
«Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында бүгінгі таңда жалпы құны 23 млрд. 418 млн. 620 мың. теңгені құрайтын 1 234 жоба қаржыландырылды. Бағдарламаның жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша биылғы жылы жалпы құны 144 млн.300 мың теңгені құрайтын 36 жоба қолдау алды.
«Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бойынша басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы ағымдағы жылы жоба құны 1 млрд. 181 млн. теңгені құрайтын 8 жоба қаржыландырылды.