Лого

Меню

Страницы

Статья

2025 жылы мәдениет саласында атқарылған жұмыстар туралы

 

Ономастика туралы

Ономастика саласындағы жұмысты жетілдіру барысында Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Бөлім Қызылорда қаласы әкімдігінің жанынан құрылған қалалық ономастика жұмысшы тобының қызметін үйлестіреді.

Бүгінгі күні, қала аумағында комиссия шешімімен нақтыланған 1340 көше бар. Оның ішінде, қалада 874 көше (497 көшесі кісі есімімен, 270 көше тарихи жер-су атауларымен аталған, 107 шартты атау берілген) және қалаға қарасты ауылдық округтерде 466 көше бар.

«Арай-Шұғыла мөлтек ауданындағы атаусыз 7 көшелерге республикалық ономастикалық комиссиямен бекітілген жер-су атауларын берілді

2024 ж «Тарихи тұлғалар» тізіміне енген 6 ұсыныс бойынша Әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктерін қайта атау және атау беру бойынша Қызылорда қаласындағы 6 көшелерге тарихи тұлғалардың есімі берілді

«Сұлтанбек Қожанов» атындағы көшесін ауыстыру мақстында республикалық ономастикалық комиссиямен бекітілген «Жер-су» атаулары тізімінен «Талас» атауы ұсынылады.

Республикалық ономастика комиссиясы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 48 ардагердің есімін қолдап, бекіту туралы оң қорытынды берді. Оның ішінде 17 ардагердің есімі ауылдық округтерден бекітілді. (Ақпарат ретінде Қызылорда қаласы бойынша Қолдау тапқан ардагерлер саны – 31, Қызылжарма а/о – 9, Талсуат а/о -4, Ақсуат а/о – 3, Ақжарма а/о – 1.)

Сонымен қатар, республикалық ономастикалық комиссиясымен бекітілген көше аншлагтарын жазу және орналастыру жөніндегі ұсынымға сәйкес қала аумағындағы көшелерге жаңадан көше тақтайшаларын (талапқа сәйкес QR-код қосымшасымен) ауыстырып, жаңалау мақсатында қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс жолданып, бірлесіп жұмыстар атқарылуда.

Маңдайша жазулары және жарнамаларды ретке келтіру жайында

2011 жылы Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, осы Заңның 17-2 бабында көзделген құзыреттерді орындау қала әкімінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №2983 қаулысымен қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелді. Жарнамалық нысандарға келісім алуға жататын уәкілетті органдардың бірі ретінде белгіленген «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу кезінде жарнама мәтінінің ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкестігі жайында келісім беріп келеді.

ҚР Тіл туралы Заңының 21-тармағына сәйкес қала орталығындағы жарнамаларды тексеру барысында 2025 жылдың ІV тоқсаны бойынша 129 нысанға түсіндірме жұмыстары және ескертпе хаттары таратылды. Сондай-ақ, 97 жарнама объектілеріне келісім берілді.

Тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша

Бүгінгі күнге қала көлемінде 85 тарихи-мәдени ескерткіштер бар, оның ішінде республикалық маңызды – 4, жергілікті маңызды – 34 ескерткіш, алдын-ала есепке алу тізіміне ұсынылғандар саны – 47. Оның ішінде тарихи ғимараттар саны – 19, ескерткіштер – 37, және  29 бюсттер бар.

Қала көлеміндегі ескерткіштерді сақтау және пайдалану бағытында бірқатар шаралар жүргізіліп келеді, барлық ескерткіштерге қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары әзірленді.

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерді теңгерімге алу мақсатында қалалық қаржы бөлімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының аясында тиісті пайдаланушы мекемелердің теңгеріміне берілді. Бүгінде тарихи ескерткіштерге қорғау міндеттемелері толтырылды.

Ғимараттар саны – 19, ескерткіштер – 37 және 29 бюсттер бар.

Қала көлеміндегі ескерткіштерді сақтау және пайдалану бағытында бірқатар шаралар жүргізіліп келеді, барлық ескерткіштерге қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары әзірленді.

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерді теңгерімге алу мақсатында қалалық қаржы бөлімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының аясында тиісті пайдаланушы мекемелердің теңгеріміне берілді. Бүгінде тарихи ескерткіштерге қорғау міндеттемелері толтырылды.

Мәдени көпшілік-шаралар бойынша

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және бөлімге қарасты мекемелерде 2025 жылы барлығы 1829 мәдени көпшілік іс-шара өткізіліп, оған 332 111 көрермен қамтылды.

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қала әкімі Н. Ахатовтың қала ардагерлеріне арналған салтанатты шарасы

2 қазан күні сағат 13.00-де «Golden Palase» мейрамханасында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қала әкімі Н.Ахатовтың қала ардагерлеріне арналған салтанатты шарасы болып өтті. Шаһар басшысы Нұржан Ахатов ел ағалары мен ақ жаулықты аналарды мерейлі мерекемен құттықтап, облыс әкімінің ізгі лебізін жеткізді. «Өңіріміздің өрістеп, көшіміздің өрге басып, өркен жаюы жолындағы әрқайсыларыңыздың ерен еңбектеріңіз ел жадында. Бүгінгі жарқын жетістіктеріміз Сіздердің тыным таппай, тыныс алмай атқарған жұмыстарыңыздың жемісі. Сіздердің ел болашағы үшін атқарған бар игі істеріңізге алғыс білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!»,- деді Нұржан Сәбитұлы.

Кештің сәнін А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Сыр сандуғаштары» вокалды тобының бүлдіршіндерінің ата-әжелеріне орындаған жыр шумақтары аша түсті. Балалардың шынайы әрі әсерлі орындауындағы жыр шумақтары көрермендердің жүрегіне жетіп, қошеметке бөленді. Сонымен бірге қала өнерпаздары әсем әндерден шашу шашып, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Сыр сазгерлерінің сазды сәлемі» атты мерекелік концерті

6 қазан күні «Сыр сазгерлерінің сазды сәлемі» атты мерекелік концерті болып өтті. Ғасырлық белес – тек өткенді еске алу емес, бұл – мәңгілік ел мұратын жалғайтын маңызды кезең. Сол бір тарихи сәттің рухын бүгінгі ұрпаққа сезіндіріп, сүйікті шаһарымыздың тағылымды өткені мен заман көшімен бірге самғаған бүгінгі жетістіктерін саз тілімен сөйлететін Сыр сазгерлері – тарихтың тірі шежіресі.

Олардың әрбір әуені – туған жерге деген махаббаттың үні. Олардың әрбір әні – Сыр елінің жүрек лүпілі. А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде өнерге өмірін арнап, халық жүрегінен орын алған сол қайталанбас дарындар сазды сәлем жолдап, жүрек түкпіріндегі көркем өнермен, нәзік сезіммен, сырлы сағыныштарымен бөлісті.

Атап айтар болсақ, Алашқа белгілі композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі Рамазан Тайманов бастамашы болған шараға Ермекбай Әдікенов, Гүләйім Жотаева, Талғат Нағашыбаев, Ғайния Дауылбаева, Ләйлә Сүйінбаева, Бақытбек Махамбет, Сәбит Ұлықпанұлы, Индира Елубаева, Үкітай Ерниязов сынды танымал композиторлар қатысып, әндері шырқалды. Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына арналған шаралар легі әлі де толастамақ емес.

