
Атқарылған жұмыстар
Халықты жұмыспен қамту
Жұмыссыздық деңгейі. Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша 2024 жылдың қорытындысымен Қызылорда қаласында экономикалық белсенді халық саны 151301 адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,5 пайыз.
Жаңа жұмыс орындарын құру. 01.04.2026 жылға 1744 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 528-ы тұрақты жұмыс орны.
Жұмысқа орналастыру. 01.04.2026 жылға қалалық Мансап орталығына хабарласқан азаматтардың саны – 6787, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқан азаматтар – 528, есепті кезеңнің соңына тіркелген жұмыссыздар саны - 6603, тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 4,4 пайызды құрады.
Жұмысқа тартудың белсенді түрлерінің бірі - қалада ай сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу арқылы жұмыссыздарға жұмыс берушілермен кездесуге мүмкіндік береді. 01.04.2026 жылы 3 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 44 мекемеден жұмыс берушілері мен қадр қызметкерлері қатысып, 541 бос жұмыс орындарына сұраныстар ұсынды. Өткізілген «Бос жұмыс орындары» жәрмеңке нәтижесімен 59 адам тұрақты жұмысқа тұрып, 368 адам кеңес алды.
Қоғамдық жұмыстарға 950 адамды жолдау жоспарланып, 857 адам жұмысқа тартылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 165 адамды жолдау жоспарланып, 2 адам жолданды.
Жастар тәжірибесі бойынша 830 жас маманды жолдау жоспарланып, 47 адам жолданды.
Күміс жас жобасына 400 адамды жолдау жоспарланып, 59 адам жолданды.
Халықты әлеуметтік қорғау
Қала бойынша 2026 жылдың 1 сәуіріне келесі аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетілді:
- 2391 отбасына (12362 адамына) 404 152,6 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек;
- 3698 балаға 46 162,1 мың теңге жолда жүру ақысына;
- 152 отбасына (430 адамына) 3051,9 мың теңге тұрғын үй көмегі;
- Мүгедектігі бар адамдарды оңалту шараларын жүзеге асыру бойынша:
- 1 топ мүгедектігі бар адамдарға 1101 жеке көмекшілердің қызметіне 312 026,0 мың теңге;
- 17 ымдау тілі мамандарының қызметіне 27 465,4 мың теңге;
теңге төленді.
Халықпен жұмыс
1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес, бөлім басшысы – Құрақбаева Кенжегүл Құрақбайқызы азаматтарды жеке қабылдауды күнделікті сағат. 09-00 ден 19-00 дейін жүргізеді.
Жеке және заңды тұлғаның өтініші лауазымды адамға келіп түскеннен бастап он бес жұмыс күн ішінде қаралады. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2026 жылдың 1 сәуіріне келіп түскен заңды тұлғалар 21 санын құрайды, жеке тұлғалар – 270, оның ішінде: мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға үйде қызмет көрсету бөлімшесінде - 0, мүгедектігі бар балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде –0, отбасын қолдау орталығында-68, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және әкімшілік басқару секторы- 15, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету секторында - 124, мүгедектігі бар адамдармен жұмыс атқару секторында – 29, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау жұмыстарын ұйымдастыру секторында – 34, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу секторында -14, әлеуметтік әріптестік және нысаналы топтармен жұмыс атқару секторында – 1.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2026 жылдың 1 сәуірінде бөлім басшысының және орынбасарларының жеке қабылдауында 26 азамат қабылданды.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметшілерімен мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелерін бұзушылық туындаған жағдайларда сенім телефоны арқылы хабарласуға болады, тел: 40-04-63.