Лого

Меню

Страницы

Статья

2026 жылдың I тоқсанында кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар туралы

Өнеркәсіп
Қала экономикасында өңдеу өнеркәсібінің дамуы тамақ өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, химия және жеңіл өнеркәсіптері есебінен қалыптасқан.
Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 2026 жылдың қаңтар-ақпан айында 77 351 580 млн. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 92,3% құрады.
Есепті кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 51 801 167 млн. теңгенің шикі мұнай өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 88,3 % құрады.
Өңдеуші өнеркәсіп саласында 14 719 016 млн.теңгенің өнімі өндіріліп өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 108,7% құрады. Оның ішінде:
Жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша 207 035 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 120,7% орындалды. Оның ішінде, киім өндіру 137 805 млн. теңгені өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 127,5%, тоқыма бұйымдарын өндіру 69 230 млн.теңгенінемесе 107,6% құрап отыр.
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында 1 731 450 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 91,8 % құрады.
Химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 125 793 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 96,8% құрап отыр.
Резеңке және пластмасса бұйымдарыөндірісінде 485 164 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 219,1% орындалып отыр.
Машина жасау, жөндеу және орнату саласында есепті кезеңде
1 956 533 млн.теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 88,7% құрап отыр.
Есепті мерзімде өзге металл емес минералдық өнімдерін өндіру (кірпіш, тауарлы бетон және темір бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар) саласы бойынша 6 270 929 млн. теңгенің өнімі өндіріліп немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 146,8% орындалып отыр.

Халықпен жұмыс
1. Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін мемлекеттік органда қараудың тәртібі (нормативтік құқықтық база);
2007 жылы 12 қаңтардағы № 221 Заң, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мұдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында олардың өтiнiштерiн беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Осы Заңда белгiленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануға, тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс. Өтiнiштi қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады. Өтiнiш жеке немесе заңды тұлғаның өкiлi арқылы енгiзiлуi мүмкiн. Өкiлдiктi рәсiмдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2.Азаматтарды қабылдау кестесі:
№Аты-жөні Лауазымы Жеке қабылдаудың уақыты
1Жетілгенов Мұхтар Әбдімаратұлы Бөлім басшысы әр аптаның сәрсенбі күні сағат 15:00-17:00
3.Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлғалардан ақпаратты ауызша төмендегі байланыс телефондары арқылы алуға болады: 27-16-07
4.Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін шолулар және оларды қарау нәтижелері;
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңына сайкес азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін шолулар және оларды қарау нәтижелері 3 күн немесе 1 ай аралығында беріледі.
2026 жылдың І тоқсанына өткізілген жеке қабылдау туралы ақпарат.
2025 жылдың басынан бері «Қызылорда қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі КММ басшысының жеке қабылдауында 5 қала тұрғыны болды.

 

 

Дата публикации
27 апреля 2026
Дата обновления
27 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы