Лого

Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғаны жөнінде хабарлайды

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 2025 жылғы 30 желтоқсанда инвестициялық портфельді басқарушы – «Halyk Global Markets» АҚ-дан (Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы) (бұдан әрі – ИПБ) 2021 жылғы 18 ақпанда жасалған № 17/6/18-02-21/П зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) ИПБ-ның бастамасы бойынша бұзу жоспарланғаны туралы мәлімдеме алынғанын хабарлайды.

 

Аталған хабарлама заңнама талаптарына сәйкес жолданған. Заңнамаға сәйкес, ИПБ Шартты оны жасасқан күннен бастап кемінде бір толық күнтізбелік жыл өткеннен кейін өз бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Бұл ретте толық күнтізбелік жыл деп 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезең түсініледі.

 

ИПБ Шартты өз бастамасы бойынша бұзған жағдайда, оның жоспарланған бұзылу күнінен кемінде бір күнтізбелік жыл бұрын уәкілетті органды, БЖЗҚ-ны және зейнетақы активтерін есепке алу мен сақтауды жүзеге асыратын кастодианды хабардар етуге, сондай-ақ өзінің корпоративтік интернет-ресурсында тиісті хабарландыруды орналастыруға міндетті. Осындай хабарлама болған жағдайда БЖЗҚ салымшылардың зейнетақы активтерін ИПБ басқаруына беру туралы жаңа өтініштер қабылдамайды.

 

ИПБ өз сенімгерлік басқаруындағы ақша түріндегі зейнетақы активтерін толық көлемде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – ҚРҰБ) сенімгерлік басқаруға қайтарады. Сонымен қатар, егер ИПБ алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен ИПБ зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асырған толық күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы, яғни бұл жағдайда 2027 жылғы 1 қаңтардағы ең төменгі мән арасындағы теріс айырма туындаған болса, ИПБ оны толық көлемде өтеуге міндетті.

 

Теріс айырма өтелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде (егер мұндай айырма болған жағдайда) инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтерін қабылдау-тапсыру актісінің негізінде ҚРҰБ-тағы БЖЗҚ-ның кастодиандық шотына қайтарады.

 

Осылайша, қолданыстағы тәртіп салымшылардың зейнетақы жинақтарының сақталуына, олардың ҚРҰБ басқаруына қайтарылуына кепілдік береді және зейнетақы жүйесіне қатысушылар үшін кез келген қаржылық тәуекелдерді болдырмайды. Бұл ретте, бұған дейін ИПБ басқаруына берілген барлық зейнетақы жинақтары олар ҚРҰБ басқаруына берілгенге дейін қолданыстағы шарттар бойынша «Halyk Global Markets» АҚ басқаруында қала береді.     

Дата публикации
04 февраля 2026
Дата обновления
04 февраля 2026
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы