Лого

Меню

Страницы

Статья

2026 жылдың I тоқсанында қоғамдық даму саласында атқарылған жұмыстар туралы

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша жұмыстар
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, қала әкімдігіне қарасты бөлімдер мен кент және ауылдық округтердің атқарылып жатқан жұмыстарын ақпараттандыру мақсатында 20 брифинг ұйымдастырылды. Брифинг барысында жергілікті телеарналар мен баспа басылымдары тиісті ақпараттық жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, «Қоғам ТВ» және «Қызылорда» телеарналарында 20 сюжет, «Ақмешіт ақшамы», «Ақмешіт апталығы», «Кызылординские вести» және «Халық» газеттерінде 30-ға жуық мақала жарық көрді.
Қаңтар – наурыз айларына тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.
Қызылорда қаласында маңызды жаңалықтарды ақпараттындыруда (Kyzylordanews, Fastnews, Ақмешіт апталығы) республикалық және өңірлік, қалалық сайттарда 144 мақала жарық көрді.
Әлеуметтік желіде кеңінен ақпараттандыру жұмыстары да жолға қойылған. Қала әкімдігіне қарасты бөлімдер мен кент және ауылдық округтердің атқарылып жатқан жұмыстарын ақпараттандыру тұрақты түрде жүргізілуде.
Сонымен қатар, ресми парақшаларда мерекелік афишалар, жедел хабарландырулар мен мемлекеттік қызмет көрсету туралы жарияланымдар арқылы халыққа кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Атап айтқанда, жыл басынан 100-ден аса пост жарияланып, ресми парақшаға апта сайын жол-көлік оқиғасы, адам саудасы, алаяқтық, сыбайластықтың алдын алуға байланысты «Фейзбук», «Инстаграм» «Тикток» «Трэдс» әлеуметтік желілірінде тұрақты ақпараттандырылуда.
«Қызылорда-ақпарат» парақшасында күнделікті «Заң мен Тәртіп», «Таза қала», «Жергілікті оң бағыт», «Үкіметтік оң бағыт», «Референдум» және т.б. тақырыптар бойынша 2000-ға жуық ақпараттар жарияланды.
Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс
Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша облыстық әділет департаментінде 449 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде қоғамдық бірлестіктер 278, қоғамдық қорлар 169, ассоциациялар 2.
Жыл басында ҮЕҰ дерекқорына өз мәліметтерін уақытылы ұсыну жөнінде ескертпе, хабарландырулар қалалық «Ақмешіт ақшамы», «Ақмешіт апталығы» газеттерінде, Қоғам ТВ телеарнасының жеке сектор айдарында, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілеріндегі қала әкімдігінің және қалалық қоғамдық даму бөлімінің ресми парақшаларында, gov.kz мемлекеттік органдар сайтында, qorda.kz қалалық қоғамдық даму бөлімінің ресми сайтында жарияланды.
Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік-маңызды жобаларын жүзеге асыру қызметі бойынша 2026 жылға қалалық бюджеттен 37 млн 077 мың теңге қаржы бөлініп, оған 7 әлеуметтік жоба іске асырылуда.
Атап айтқанда:
1.«Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихаттық шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы. Жоба құны 4 млн 290 мың теңге.
2.Интернет ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты ұйымдастыру, қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу» әлеуметтік жобасы.
Ақпан-наурыз айы бойынша жоба аясында әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарда қала көлемінде атқарылған жұмыстарды ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
Жоба аясында жұмыс істейтін мамандардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында апта сайын ақпараттық-иммидждік, тәрбиелік-танымдық, жалпы оң бағытта 287 материал орналастырылды. Оның ішінде, жазылымы көп әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында-144 материал. Ал «Salemkzo» парақшасының барлық платформадағы әлеуметтік желісінде жарияланған посттар саны – 143.
3.«Cыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме жұмыстарын, адам саудасы мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы.
Әлеуметтік желіде арнайы парақша ашылып, құқықтық түсіндірме шаралары жүргізілді. Аптасына 2-ден кем емес материал жариялануда. Оның ішінде құқықтық сала мамандарының қатысуымен сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды. Аталмыш парақшаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық - ақпараттық түсіндіру бағытында постерлер әзірленді.
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті түсіндіретін және интернет-алаяқтықтың профилактикасы және оған қарсы іс-қимыл туралы А4 форматта ақпараттық 200 дана таратпа материалдар әзірленіп, халық көп шоғырланған орындарда, қоғамдық орындарда, сауда орындарында таратылды.
Баспа БАҚ арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы «Ақмешіт апталығы» газетінде «Интернет-алаяқтық: қауіп пен сақтық шаралары», «Адам саудасының алдын алу – қоғамның ортақ міндеті», «Жемқорлық індет – жою міндет» атты мақалалар жарияланды.
Қалада құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша тиісті орган қызметкерлерінің қатысуымен рейд жұмыстары жүргізілді.
4.«Азаматтық қоғам институттарының бастамаларын қолдау бойынша шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы. Жоба аясында 15 ақпан күні Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Тағзым алаңы» аумағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
27 ақпан – Үкіметтік емес ұйымдар күніне орай қала әкімдігі өкілінің қаладағы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу шарасы өтті.
28 ақпан «Невада - Семей» ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыстың құрылған күніне орай еске алу шарасын ұйымдастырылды.
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ҮЕҰ өкілдері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері, саяси партия мүшелері, жастар, түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен шара ұйымдастырылды.
5.«Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы.
6.«Үздік аула – 2024 байқауы» әлеуметтік жобасы.
7.«Мерейлі отбасы байқауының қалалық кезеңін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы. Соңғы үш жоба бойынша мемлекетік тапсырыс аясында конкурс жарияланған.
Сондай ақ, облыстық бюджеттен «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы қаралған.

Мемлекеттік жастар саясатын жүргізу
Қызылорда қаласында статистикалық мәліметке сәйкес, 2025 жылға 362 мың 279 халық, оның ішінде 103 мың 102 (ауыл жастары 12 499) 14 пен 35 жас аралығындағы жастар. Бұл қала халқының 28,5 пайызын құрайды.
Оқу орындары бойынша
Қала бойынша бүгінгі күні барлығы 17 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде 17 371 білім алушы студент бар. Қызылорда Болашақ университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және Қызылорда Ашық университетінде 15 000-нан астам студент білім алуда.
2026 жылы мемлекеттік жастар саясатын жүргізуге- 27 млн 381 мың теңге жоспарланып, биыл әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қосымша 8 миллион теңге қаражат бөлінді. «Заң мен Тәртіп» қағидатын қоғам арасында кеңінен насихаттау, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және жауапкершілігін күшейту мақсатында «Әділетті қоғам: заң және жауапкершілік» әлеуметтік қызметі іске қосылды.
Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың табиғатты сақтау ісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында «Экосана: Таза Қазақстан» әлеуметтік қызметтері жүзеге асырылады.
Ақпарат ретінде:
1.«Жұмысшы мамандықтарды насихаттау» әлеуметтік қызметі 2.«Көшбасшылар мектебі» әлеуметтік қызметі
3.«Жастар орталығы, мүмкіндіктер алаңы» әлеуметтік қызметі
4.«Атаулы мерекелік күндерді атап өту» әлеуметтік қызметі
5.«Халықаралық волонтерлар жылын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі
6.«Qyzylorda youth Fest» жастар күнін атап өтуге бағытталған мәдени көпшілік іс-шаралар» әлеуметтік қызметі
7.«Qosyl Premya жылдың қорытынды кеші» әлеуметтік қызметі
8.«Әділетті қоғам: заң және жауапкершілік» әлеуметтік қызметі
9.«Экосана: Таза Қазақстан» әлеуметтік қызметі

Қала жастарына «Qosyl» деген атпен танымал болған қалалық жастар ресурстық орталығының қызметін 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1368 жас пайдаланды. Жастардың сұранысына орай орталықта WI-FI, коворкинг орталығы, спорттық секциялар, креатив фото-видео студиясы, би залы, жастар ұйымдары кабинеті тегін қызмет көрсетуде.
2026 жыл қаңтар-наурыз айынан бері атқарылған шаралар саны - 70 шара, түнгі рейд- 6 рет, сыбайлас жемқорлық - 2 рет , шараларға қамтылған жастар саны – 2009, тұрақты қамтылған жастар саны - 80, орталық қызметіне жүгінген жастар саны – 1368, Орталық мамандарынан кеңес алған (онлайн/офлайн) жастар саны – 180.
Құқық бұзушылық бойынша
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қала әкімдігі жанынан құрылған жедел топ, ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге жыл басынан бері 6 рет түнгі рейд жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен заңсыз ақша жинау жағдайларын анықтау мақсатында мектептерде профилактикалық кездесулер өткізіліп, сауалнамалар жүргізілуде.
Жоғарғы сынып оқушылары арасында арнайы QR-код арқылы анонимді сауалнама жүргізіліп, оның көмегімен буллинг, әлімжеттік, бопсалау, киберқауіпсіздік және жеке қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді зерттеу мақсатында сала мамандарының қатысуымен 18 кездесу өткізіліп, 1300 жас қамтылды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша кездесу жыл басынан бері 2 рет өткізілді.
NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету бағытында атқарылған жұмыстар барысы туралы
Жыл басында «NEET» санатындағы жастар саны 1225 жасты, 14 ақпандағы Отбасылық цифрлық картаның мәліметіне сәйкес, «NEET» санатындағы жастар саны 1215 жасты құрады.
Жастар орталығы мен кент және ауылдық округтер әкімі аппаратының мамандарымен 519 жасқа адрестік жұмыстар жүргізіліп, статусы анықталды.
Ақпарат ретінде: аталған адресте тұрмайтындар, көшіп кеткендер - 62, студент- 11, жұмыссыз -112, тұрақты жұмысы бар-56, үй шаруасында-101, жалдамалы жұмысшы- 144, шетелде тұратындар-7, есігін ашпаған-26.
Қалалық жастар ресурстық орталығы мамандары қаладағы NEET санатындағы жастардың үйлеріне барып, адрестік жұмыстарды жүргізуде.
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында жергілікті БАҚ-та, орталықтың әлеуметтік парақшаларында барлығы 98 акпарат жарияланды. БАҚ-та (республикалық, облыстық және қалалық қоса алғанда) 3 жариялым жарық көрген.
Орталықтың @qosyl.mrc инстаграм парақшасында 7165 оқырман бар,
3 пост жарияланған, фейсбук парақшада 5000 достығы бар, 89 пост жарияланды. Тик-ток желісінде - 4.
Әлеуметтік жобалар бойынша
«Атаулы мерекелік күндерді атап өту» әлеуметтік қызметі бойынша 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай медицина, білім беру, ғылым, мәдениет, халыққа қызмет көрсету, волонтерлік және қоғамдық жұмыс салаларында еңбек етіп жүрген жас әйел мамандарды марапаттауға арналған іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара аясында қатысушыларға арнайы гүл шоқтары, естелік сыйлықтар және құттықтау табысталды.
Ұлттық спорт күнінің қарсаңында қалаға қарасты ауылдық округ және кент жастары арасында асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, садақ ату, бес тас сынды ойындардан сайыс өткізілді. Жеңімпаздарға ұйымдастарушылар тарапынан арнайы марапаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия туралы
Қаламызда жалпы халық саны 358 мың 235 болса, оның ішінде 182 мың 473-і әйелдер. Сондай-ақ, 2017 жылдан бері 507 ана «Алтын алқа», 1825 ана «Күміс алқа» иегері атанды.
2026 жылы 6 наурыз күні қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Комиссия отырысы өткізіліп, онда 3 мәселе қаралды.
Атап айтқанда, «Көп балалы, аз қамтылған отбасыларға және зорлық-зомбылық көрген ана мен балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнаулы әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету және оларды жұмыспен қамту бойынша атқарылған жұмыстар туралы», «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілетін мерекелік шаралардың ұйымдастырылуы және дайындық жұмыстары туралы», «Ауыл тұрғындары арасында отбасы құндылықтарын насихаттау және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында атқарылған шаралар және оның нәтижелері туралы» мәселелер қаралып және талқыланып, тиісті тапрсымалар берілді.
Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасы құндылықтарын насихаттау бағытында қаладағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары мен мектептерде кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай қаладағы алтын алқа, күміс алқа иегерлері, түрлі салада жетістікке жеткен әйелдер мен ұзақ жылдар қарапайым жұмыс жасап келе жатқан жұмысшы әйелдерді қала әкімінің тарапынан марапаттау шарасы өткізілді. Шарада 32 әйел марапатталды.
Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
Биылғы жылдың I тоқсанында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған желілік кестеге сәйкес 100 кездесу ұйымдастырлып, оған 5000 жуық адам қамтылды.
Кездесулер мына төмендегі санаттағы тұрғындармен өткізілді:
- жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз болып тіркеуге келген азаматтармен, базарларда және түрлі қызмет көрсету орындарда өзін өзі жұмыспен қамтушылар;
- маргинал, ұйымдастырылмаған жастармен, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындары студенттері;
- қандастар;
- азаматтардың әлеуметтік жағынан осал топтар;
- вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтармен, еңбек мигранттары;
- мектеп оқушыларының ата-аналарымен, спортшылармен, мәдениет саласы қызметкерлерімен және мәдениет үйірмелері мен кітапханаларға келушілермен, құрылысшылармен, кент, ауылдық округ тұрғындарымен, ауыл шаруашылығы ұжымдары қамтылды.
Әлеуметтік желідегі мониторинг және қарсы насихаттық жұмыстар.
Экстремизм мен терроризмге қарсы насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында қала әкімдігімен әлеуметтік желілерде 7 арнайы парақша ашылып, 700-ден астам материалдар жарияланды.
Анықтама ретінде: 3 ресми парақша: TikTok – «Ruhaniat_kzo», Instagram – «Ruhaniat_kzo», Facebook – «Руханият және дәстүр», Telegram – «Руханият және дәстүр».

Дата публикации
27 апреля 2026
Дата обновления
27 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы