
Кірістер бойынша:
2021 жылдың 1 сәуіріне Қызылорда қаласы бюджетінің кіріс бөлігі жалпы 112,7% (болжам 8 064,4 млн. теңге, нақты түскені 9 084,8 млн. теңге), оның ішінде қаланың өз кірістері 146,2% орындалған (болжам 1 851,5 млн. теңге, орындалғаны 2 529,7 млн. теңге), 678,2 млн. теңге артығымен түскен.
Жоғарғы бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен субвенция 100% түскен.
Шығындар бойынша:
2021 жылдың 1 сәуіріне қала бюджетінің бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша шығындары 100,0% орындалды ( 8 064,4 млн. теңге жоспардың атқарылуы 8 060,5 млн. теңге). Игерілмеген қаржы – 3,9 млн. теңге.
- Республикалық бюджеттен бөлінген 1 093,3 млн. теңге трансферттер 100% игерілді.
-Облыстық бюджеттен бөлінген 788,2 млн. теңге трансферттер 100,0% игерілді.
-Қалалық бюджет 6 189,9 млн. теңгеден 6 186,0 млн. теңгеге немесе 99,9 пайызға игеріліп 3,9 млн. теңге игерілмеді.