
Жер комиссиясының жұмысын ұйымдастыру
Есепті мерзімде жер телімдеріне қатысты 7 жер комиссиясының отырысы өткізіліп, барлығы 1261 құжат қаралды, оның ішінде 505 өтініш бойынша оң хаттамалық шешім қабылданып, 756 өтініш бойынша ҚР Жер кодексінің және
ҚР Сәулет, және қала құрылысы туралы заңының талаптарына сәйкес келісім беруден бас тартылған.
Жер қатынастары саласы бойынша жыл басынан бері 174 қаулы жобасы әзірленіп, қала әкімдігімен қабылданды.
Есепті мерзімде 218 жалға беру шарты, 112 сатып алу-сату шарты жасалды.
Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алу бойынша
1) Қызылорда қаласы, Тәуелсіздікке 25 жыл көшесін реконструкциялау мақсатында көлемі 1031,0 шаршы метр болатын 1 жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алу көзделіп, 2026 жылғы 15 қаңтардағы №101 қаулысы қабылданды.
2) «Марал Ишан–Қ.Маханбетов-Тәуелсіздікке 25 жыл көшелерін кіре беріс қақпадан Саламатов көшесіне дейін қайта жаңғыртудан өткізу жобасын жүзеге асыру мақсатында 1 жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алу көзделіп,
2026 жылғы 20 қаңтардағы №113 қаулысы қабылданды.
3) «А. Спанов көшесін Б. Баймаханов көшесінен А. Шәменов көшесіне дейін қайта жаңғыртудан өткізу» жобасы бойынша көше үшін 1 жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алу көзделіп, 2026 жылғы 23 қаңтардағы №151 қаулысы қабылданды.
4) «Самара-Шымкент» автожолының Қызылорда облысынан өтетін 1-ші техникалық санатты автомобиль жолының құрылысы үшін 13 жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алу көзделіп, 2026 жылғы 5 наурыздағы №473 қаулысы қабылданды.
6) «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу мақсатында 2 жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алу көзделіп, 2026 жылғы
5 наурыздағы №472 қаулысы қабылданды.
Қазіргі уақытта Бөлім тарапынан мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер учаскелерінің орнына жер учаскелерін ұсыну, қажетті бөліктері бойынша кескін-келбетін өзгерту және жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктерді нарықтық құны бойынша бағалау жұмыстары жүргізілуде.
Орындаушылық тәртіптің сапалылығы мен мерзімінің сақталуы (құжатайналым, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, өтініштердің орындалуы, хаттамалық тапсырмалар)
Жыл басынан бері қала әкімдігі тарапынан және бөлімге тікелей жолданған жеке және заңды тұлғалардан жалпы саны 1527 өтініш тіркеліп,
Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексіне сәйкес жауап беріліп, тиісті жұмыстар жүргізілді.
2026 жылдың 3 айында жер қатынастары бойынша 280 жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетілді («электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы 239 тұлғаға, қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы 41 тұлғаға).
2026 жылдың 3 айында ауыл шаруашылығы бойынша 213 жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетілді («электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы 180 тұлғаға, қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы 33 тұлғаға).
2026 жылдың 3 айында ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы техникаларын жүргізуге 32 адамға куәлік беріліп, жеке және заңды тұлғаларға жаңа үлгідегі 97 дана техникалық паспорттар мен 97 дана мемлекеттік белгілер берілді. 33 дана кепілдік келісім-шарты мен қосымша келісім-шарттарын тіркеу және кепілден босатулар рәсімделіп, 5 ауыл шаруашылығы және жол құрылыс техникалары мемлекеттік техникалық байқаудан өткізілді.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша
2026 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақыға 47,5 млн.теңге (110 маман), бюджеттік кредитке 259,5 млн. теңге (30 маман) бөлінді. Бөлінген қаржы қаржылық жоспарға сәйкес игерілетін болады.