Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда қаласындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан нысандар туралы

Бүгінгі күнге Қызылорда қаласының сол жағалау аумағында 2018 жылы бастау алып, барлығы 3052 пәтерлік 65 көпқабатты тұрғын үй құрылысы басталды. Оның ішінде 2322 пәтерлік 49 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
2020 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қайтарымды қаражат (несиелік) есебінен басталған 590 пәтерлік 13 көпқабатты тұрғын үй және кезектегі отбасыларға арналған 120 пәтерлік 3 арендалық тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, мемлекеттік қабылдау актісімен тапсырылып халық игілігіне пайдалануға берілуде.
Ал, 2020 жылы барлығы 728 пәтерлік 15 көпқабатты тұрғын үйлер басталып оның 2 тұрғын үйі қабылдау актісімен қабылданды.
Атап айтқанда, арендалық 690 пәтерлік 14 тұрғын үй және жеке инвесторлардың өз қаражаттары есебінен салынып жатқан 38 пәтерлік 1 үй нысандар 2021 жылы пайдалануға берілу жоспарлануда.
Қазіргі таңда Сырдария өзенінің сол жағалуында №5 тұрғын кварталының егжей-тегжейлі жоспары әзірленуде. Аталған кварталда 15 тұрғын үй жоспарланған.
Сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында СПМК-70 мөлтек ауданында 640 пәтерлік 13 тұрғын үй құрылысы ағымдағы жылы басталып, 2021 жылы пайдалануға берілу жоспарлануда.

Дата публикации
07 апреля 2021
Дата обновления
07 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы