері жөнінде өз қызметкерлері арасында жиналыс өткізіп, апта сайын хаттардың орындалуына ақпарат беріп, сараптама жасап отырады.

Дата публикации
21 февраля 2020
Дата обновления
13 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы