Лого

Меню

Страницы

Статья

Экономика

Қызылорда қаласының аумағы 2,4 мың км², облыс аумағының 1,1 % құрайды.
Қаланың әкімшілік-аумақтық құрамына 2 кент (Тасбөгет, Белкөл) және 7 ауылдық округтер (13 елді мекен) кіреді.
Қала халқының саны 2020 жылдың 1 шілдесіне 316,8 мың адам, облыс халқының 39,2% құрайды, халықтың орналасу тығыздығы әр 1 км² 132 адамнан келеді.
Қалада облыс өнеркәсібінің 82%, ауылшаруашылық өнімдерінің 7,1% шоғырланған.
Қала экономикасының негізін өнеркәсіп құрайды, онда халықтың жұмыспен қамтылғандарының үлесі14%.Кен өнеркәсібі жалпы өнеркәсіп өндірісінің 89,1% қамтиды.
Жыл сайын облыстың өнеркәсіп өндірісінің 81,5% қала кәсіпорындары өндіруде.Облыстың электр энергиясының 83,5% қаланың энергетикалық кәсіпорындары өндіреді.
2017-2019 жылдары өнеркәсіп өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 20,4% өсіп, 2019 жылы 694,5 млрд. теңгені құрады. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 480 130 млн.теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 84,7% құрады.
Өнеркәсіп құрылымында кен өнеркәсібінің үлесі басым (89%), ондағы өнім көлемі 92% (2017 жылы) және2019 жылы 89,0% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіптегі үлесі 7% құрайды. 2017-2019 жылдар аралығында салада оң өзгеріс байқалады (2017 жылы НКИ – 116,2%, 2018 жылы – 103,4%, 2019 жылы – 102,2%). 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің өндіріс көлемі 47 007 млн. теңгені құрады.
Қала экономикасында өңдеу өнеркәсібі тамақ өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өнімдерін өндіру, құрылыс материалдарын өндіру, химия және жеңіл өнеркәсіптері есебінен қалыптасқан.

Дата публикации
29 января 2021
Дата обновления
29 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы