
Ұлттық статистика бюросының облыстық статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес, Қызылорда қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.
Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 124 249 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 100,0%-ды құрады. Облыстағы үлесі 49,6%.
Мұнай ұңғымаларының сулануы салдарынан шикі мұнай өндіру көлемі 8,2% төмендеген (2025 жылғы қаңтар-наурызында –588,4 мың тонна, 2026 жылы қаңтар-наурызында –539,9 мың тонна).
Өңдеуші өнеркәсіп саласында 24 295 млн. теңгеге өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 145,9%-ға артты. Негізгі өсім құрылыс материалдарын өндіру 2,2 есеге, тамақ өнімдерін өндіру 5,4%-ға, машина және жабдықтарды орнату және жөндеу саласында 15%-ға артуы есебінен қамтамасыз етілді. Облыстағы үлесі 25,5%.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі 1 406,7 млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 102,7%-ды құрады. Облыстағы үлесі 8,4%.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 73 416 млн. теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 105,8%-ды құрады. Облыстағы үлесі 51,7%. Оның ішінде жеке инвестиция көлемі 45 329 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 130,0 %-ға артты.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 27 770 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 121,2%-ға артты. Облыстағы үлесі 59,6%.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 89 819 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 100,3%-ды құрады. Облыстағы үлесі 56,3%.
Қала бюджетінің 2026 жылдың 1 сәуіріне кірістер жоспары (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 29 731,7 млн. теңгені құрап, 30 350 млн. теңгеге немесе 102,1% орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 14 159,2 млн. теңгенің орнына 14 762,4 млн.теңгеге немесе 603,2 млн. теңгеге артығымен орындалды. (104,3%)
Қала бюджетінің шығыстар жоспары 30 052,5 млн. теңге болса, 30 029,8 млн. теңгеге немесе 99,9% игерілді. (22,6 млн. теңге қалдық).
Шағын кәсіпкерлік саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 33 573 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 32 339 бірлікті құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 97,3 % құрады.
Бөлшек сауда көлемі 117 417,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 100,5%-ға артты. Облыстағы үлесі 86,9%. Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы аясында Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 431,02 млрд. теңгені құрайтын 34 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда, оның бүгінгі күнге 20 жобасы іске қосылып, жұмыс жасауда.
Іске қосылған жобалар:
1)«Orda Glass LTD» ЖШС-нің «Энергия үнемдейтін шыны өндіру цехы». Құны 6,7 млрд. теңге (2024 ж).
2)«Искаков» жеке кәсіпкерлігінің «Сауда үйі құрылысы». Құны 500 млн.теңге (2024 ж).
3)«Aray Food» ЖШС-нің «Көкөніс сақтау қоймасының құрылысы». Құны 1,2 млрд.теңге (2024 ж).
4)«Көлік-құрылыс компаниясы» ЖШС-нің «металл конструкция өндірісі». Құны 300,0 млн. теңге (2024 ж).
5)«Accent Development Solutions» ЖШС-нің «Жаңа әуежай жолаушылар терминалының құрылысы». Құны 20,9 млрд. теңге (2024 ж).
6)«Technology Алем Ойл» ЖШС-нің «Жерасты паркингі бар автосалон мен АВТО шеберхана салу» жобасы. Құны 900 млн. теңге (2024 ж).
7)« Орда автодор» ЖШС-нің «Асфальт-бетон өндірісі» жобасы. Құны 1 млрд. теңге (2024 ж).
8)«Қызылорда Саз-М» ЖШС-нің заманауи кірпіш зауытының құрылысы. Құны 5 млрд. теңге (2025 ж).
9)«Қаржаубаева» жеке кәсіпкерлігі сауда үйінің құрылысы жобасы. Құны 700 млн. теңге (2025 ж).
10)«Панабек» ЖШС-нің орындықтар мен басқа отыратын жиһаздардан басқа кеңселер мен сауда кәсіпорындарына арналған жиһаз өндіріс кеңейту жобасы. Құны 250 млн. теңге (2025 ж).
11)«Қызылорда - Нан» ЖШС-нің «Нан-тоқаш, кондитерлік, макарондық өнімдер өндіру кешені». Құны 2,2 млрд. теңге (2025 ж).
12)«Техоснастка Ремсервис» ЖШС-нің Қызылорда қаласында көтерме-бөлшек саудасы бар мамандандырылған қоймасы жобасы. Құны 4,6 млрд. теңге (2025 ж).
13)«AynaGlass» ЖШС-нің жоғары технологиялы айна шығару жобасы. Құны 1,5 млрд. теңге (2025 ж).
14)ЖК Тұмар – шағын өндірістік алаңы, құны – 526 млн.теңге (2025 ж).
15)"AEG GRAND HALL" ЖК мейрамхана ашу жобасы, құны 1,26 млрд. теңге (2025 ж).
16)«Техоснастка Ремсервис» ЖШС-нің шағын өндірістік алаңы. Құны 526 млн. теңге (2025 ж).
17)«Алтын Орда» ЖШС-нің аз тұзын өндіру зауыты, құны 1,5 млрд. теңге (2025 ж).
18)«Aksa Energy Qyzylorda» ЖШС-нің Қуаты 250 МВт ЖЭО салу жобасы. Құны 215 млрд. теңге (2025 ж).
19)«Orhun Medical» ЖШС-нің ПЭТ/КТ орталығы, құны 4,0 млрд.теңге (2025 ж).
20«Абзал и К» ТС күріш ақтау зауыты, құны 1,0 млрд. теңге (2025 ж).
Іске асырылу сатысындағы жобалар:
21)«Кызылорда НК Курылыс» ЖШС-нің Сүт және сүт өнімдерін өндіретін цех салу жобасы. Құны 6,7 млрд. теңге (2026 ж).
22)«Medal Holding CmbH» Көпфункционалды инновациялық Индустриалды паркі жобасы. Құны 53,9 млрд. теңге (2027-2029 жж).
23)«With You E&C Kyzylorda» ЖШС-нің қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыты жобасы. Құны 9,5 млрд. теңге (2026 ж).
24)«Комфорт 1КЗ» ЖШС-нің Шыңдалған шыны және табақша шыныны өндіру зауытын кеңейту жобасы. Құны 5,5 млрд. теңге (2026-2027 жж).
25)«Seven Rivers Technologies» ЖШС-нің «HORN® Glass технологиясымен шыны ыдыстар зауыты жобасы. Құны 60 млрд. теңге (2026-2027 жж).
26)«Нұрлы Тау» ЖШС-нің Кірпіш зауытының құрылысы жобасы. Құны 4,5 млрд. теңге (2026-2028 жж).
27)«Freedom Telecom Operations» ЖШС-нің қуаттылығы 1,2 МВт құрайтын күн электр станциясы. Құны 150 млн. теңге (2025 ж).
28)"Марал Нұр" ЖШС-нің "Цифрлық депо" жолаушылар вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешенін салу жобасы. Құны 5,4 млрд. теңге (2026 ж).
29)«Рем - Пласт Инвест» ЖШС-нің гофрлеу және картонның тегіс қабаты үшін қағаз өндірісі. Құны 559,2 млн. теңге (2026 ж).
30)"Дезинфекция" ЖШС-нің қайталама шикізатты дайын өнімге қайта өңдеу жобасы. Құны 350 млн. теңге (2026 ж).
31)«Qyzylorda Bitum» ЖШС-нің Қызылорда қаласында жол битумы және асфальт-бетон қоспаларын өндіру зауытының құрылыс жобасы. Құны 800 млн. теңге (2026-2027 жж).
32)"Altyn Gimarat" ЖШС-нің 150 номерлі 5 жұлдызды қонақ үй құрылысы. Құны 10,0 млрд. теңге (2026 ж).
33)«Алаш Метан» ЖШС жол бойы сервис көрсету пунктін салу және пайдалану жобасы, құны 600 млн. теңге (2026 ж).
34)«Қаракөз Плаза» ЖШС қонақ үй құрылысы, құны 3,5 млрд. теңге (2026 ж).
2026 жылдың 1 наурызға алдын ала деректерге сәйкес халық саны 367,9 мың адамды құрап, өсу қарқыны 1,3%. Жұмыс күшінің саны - 151,3 мың адам, жұмыссыздық деңгейі - 4,5%.
2026 жылдың 1 сәуіріне тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны -6 639 адамды құрап, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайызды құрады.
2026 жылдың 1 сәуіріне 1 744 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 528-і тұрақты жұмыс орыны.
Жыл басынан бері 1 013 адам қоғамдық жұмысқа, 6 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, жастар тәжірибесіне 90 жас маман жолданды.
Қала бойынша 2025 жылғы IV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 406 058 теңге, өткен жылғы тиісті кезеңге 109,6 артты, нақты жалақы индексі 98,1 % болып қалыптасты.
Тұтыну бағасының индексі қаңтар-наурызға өткен жылғы тиісті кезеңге 111,6%. 2026 жылға жоспарланған инфляция деңгейі 9,0 – 11,0%.