320 пәтерлік 4 тұрғын үйдің пәтер иелеріне кілт табыстау рәсімінің мәліметі 8 қазан күні Қызылорданың Қазақ елі астанасы болғанына және «Қазақ» атауының қайтарылғанына 100 жыл толу мерейтойы аясында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 320 пәтерлік 4 көпқабатты тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Кейінгі жылдары ерекше қарқынмен дамыған сол жағалау сәулетті тұрғын үйлермен толыға түсті. Салтанатты рәсімге зиялы қауым өкілдері, ел ағалары, қала тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев тұрғын үй құрылысы саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, жаңа қоныс иелерін құттықтады. Бүгін – мемлекет қолдауымен баспаналы болған әр отбасы үшін ерекше қуанышты күн! Жаңа баспаналарыңыздың іргетасы берік, қабырғасы мығым, әр отбасының шаңырағы татулық пен берекеге толы болғай!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы. Іс-шарада жаңа тұрғын үйді салған құрылысшыларға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталып, Жалағаш ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Өмірбек Шәменов құттықтау сөз сөйледі. Қатысқан адам саны -500

«МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕҢМЕН, ҚЫЗЫЛОРДА!» АТТЫ ГАЛА-КОНЦЕРТ

17 қазан күні сол жағалаудағы «Қайсар арена» стадионында Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына және Қала күніне арналған «Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда» атты гала-концерт өтті. Оған Абай облысының әкімі Берік Уәли, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның Еңбек Ерлері, ғалымдар, өнер майталмандары, республиканың барлық өңірінен келген облыстық мәслихат төрағалары арнайы қатысты.Мереке бастауындағы астананы Орынбордан Ақмешітке көшіру және Киргиз АКСР-ның Қазақ АКСР деп өзгертілуі, қалаға Қызылорда атауының берілуі, Ақмешітке қарай бағыт алған «Қызыл паравоз», Алаш арыстарының бейнелері, тарих желісінен сабақталған көріністер сол дәуірді көпшіліктің көз алдына әкелгендей әсер қалдырды. Одан кейін экрандағы көріністер жаңарған, жаңғырған Қызылорданың бүгінгі жасампаз келбетіне ауысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады. «Бір ғасыр бұрын Қазақ Республикасының алғашқы астанасы болған Қызылордада мемлекеттігіміздің негізі қаланды. Сол кезеңде қаламыз еліміздің саяси, мәдени-рухани орталығына айналды. Ұлттық өнер мен ғылымның, білім мен баспасөздің алтын қазығы осында қағылды. Шежірелі шаһарымыздың елдік асыл мұраты, жасампаз жолы қалыптасты. Ұлтымызға «қазақ» атауын қайтарып, азат ел болуды аңсаған асқақ арман орындалды. Тілегі мен мақсаты ортақ Алаш арыстары ұлт мүддесі үшін тәуелсіз ел болуға бірікті. «Отан – елдің анасы, Ел – ердің анасы! Сыр – Алаштың анасы!». Жүз жылда бірнеше кезеңді басынан өткерген Қызылорда бүгінгі күні Президентіміздің ерекше қолдауымен сәулетті де әсем қалаға айналып келеді. Сыр өңірі жасарып-жаңарып, өсіп-өркендеуде. Соңғы үш жылда аймақ экономикасына 1 триллион 600 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды. Облыс бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Бұл қаражат аймағымыздың ең өзекті деген мәселелерін шешуге, тұрғындарымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталды. Ең ғажап қала – ол адамның бақытты болған жері. Баршамызды бақыт құшағына алған Қызылорда – біздің мақтанышымыз. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Мереке құтты болсын, қадірлі жерлестер!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы. Гала концертте эстрада әншілері Ж. Ысқақова, Г. Оразымбетова, М. Сәдуақасова, Ж. Төлебай «Біздің Қызылорда» әнін шырқады. Сондай-ақ, К. Әлімжан, Т. Төрәлі, О. Нұралиев, тағы басқа өнерпаздар көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сахна сәні, би қойылымдары мен бейнероликтер, арнайы дайындалған тақырыптық дрон шоу Қала күнінің мазмұнын байыта түсті. Салтанатты шараның шарықтау шегінде мереке аспанын мың бояулы отшашулар жарқыратты.

«19 қазан - Құтқарушылар күніне» және «Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл» толу кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара

«19 қазан – Құтқарушылар күніне» және «Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл» толу кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Аталмыш шараға Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Д. Жаналинов, облыстық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, облыс аумағында орналасқан ҚР ТЖМ құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Салтанатты шарада төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстарға үлес қосқан азаматтар және салада жемісті еңбек етіп жүрген үздіктер мен ардагерлер Қызылорда облысының құрмет грамотасымен, облыс әкімінің алғыс хатымен және ведомстволық наградалармен марапатталды.

«АЛТЫН КҮЗ – 2025» ҰЛТТЫҚ АТ БӘЙГЕСІ

18 қазан қалалық ипподромда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына орай және Қала күні аясында «Алтын күз – 2025» ұлттық ат бәйгесі өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Сыр еліндегі дүбірлі додада еліміздің әр аймағынан келген 70-ке жуық шабандоз бақ сынап, жеңімпаздар анықталды. Атап айтсақ, 5 шақырымдық тай жарыста І орынды Жамбыл облысынан Нұрислам Амангелді, ІІ орынды Шиелі ауданынан Төрехан Бейбарыс, ІІІ орынды Жамбыл облысынан Әбіқадыр Санжар жеңіп алды. 11 шақырымдық құнан бәйгеде І орынды Сырдария ауданынан Абдулашим Рамазан, ІІ орынды Шиелі ауданынан Рамазан Нұрлыбекұлы, ІІІ орынды Жалағаш ауданынан Рауан Нартайұлы иеленді. 15 шақырымдық тоқ бәйгеде І орын Жамбыл облысынан келген Нұрасыл Танатқа, ІІ орын Алматы облысынан келген Болат Әбдікәрімге, ІІІ орын жаңақорғандық Төрехан Сұлтанға бұйырды. 25 шақырымдық аламан бәйгенің І орны Ұлытау облысынан Болат Әбдікәрімге, ІІ орны Жамбыл облысынан Орынбасар Нұрымға, ІІІ орны Жамбыл облысынан Мақсат Нұржігітке табысталды. Жүлделі орын иелеріне ақшалай сертификаттар берілді.

«БАҚ-ЫРЫСТЫҢ АРНАСЫ – ҚЫЗЫЛОРДАМ!» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

18 қазан күні «Қала күні» мерекесі аясында жаңадан ашылған «Syr-Darya» коммуналдық базар маңында Қызылорда қаласы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Сыр өңірінің брендіне айналған ақ күріші, балығы мен еті, қауыны мен қарбызы, жеміс-жидектері мен көкөністері, бақша дақылдары, ұлттық сусындары жеткізілді. Ала жаздай ризық-несібесін жерден терген Сыр диқандарының ауыл шаруашылығы өнімдері халыққа нарық бағасынан төмен бағада ұсынылды. Жәрмеңкеде қызылордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова және Сыр елі өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Жәрмеңкеде спорттық ойындар - гір тасын көтеру, арқан тартыс, қол күрес ұйымдастырылса, үй жануарларынан зообақ орналастырылып, аймағымыздың ауыл шаруашылық саласының дамуына үлес қосқан озаттар қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Бұдан бөлек, «Үздік аула» байқауының жеңімпаздары мен тазалық қызметкерлеріне қаржылай сыйақылар табыс етіледі. Сонымен қатар, жәрмеңке өтетін аумақта ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі, фотоаймақ, балаларға арналған ойнау алаңдары орналастырылды.

 «ЧЕМПИОНМЕН БІРГЕ ЖҮГІР» МАРАФОНЫ

24 қазан күні Ұлттық мереке – Республика күніне орай Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуы және «Қала күні» мерекесіне арналған «Чемпионмен бірге жүгір» атты жеңіл атлетикалық кіші марафоны өтті. Марафонға қатысушыларды қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абизов айтулы мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.Марафонды бокстан Əлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен қола жүлдегер Тұрсынбай Құлахмет бастап, іс-шараға ерекше серпін берді. «Эдельвейс» жағажайынан «Болашақ» университеті ғимаратына дейінгі аралықты қамтыған жеңіл атлетикалық кіші марафонына 100-ге жуық марафоншы қатысып, 5 шақырымдық қашықтықты бағындырды. Барлық қатысушыларға арнайы әзірленген медальдар табысталды. Айта кету керек, марафонға қатысушылардың ең үлкені – 50+ жас болса, ал ең кішісі 15 жаста.

«Қала күні» мерекесіне орай қазақ күресінен 2009-2010 жж кіші жасөспірімдер арасында «БАЛА БАРЫС-2025» қалалық ашық біріншілігі Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуы және Қала күні мерекесі аясында бүгін «Бала барыс-2025» байрақты бәсекесі басталды. 2010-2011 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы "Бала барыс - 2025" қалалық ашық біріншілігінің ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абизов арнайы қатысып, боз кілемде сынға түсетін сайыпқыран жас палуандарға сәттілік тіледі. Дәстүрлі дода биыл 4-ші мәрте өткізілуде. Турнирге облысымыздың аудандарынан және қаладан күштеріне әдістері сай, ақыл мен айлаға бай мықты 30 жасөспірім жиналып отыр. Жас спортшылардың арасынан мықты палуан 2025 жылғы «Бала барыс» атағын иеленетін болады. Қазан айының 7 жұлдызында сағат 11.00-де Белкөл кентінің клубы мен "Ашық" университетінің өнерпаздары Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуы мен «Қала күні» мерекесіне орай «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы-Қызылордам» атты қала тұрғындарына арнап Шұғыла мөлтек ауданы "Бұқарбай" батыр ескерткіші алдында мерекелік  концерттік бағдарламасын ұсынды. Шараны кент әкімі Сәду Жасұлан Хабидуллаұлы ашып қала тұрғындарын  мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады. Мерекелік шарада «Сыр елі», «Туған жер», «Қызылордам», «Атамекен» әндері шырқалып , көңілді билер көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қамтылған адам саны – 550.

А.Тоқмағамбетов  МҮ

2025 жылдың 5 қараша күні сағат 16.00-де А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Еңбек мерейі – ел құрметі» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Түрлі сала қызметкерлерін марапаттау салтанатына арналған  шараға қала әкімі Нұржан Ахатов, қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев қатысты.

Кеште шаһар басшысы Нұржан Сәбитұлы  Мемлекет басшысының Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапарындағы іс-шараларды ұйымдастыруға және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді атсалысқан азаматтарға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың алғысын жеткізді.

Салтанатты кеште түрлі салада еселі еңбек етіп жүрген, Мемлекет басшысының жұмыс сапарындағы іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан және республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасында белсенділік көрсеткен майталман мамандарды марапаттап, құрмет төріне шығарды.

Дайындалған концерттік бағдарламада әннен шашу шашылып, көптің көңілі көтерілді.

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы бойынша Қызылорда - еліміздегі ең таза қалалардың көшін бастады. Дәстүрге берік, үлгісі озық қызылордалықтар жасампаз ісімен жарқын жолынан жаңылмайды. Қатысқан адам саны-300

2025 жылдың 12 қарашасында ауышаруашылық ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері, еңбек ардагері Әбдіғаппар Әмірғалиевті ақтық сапарға шығарып салуға арналған митингісі болып өтті. 77 жасқа қараған шағында жалған дүниемен қоштасқан  еңбек ардагерін, жерлестері мен ет жақын бауырлары ақтық сапарға шығарып салдыҚаралы жиынға облыс әкімінің орынбасары З. Шермағамбет, қала әкімі Н. Ахатов пен қоғам қайраткерлері,  Әбдіғаппар Әмірғалиевтің туған-туыстары қатысты.

Жиналған жұрт қоғам қайраткерінің саналы ғұмырында ел дамуына қосқан үлесін, қайраткерлік қыры, кәсіби білігі, азаматтық келбетін еске алып, жақын-жуығына көңіл айтты. 

Әмірғалиев Әбдіғаппар Әбдіғалиұлы 1948 жылдың 20 желтоқсанында Қызылорда облысы, Сырдария ауданының Аманкелді ауылында дүниеге келді. 1991-1996 жылдары облыс әкімінің орынбасары, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болған. Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты. Стандартизация-метерология мекемесінің басшысы қызметін атқарып, 2013 жылы «Құрмет» орденімен, көптеген наградалармен, Алғыс хаттармен марапатталды. Сырдария ауданының «Құрметті» азаматы.  Әбдіғаппар Әбдіғалиұлы мемлекет пен қоғам алдындағы өзінің азаматтығын жіті сезініп, өзінен кейінгі жастарды еңбекке баулып, қай қызметте болмасын, сала мамандарын тәрбиелеуге өз үлесін қосып, туған елі үшін аянбай тер төккен азамат. Қатысқан адамсан-100

Ағымдағы жылдың 13 қарашасы күні сағат 11.30-да А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс» атты Қызылорда қаласында орналасқан жоғары және арнаулы оқу орындарының мамандары мен жоғары сынып оқушылары арасында кездесу болып өтті. Шараның басты мақсаты: қаламызда орналасқан оқу орындары және ондағы мамандықтардың қыр-сырын жан-жақты түсіндіру, жоғары сынып оқушыларына дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз кәсіби маман болу идеясын насихаттау, адал әрі табанды еңбегімен табысқа жетіп, құрметті, сыйлы болуға тәрбиелеу, болашақта мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру. Шараға арнайы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің рекрутинг бөлімі және мансап орталығының әдіскері Арыстанбек Абай Русланұлы, Болашақ университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ескуниева Маржан Ерғанатқызы, М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқу өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Оразымбетова Жадыра Орманқызы, Қызылорда медициналық жоғары колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдраймова Сыргүлі Тұтқабайқызы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі, мансап және кәсіби бағдар беру орталығының жетекшісі Нұрпейісова Алия Алиакбарқызы, халықаралық Орда жоғары колледжінің директорының кәсіптік оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары Бекенова Айнұр Ерталапқызы, М. Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Берістемова Ақшолпан Әмірбекқызы арнайы келіп, слайдтармен және сапалы бейнематериалдар арқылы қаламызда орналасқан мектептердің жоғары сынып оқушыларына оқу орны, ондағы мамандықтардың қыр-сырын кеңінен насихаттап, таныстырды. Шараға қатысқан мектеп оқушылары қажетті сұрақтарын қойып, мамандардан мардымды жауап алды. Келген қонақтарға ұйымдастырушылар атынан арнайы сый-сияпаттар табысталды.Қатысқан адам саны -210.

Үстіміздегі жылдың 14 қараша күні сағат 10.00-де «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де, қалалық мәдениет Үйінің өнерпаздарының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – жылы жүректен» атты концерттік бағдарламасы өтті. Шара барысында ән, би, дәстүрлі өнер және авторлық шығармалар орындалып, көрермендер жылы ықыластарын білдірді. Қамтылған адам саны : 100

2025 жылдың 14 қараша күні сағат 11:00-де А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде мектеп оқушыларына «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасының «KINO TIME» бағыты бойынша режиссер Батырхан Дәуренбековтың «Қазақ елі» мультфильмі балалар назарына ұсынылды. Мультфильмде Керей мен Жәнібек хандардың қазақ халқының дербес мемлекет құру жолындағы ерлігі баяндалып, қазақ батырларының бірлігі, елін қорғаудағы ерлігі, қазақ хандығының құрылу кезеңі көркем түрде көрсетіледі. Мульфильмнің мақсаты балалар мен жасөспірімдерге қазақ халқының тарихын қызықты әрі көркем түрде жеткізу. Көрермен саны-300

2025 жылдың 17 қарашасы күні Ұлы Отан соғысының батырлары ағайынды Әбілдаевтар атындағы көшенің ашылу салтанаты болып өтті. Әбілдаев Хайдар атамыз 1909 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Қарарын ауылында «1 май балық колхозында» дүниеге келген.

1927 жылы әскери борышын өтеген соң 1932 жылы Күлназия әжемізбен отбасын құрып, екі ұл мен бес қыз тәрбиелеген. 1941 жылға дейін балықшы колхозында жұмыс істеп, кемеде моторист болған атамыз 1941 жылы Ұлы Отан  соғысына аттанған.

1942 жылы Калининград қаласын қорғауға қатысқан. Жалпы соғыс кезінде үш рет жарақат алып, көз жанарынан айырылған. Сол жылдары «Молотов» госпиталінде емделген.

Кескілескен ұрыс барысында ауыр жарақаттанып, бас жарақаты жазылмағаннан кейін 1 топ мүгедектер қатарында туған жеріне оралған.

Әбілдаев Кенжебек атамыз туралы қысқаша тоқталып өтсек. 1919 жылы дүниеге келген атамыз 1939 жылдың қазан айында Тереңөзек аудандық әскери бөлімінен Қызыл әскер қатарына шақырылған.

Одан әрі Ұлы отан соғысына аттанып, 266 дивизияның 1006 атқыштар полкінде әскери қызметін атқарған. Курск, Харьков, Славянск, Запарожье, Кишинев қалаларын азат етуге қатысқан.

Туған елі батыр ұлдарының еңбегін ескерусіз қалдырмады, қала орталығындағы көшелердің біріне ағайынды Әбілдаевтардың есімі беріліп, елімен қайта қауышты. Жаужүрек жауынгердің ерлікке толы өмір жолы ұрпақтары жадында  жаңғыра береді.

Қос ардагердің балалары туысқандары атынан сөз сөйлеп, әкелерінің өнегелі өмір жолынан естеліктер айтты. Салтанатты шара одан әрі соғыс ардагерлері Әбілдаевтардың ескерткіш тақтасы мен көшенің лентасын қию рәсіміне жалғасты. Қатысқан адам саны-100

Үстіміздегі жылдың 18 қараша күні сағат 16.00-де А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде «Күзгі бал – 2025» атты студенттер арасында қалалық байқауы өтті. «Күзгі бал -2025» атты арнаулы орта оқу орындары арасындағы қалалық байқауды ашып беру үшін сөз «Қалалық мәдениет Үйі, клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК директоры Э. Қанатбаева берілді. Байқаудың қазылар алқасы Қойшығұлова Ақмарал Мұсағалиқызы – педагог-хореограф, ҚР мәдениет саласы үздігі төсбелгісі иегері, «Aqmaral» би студиясы мен «Арайлы» би тобының жетекшісі қазылар алқасының төрайымы, Нұртаза Мейрамбек Қалдыбайұлы Кәсіпорын директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары, Тасымбетова Эльвира Мұрзатайқызы – Қазанғап атындағы жоғарғы колледжінің мұғәлімі, концертмейстер.

Байқауға 7 жұп қатысты. Байқау 3 кезеңнен тұрды. І кезең – «Таныстыру», ІІ кезең – «Күз көркі – сән мен салтанат», ІІІ кезең – «Өнер сайысы» бойынша жұптар өз өнерлерін көрсетті. «Ең үздік сән үлгісі» бойынша номенациямен марапталған Русланұлы Ерқанат, Меңдібек Зинат. «Көрермен көзайымы» номенациясымен Жәлел Азамат, Бигелдиева Қымбат марапаталды. «Өнерлі жұп» номенациясымен Болатбек Нұрдәулет, Аллияр Салтанат марапаталды. Жүлделі 3-орын Бұхарбай Диасхан, Айтуарова Айымжан иеленді. Жүлделі 2-орынды иленген Мұратұлы Азиз, Әбілхан Аруна. 1-орын Өмірсерік Дархан, Досхожаева Алина иелнді. Бас жүлде Орда жоғары колледжінің студенттері Алтынбек Алихан, Бақытбек Ақзере марапатталды.  Қатысқан адам саны – 300.

Ағымдағы жылдың 19 қарашасы күні Жыраулар үйінде жастарды кітап оқуға қызықтыра отырып, қазақи қоңыр әңгіме айтуға қалыптастыру, бай сөздік қорымыз бен әдебиетіміздің негізінде көркем сөйлеуге үйрету мақсатында ұйымдастырылған «Рухани болмысты жаңғырту – ұрпақ ұлағаты» атты облыстық ділмар-шешендер байқауы болып өтті.

«Қалалық мәдениет үйі, клубтар және халықтық ұжымдар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры Қанатбаева Эльмира Қожасқызы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға облыс аумағынан әдебиетке құштар 14 оқырман қатысып, өз өнерін ортаға салды. Талапкерлерге белгілі ақын, А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Қауырсын» жас ақындар үйірмесінің жетекшісі, ділмар-шешендер жобасының авторы Байдәулетов Мамыр Бәйментайұлы, Қызылорда облыстық филармония басшысының орынбасары, «Мәдениет саласының үздігі», жыршы Бүрлібаев Амандық Қуандықұлы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» Таңрақбаев Жүзбай Ибрагимұлы қазылық етті.

Шарт бойынша, қатысушылар қазақтың халық жазушысы М. Шахановтың «Қыран тағдыры», аудармашы Т. Ізтілеуовтің «Мәрді дихан», Заммаддин Ибадуллаевтың «Софы Алдияр» дастандарының бірін баяндады.

 Байқау нәтижесінде бас жүлдені Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылы № 191 орта мектептің оқушысы Темірбай Айтолқын, 1-орынды Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылынан Қартанбай Мақсұт, 2-орынды Арал ауданы Қамыстыбас ауылынан Ерсұлтан Гүлжауһар, 3-орынды Қызылорда қаласы Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің оқушысы Шамгун Бекзада мен Қармақшы ауданынан келген Сәбитова Алтынай иеленді.

«Маржан сөз, қоңыр үн» номинациясын Қызылорда қаласы № 6 қазақ орта мектебінің оқушысы Нұрлыбекқызы Ақмерей иеленсе, «Талаптың мініп тұлпарын» номинациясын Қызылорда қаласы №9 мектеп-гимназиясының оқушысы Табынбай Сезім иеленді. Қатысушы талапкерлер арнайы диплом, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.  Қатысқан адам саны – 100.

21 қараша күні қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Сыр өңірінің талантты ақын қызы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Таңсәрі», «Сезім – серуен», «Қыр гүлі» жыр жинақтарының авторы Ғазиза Әбілданың 50 жас мерейтойына арналған «Сезім мен сырдың самалы» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш шымылдығы студент жастардың орындауында ақынның «Сейхунмен сырласу» толғауымен ашылды. 

Шараның ашылу салтанатында Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов және «Қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК директоры Эльмира Қанатбаева сөз сөйлеп, Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатовтың құттықтау хатын табыстады. Әріптестері де құттықтау лебіздерін жеткізіп, сый-құрмет көрсетті. Әдеби кеш барысында ақынның жүрек тебірентер жырлары оқылып, сөзіне жазылған әндер шырқалды. 

Шара соңында мерейтой иесі Ғазиза Әбілда кеш қонақтарына алғысын білдіріп, оқырмандарына қолтаңба берді. Поэзия мен руханиятқа арналған тағылымды кеш көрерменге ерекше әсер сыйлады. Қамтылған адам саны: 260

2025 жылдың 21 қараша күні сағат 11.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Ғани Тәңірбергенұлының 60 жас мерейтойына арналған мерекелік шара болып өтті. Ғани Тәңірбергенұлының мәдениет саласына сіңірген еңбегін, атқарған жұмысын атап өткен кәсіпорын басшысы               Э. Қожасқызы оның кәсіби шеберлігі мен қызметтегі жауапкершілігіне алғыс білдіріп, салаға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

«Сіздер сияқты аға буын өкілдері біз үшін үлкен өмір мектебі. Сіздердің өз ісіне адалдықтарыңыз, еңбекке деген шынайы көзқарастарыңыз әрдайым жастар үшін үлгі болып қала береді», - деп құттықтауын жеткізіп, бөлім басшысының құттықтау хатын табыстап, халқымыздың көне дәстүрімен шапан кигізді. Шара соңында Ғани Тәңірбергенұлы, шараны ұйымдастырушыларға өз алғысын жеткізді. Қатысқан адам саны-50

Ағымдағы жылдың 26 қарашасы күні сағат 11.00-де «Qosyl» қалалық  жастар ресурстық орталығында «Жасанды интеллект – жаһан дамуының мүмкіндігі» атты жасанды инетеллект институтының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Құлмырзаев Нұрлан Серікұлымен кездесу болып өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда цифрлық мемлекет құру Қазақстанның келешегін айқындайтын стратегиялық таңдау екенін айттым. Үш жылдың ішінде цифрлық басқару форматына толық өту міндеті қойылды. Бұл мемлекеттің азаматтармен және бизнеспен өзара қарым-қатынасын түбегейлі өзгертеді. Осы мақсатта Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Жаңа ведомство цифрландырудың және тұрмыстың барлық саласына жасанды интеллектіні енгізудің басты локомотиві болады, -деп атап өткен болатын.

Жасанды интеллект институтының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, облыс әкімдігінің «Жас ғалым» степендиясының иегері Құлмырзаев Нұрлан Серікұлы арнайы шақыртылып, Жасанды интеллект жайлы, оның шығу тарихы, Қорқыт ата атындағы жергілікті университеттің оқытушы құрамы оңтүстік кореялық әріптестерімен бірге озық ойлы бағдарламашыларды даярлауға мақсатында Қызылордада ел аумағындағы алғашқы ашылған жасанды интеллект институтының мақсаты, мүмкіндіктері, жасанды интеллекттің артықшылығы, пайдасы, адамзат үшін оның қаупі, еңбек нарығына әсері жайында толық мағлұмат берді.

Колледж студенттері мен қалаға қарасты мәдениет үйлері мен клубтарының мамандары Нұрлан Серікұлына сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды. Қатысқан адам саны – 55

2025 жылдың 26 қарашасы күні А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған, 30 жылдан астам тарихы бар “Мереке-думан” халықтық әзіл-сықақ отауы кезекті жылдық есеп беру концертін жоғары деңгейде өткізді. Ұжымның өнер кеші күлкі мен шаттыққа толы болып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сахна төрінде осы жыл ішінде дайындалған жаңа интермедиялар ұсынылып, «Мереке-думан» актерлары өздерінің шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Әзіл мен ойды сабақтастырған қойылымдар көрерменнің ықыласына бөленіп, қошеметке ие болды.

Сонымен қатар қала өнерпаздары сахнаны әсем әнмен әрлеп, концерттің көркін қыздырды. Өзіндік мәнерімен ерекшеленген әншілердің орындауындағы халықтық және заманауи туындылар жұртшылықтың жүрегінен орын тапты.

«Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауының жылдық есеп беру концерті қалалық мәдени өмірдің жарқын сәттерінің біріне айналып, көпшілік қауымға қуаныш сыйлаған әсерлі шара болды. Ұжымның шығармашылық ізденісі мен кәсіби деңгейі тағы да айқын көрініс тапты. Көрермен саны-200

2025 жылдың 28 қараша күні А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Ұлағат” ата-әжелер ансамблінің мүшелері Дастан Тұрсынбаев пен Балмекен Нұрділдаеваның отау құрғанына 50 жыл толуына арналған «Сезімнен басталған сапар – 50 жылдық саналы ғұмыр» атты Алтын той мерекелік шарасы болып өтті.

Шараға мәдениет саласының қызметкерлері мен қонақтар қатысып, қымбатты қос ардагерге құрмет білдірді. Салтанатты кеш барысында кәсіпорын директоры Э. Қожасқызы жүрекжарды құттықтау сөз сөйлеп, ерлі-зайыптының өнегелі ғұмыр жолын атап өтіп, қала әкімінің арнайы құттықтау хатын табыстады. Бұл сый — мерейтой иелеріне көрсетілген ыстық ықыластың, қоғамдық еңбектеріне деген құрметтің белгісі болды.

Кештің мәнін арттыра түскен «Ұлағат» ата-әжелер ансамблінің мүшелері орындаған әсем әндер көпшіліктің көңілін көтеріп, жиналған жұртшылыққа ерекше әсер сыйлады. Әжелердің шырқалған әндері кешті жылылыққа бөлеп, ардагерлердің өнерін, ұйымшылдық пен татулықтың үлгісін паш етті.

Алтын той — Дастан аға мен Балмекен апайдың бір-біріне деген адалдығы мен сыйластығының, 50 жылдық берекелі отбасының символына айналған қуанышты сәт ретінде есте қалды. Шара соңында жиналғандар мерейтой иелеріне ақ тілектерін білдіріп, естелік суреттерге түсіп, тағылымды кештен тамаша әсермен тарқасты. Көрермен саны – 250.

«3 желтоқсан Халықаралық мүгедектер күніне» орай өткізілетін мерекелік салтанатты шараның мәліметі

Үстіміздегі жылдың 3 желтоқсан күні сағат 11.00-де А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде «3 желтоқсан Халықаралық мүгедектер күніне» орай өткізілетін мерекелік салтанатты шарасы өтті.

1981 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы мүгедектердің құқықтарын қолдау қажеттілігіне назар аудару үшін Халықаралық мүгедектер жылын атап өтті.

А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде 3 желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күніне арналған салтанатты шара өткізілді. Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Д. Жаналинов қатысып, облыстың барлық аудандары мен Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан келген қатысушыларға өз ықыласы мен тілегін білдірді.

Сонымен қатар, 2025 жыл көлемінде жетістікке жеткен түрлі саладағы мүгедектігі бар адамдарды номинациялармен марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады. Қатысқан адам саны: 300.

6 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Прокуратура күніне арналған футзалдан облыстық турнирдің мәліметі

2025 жылдың 6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Прокуратура күніне орай футзалдан облыстық турнир өтті. Спорттық шараның мақсаты – құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және мерекенің маңызын айшықтау болды.

Турнирдің ашылу салтанатында облыс прокурорының бірінші орынбасары Төлегенов Ислам Тынарбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде Прокуратура күні – заңдылық пен әділдікті қамтамасыз ету жолында қызмет атқаратын азаматтар үшін ерекше мереке екенін атап өтіп, спорттық жарыстардың ұжымдық рухты көтерудегі маңызына тоқталды.

Шараға облыстық және қалалық деңгейдегі бірқатар құқық қорғау құрылымдарының командалары қатысып, тартысты ойындар көрсетті. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жарыс нәтижесінде үздік ойын көрсеткен командалар мен спортшылар арнайы дипломдар және марапаттармен қошеметтелді.

Бұл турнир өңірдегі спорттық бастамалардың дамуына серпін беріп, Прокуратура күні аясындағы маңызды шаралардың бірі ретінде өз деңгейінде аталып өтті. Көрермен саны-300.

Қызылорда қаласы әкімінің жүлдесіне арналған футзалдан қалалық ашық турнирдің мәліметі

2025 жылдың 7 желтоқсаны күні «Евразия» спорт кешенінде футзалдан 6,7 желтоқсан күндері өткен қалалық ашық турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бір алаңда мыңдаған жанкүйердің басын қосты.

Биылғы дода "Евразия"  мен №2 ОРМБЖМ спорт кешендерінде өткізіліп, жарысқа қала және өңір командалары арасынан 18 команда, жалпы саны 500 спортшы қатысты. Командалар бірнеше күн бойы үздік атану жолында өз өнерлері мен шеберліктерін көрсетіп, нағыз тартысты ойындарымен ерекшеленді.

Турнирдің жалпы жүлде қоры — 1 500 000 теңге. Үздік нәтиже көрсеткен командалар төмендегі жүлделерге ие болды:

1-орын — "ORDA-S" командасы - 700 000 теңге;

2-орын — "КГЭК" командасы - 400 000 теңге;

3-орын — "Қожамберді" командасы - 200 000 теңге;

4-орын — "Сырдария" командасы - 70 000 теңге.

Сонымен қатар, турнир барысында ерекше ойын өрнегімен жанкүйерлерді тәнті еткен үздік ойыншылар арнайы қаржылай сыйақылармен марапатталды. Көрермен саны-500.

Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында өтетін «Діни экстремизм, терроризм – әлемге төнген қауіп» атты мәдениет қызметкерлерінің сала мамандарымен кездесу кешінің мәліметі

9 желтоқсан күні А. Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Діни экстремизм, терроризм – әлемге төнген қауіп» атты тақырыпта сала мамандарының қатысуымен үлкен кездесу кеші өтті. Іс-шараға Қызылорда қалалық мәдениет үйіне қарасты мәдениет үйлері мен ауылдық клубтардың қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы бөлімінің қызметкері Марат Алмаз Әмірұлы, Қызылорда облысының дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің психологы Қаржаубай Мадияр, сондай-ақ осы орталықтың теолог маманы Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлы өз салалары бойынша мазмұнды баяндамалар жасады. Спикерлер терроризм мен діни экстремизмнің пайда болу себептері, алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, толыққанды мәліметтер ұсынды. Қатысқан адам саны: 50.

«Адалдық пен зандылық қоғамның сенімді кепілі» атты форумның мәліметі

Үстіміздегі жылдың 9 желтоқсан күні сағат 11.00-де, А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде 9-шы желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аясында бір емес, бір-бірін толықтырып, қоғамдағы құқықтық мәдениетті көтеруге бағытталған бірнеше маңызды іс-шара өтті. Солардың бірі А. Тоқмағамбетов мәдениет үйінде өткен «Адалдық пен заңдылық: қоғамның сенімді кепілі» атты кең көлемді форум. Іс-шараның мақсаты – елдегі заң үстемдігін нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру.

Форумға қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абизов, ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мира Бейбітова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің комплаенс офицері Әлібек Жаппасбаев, сондай-ақ жастар ұйымдарының жетекшілері, БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Іс-шарада жыл бойы белсенді жұмыс жүргізген мамандар түрлі аталымдар бойынша марапатталды. Форумда айтылған ой-пікірлер мен ұсыныстар әділдік қағидаттарын нығайтуға, азаматтық белсенділікті арттыруға және жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған маңызды қадам болмақ. Қамтылған адам саны: 200 

«3 желтоқсан Халықаралық мүгедектер күніне» орай өткізілетін мерекелік салтанатты шараның мәліметі

2025 жылдың 8 желтоқсанында А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті. Іс-шара Қызылорда қаласы әкімдігінің қолдауымен “Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Мәдениет үйінің фойесінде облыс көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер туындыларынан көрме ұйымдастырылып, қонақтар ерекше шығармашылық жұмыстармен танысты.

Салтанатты шара «Арайлы» би студиясының әсерлі биімен ашылып, жиналған қауымды қала әкімінің орынбасары Абизов Ділмұхамед Мнуарбекұлы құттықтады.

Жыл бойы қоғамдық өмірге белсене араласып, мәдениет, спорт және шығармашылық салаларында жетістікке жеткен мүгедектігі бар азаматтар қала әкімінің арнайы номинацияларымен марапатталды. «Үздік үкіметтік емес ұйым», «Үздік қолөнерші», «Үздік спортшы», «Үздік белсенді», «Үздік өнерпаз» бағыттары бойынша 11 азаматтың еңбегі еленді.

Шарада қала өнерпаздары мен мүмкіндігі шектеулі жандар әсем әндер орындап, көңілді көтерер әсерлі кеш сыйлады.

Бұл күн – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға құрмет көрсету ғана емес, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, талантын қолдау, өмірге деген жігерін дәріптеу болып табылады. Қатысқан адам саны-250

Қызылорда қаласы әкімдігінің қызметкерлері арасында өткізілетін волейболдан қала әкімінің кубогының ашық турнирының мәліметі

2025 жылғы 13 желтоқсан күні Мұз айдынында Қызылорда қаласы әкімдігінің қызметкерлері арасында волейболдан қала әкімінің ашық турнирі өтті. Аталған спорттық шараны Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Абизов Ділмұхамед ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Турнирдің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Жарысқа қала әкімдігіне қарасты мекемелердің қызметкерлері қатысып, өзара тартысты ойын үлгісін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, ұйымдастырушылар тарапынан марапатталды. Көрермен саны-250

Желтоқсан құрбандарын еске алу күніне арналған митингінің мәліметі

2025 жылдың 16 желтоқсан күні Тағзым алаңында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алуға арналған митинг болып өтті.

Шараға Желтоқсан оқиғасының куәгерлері мен ардагерлері, қоғам қайраткерлері, әскери қызметшілер, жастар ұйымдарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Митингке қатысушылар ел азаттығы жолында жанын қиған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Шарада  Сыр өңірі жұртшылығы атынан ескерткішке гүл шоқтары қойылып, бақилық болған боздақтардың рухына облыстың бас имамы Құрманбаев Дастан Жанасұлы Құран бағыштады.

Шара соңында қатысушылар Желтоқсан қаһармандарының ерлігі – бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның берік негізі екендігін атап өтіп, ел бірлігі мен бейбітшілігінің мәңгі болуын тіледі. Көрермен саны-150

2026 жылды қарсы алу және аймақтың Бас шыршасын жағу рәсімінің мәліметі

Үстіміздегі жылдың 19 желтоқсан күні сағат 18.00-де Ы. Жахаев көшесінде аймақтың Бас шыршасын жағу рәсімі өтті. Кешке облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов Қызылордадағы арбат бойына орнатылған жаңажылдық шырша шамын жағу рәсіміне қатысып, Аймақ басшысы тұрғындарды алдағы Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Бірнеше күннен соң тарих қойнауына енетін 2025 жыл өңіріміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды. Қазан айында Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келіп, жаңадан салынған әлеуметтік,өндірістік нысандарға, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы қызмет көрсететін үшінші Президенттік кітапхана Қызылордада ашылатынын жеткізді. Бұл бастаманы жерлестеріміз зор қуанышпен қабылдады.

Мемлекет басшысының, Үкіметтің ерекше қолдауымен Қызылорда облысының экономикасын әртараптандыруға, тұрғындарымыздың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған серпінді жобалар жалғасын тапты. Аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты.Өткен 11 айдың қорытындысымен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілді.

Аймақ бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңге болып, 2021 жылдан бері 246 пайыз өсті. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды. Даму бюджетінің көлемі 2021 жылы 47 млрд. теңге болса, биыл 207 млрд. теңгеге жетіп, 4,4 есе артты.Бұл қаражат тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін баспанамен қамтуға, инфрақұрылымды қайта жаңғыртуға бағытталуда.Алдағы жылға да ауқымды жобаларымыз жетерлік. Енді аз күнде мәресіне жететін өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Алдымызда айқын міндет, анық жоспарымыз бар.

Еліміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!», – деді Н. Нәлібаев.

Жаңажылдық шырша шамын жағу құрметі облыс әкіміне және өнер, білім, спорт саласының үздіктеріне берілді. Мерекелік іс-шара көңілді концертке ұласып, жергілікті өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты.

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының жылды қорытындылауға арналған салтанатты шарасының мәліметі

2025 жылғы 20 желтоқсан, сағат 11.00 А. Тоқмағамбетов мәдениет үйінде Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының жылды қорытындылауға арналған салтанатты шарасы болып өтті.

Құрметті қонақтар орындарына отыру барысында ЛЭД экраннан арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Медицина саласының еселі еңбек еткен мамандарын облыс әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы құттықтап, бірқатар тәуелсіз еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосып жүрген аймағымыздағы бірқатар медицина саласының қызметкерлерін Қызылорда облысы әкімінің «Алғыс хатымен», Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Еңбек сіңірген қызметкер» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасымен», «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Құрмет грамотасымен марапаттады.

Денсаулық сақтау жүйесінің тірегі, күн сайын адамдардың өмірі мен саулығы үшін күресіп жүрген абзал жандардың құрметіне арналған қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды. Қатысқан адам саны – 300.

Қызылорда облыстық медициналық жедел-жәрдем стансасының 2025 жылды қорытындылауға арналған салтанатты шарасының мәліметі

24 желтоқсан күні А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының 2025 жылды қорытындылауға арналған салтанатты мәдени шарасы өтті.

Мерекелік жиынға сала ардагерлері, медицина қызметкерлері, құрметті қонақтар қатысты. Шара «Арайлы» би тобының орындауындағы «Құрбылар» биімен басталып, жаңа жылдық көтеріңкі көңіл-күйде өтті.

Салтанатты жиында Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Төлеген Бауыржан Төлегенұлы сөз сөйлеп, жыл бойы адам өмірін сақтауда аянбай еңбек еткен жедел жәрдем қызметкерлеріне алғыс білдіріп, 2025 жылдың негізгі жетістіктеріне тоқталды.

Шара барысында сала мамандары ҚР облыс әкімінің, Қызылорда қаласы әкімінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының, «AMANAT» партиясы, облыстық және қалалық мәслихат төрағаларының Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы жедел медициналық жәрдем қауымдастығының шешімімен бірқатар қызметкерлерге «Шұғыл көмек ардагері», «Үздік қызметкер» төсбелгілері табысталды.

Мерекелік кеш қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қатысқан адам саны-250

Қала әкімінің балаларға арнаған жаңа жылдық шыршасының мәліметі

2025 жылдың 26 желтоқсаны күні А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде қала әкімінің бүлдіршіндерге арналған Жаңа жылдық шыршасы өтті.  Ғажайып мереке «Сиқырлы Жаңа жыл» тақырыбында ұйымдастырылып, салтанат орны балақайлар үшін жаңалық пен жұмбаққа толы ертегілер мекеніне айналды. Іс-шараға білім, өнер, спортта зор жетістіктерге жеткен балалар қатысты. Жаңа жылдық шырша салтанаты арнайы әзірленген қойылымымен басталды. Қызықты кешке жиналған балалар жаңа жылдық шыршаның басты қонақтары – Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетіп, керемет сыйлықтарға ие болды.

Жаңа жыл мерекесі – балалар үшін ұмытылмас оқиға. Өйткені, олардың бақытты жүздерін, шынайы күлкілерін көруден артық ештеңе жоқ. Қуанышпен бөліскен қала әкімі Нұржан Ахатов балалармен бірге жаңажылдық шырша шамын жағып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

«Еліміздің жарқын болашағы да, ата-аналарыңның бақыты мен қуанышы да өздеріңсіздер. Сондықтан да, әрқашан ата-аналарыңызды қуантыңыздар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңыздар. Бүгінде жасампаз істердің барлығы Сіздердің келешектеріңіз үшін жасалуда. Келер жылда ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалсын», - деп балаларға сыйлықтар табыстады.

Шаттыққа толы шарада жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетіп, балауса балғындарды көтеріңкі көңіл-күйге бөледі. Қатысқан адам саны – 150.

Қызылорда қаласы әкімінің қатысуымен өтетін жылды қорытындылауға арналған салтанатты шараның мәліметі

Үстіміздегі жылдың 30 желтоқсан күні сағат 16.00-де А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде Қызылорда қаласы әкімінің қатысуымен өтетін жылды қорытындылауға арналған салтанатты шарасы өтті.

Қызылорда халқы үшін 2025 жыл табысты, берекелі жыл болды. Ең елеулісі - бас шаһардың астана болғанына 100 жыл толуы. Ұлттың ұлық қазақ атауының да қайтарылғанына ғасыр толды. Оның үстіне қоғамның барлық саласындағы даму мен өсім келер күнге деген үмітті еселей түсті.

Бүгін қала әкімі Нұржан Ахатов қорытынды салтанатты шарада жылдың елеулі оқиғалары мен жетістіктеріне тоқталып, қызылордалықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Санаулы сәттерден кейін төрімізге енетін Жылқы жылы құт әкелсін! Баршаға аян, әлемдегі ахуалдың күрделі болғанына қарамастан Жылан жылы мемлекетіміз үшін жемісті болды. Биыл еліміздегі соңғы уақыттарда қабылданған саяси реформалардың жүзеге асырылуымен есте қалды. Хан Абылай тағына мінген Көкше төрінде ұлт рухын көтерер Ұлттық құрылтайдың төртінші бас қосуы өтті. Алқалы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толуда. Осы ретте, Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын» деген болатын. Тағдыршешті мәселе көтерілетін Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысы Сырдың бас шаһарында белгіленіп отыр. Бұл біз үшін зор мәртебе, үлкен жауапкершілік! – деді Нұржан Сәбитұлы.

Ерекше атап өту қажет, аймақ басшысының қолдауымен соңғы жылдары қаланың барлық саласында оң динамика қалыптасып, өсім еселене түсті. Қала бюджеті жыл басында 73,1 млрд. теңгемен бекітілсе, бүгінде ол 154 млрд. 200 млн. теңгеге жетіп, екі есеге артты.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 357 млрд. 200 млн. теңгені құрап, 126,1 пайызды мөлшерледі. Құрылыс жұмыстарының көлемі 161 млрд. 100 млн. теңгені межелеп, 122,6 пайызға өсті. Облыс орталығы қарқынды құрылыс алаңына айналды. Сол жағалаудағы жаңа ғимараттар мен қаланың басқа да аумақтарындағы қайта жаңғыртудан өтіп жатқан нысандар шаһардың шырайын арттыра түсті.

Алдымызда айқын міндеттеріміз бен анық жоспарларымыз бар. Келер жылы қаланың, оған қарасты кенттер мен ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған 133 жоба әзірленуде. Бұл жобаларды қаржыландыру үшін республикалық және облыстық бюджеттерге 105 млрд. теңгенің өтінімі ұсынылуда. Әрбір әлеуетті іс әлеумет үшін жасалады. Біз халықтың игілігі мен жайлы тұрмыс-тіршілігі үшін ауқымды жобаларды жүзеге асыра береміз,- деді қала әкімі.

Салтанатты шарада еңбек адамдарына құрмет көрсетіліп, облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды. Жыл бойы өз саласында жоғары нәтижеге қол жеткізген әр саланың үздіктеріне арнайы номинациялар мен «Құрмет» грамотасы және қала әкімінің алғыс хаттары берілді. Мерекелік іс-шарада жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашып, кеш көрігін қыздырды.

Жаңа 2026 – Жылқы жылын қарсы алуға арналған мерекелік шараның мәліметі

 Үстіміздегі жылдың 31 желтоқсан күні сағат 19.00-де Ы. Жахаев көшесінде Жаңа 2026 – Жылқы жылын қарсы алуға арналған мерекелік шара өтті. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы бас шырша маңына жиналған жұртшылықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Оған құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, облыстық мәслихат төрағасы, депутаттар, қала әкімі, ардагерлер , зиялы қауым өкілдері қатысты. Аймақ басшысы тарих қойнауына кететін ескі жылдың ең маңызды оқиғалары туралы айтып, жаңа жылға жоспарланған бастамаларға тоқталды.

Мерекелік кеште қала тұрғындары мен  қонақтарына Аяз ата мен Ақшақардың, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен думанды бағдарлама ұсынылды. Жиналған көпшілікке эстрада әншісі Дана Кентай мен жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарлама тарту етті. Салтанатты іс-шара мерекелік отшашумен қорытындыланды.

2025 жылдың 8-9 қазан күндері, сағат 18:00-де қалалық Жастар театрында Елдос Тоқтарбайдың «Жас Алаш. Шындық шырағы» тарихи драмасын М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі және «Болашақ» жоғары медициналық колледжінің студенттері мен оқытушылары келіп тамашалады. Тағылымы мол тарихи туындыдан студенттер рухани ұлағат алды. Көрермен саны – 400

2025 жылдың 21 қазан күні, сағат 11:30-да қалалық Жастар театрында Т. Абылаев және О. Нұрмахановтың «Неге, жаным, шығарып сала алмадың?» лирикалық драмасын сахналады. Танымал қойылым А. Байтұрсынов атындағы №211 мектептің ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен өтті. Көрермен саны - 180

Ағымдағы жылдың 29 қазан күні, сағат 19:00-де М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясы  көрермен назарына ұсынды.  Қазақ қоғамындағы дәстүр мен салттың құрбаны болған ғашықтар оқиғасы талғампаз көрерменді тәнті етті. Көрермен саны – 200

2025 жыл қараша айында өткізілген іс-шаралар тізімі

2025 жылдың 10-11 қараша күндері сағат 16.00-де Қызылорда «Жастар театры» өз көрермендеріне Елдос Тоқтарбайдың «Жас алаш. Шындық шырағы» тарихи драмасын тарту етті. Аталмыш қойылымды Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі және Болашақ университетінің студенттері келіп тамашалады. Көрермен саны – 600

2025 жылдың 25 қараша күні, сағат 10.00-де театр труппасы Ұлан Болатбектің «Туған күн» музыкалық балалар қойылымын «Айсара Бөбек» балабақшасының бүлдіршіндеріне тарту етті. Қойылымның басты идеясы балаларды адал достық пен шынайылыққа, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болуға тәрбиелейді. Көрермен саны - 100

2025 жылдың 28 қараша күні, сағат 11:00, 15:00-де Әйгілі француз жазушысы А. Галланның «Аладдин» балалар ертегісін М. Қалауов атындағы оқушылар сарайында екі мәрте сахналанды. Қойылымның негізгі идеясы жастар мен жасөспірімдерді адалдық пен отан сүйгіштікке, мейірім мен шынайылыққа тәрбиелейді. Көрермен саны – 100

2025 жыл желтоқсан айында өткізілген іс-шаралар тізімі

2025 жылдың 11-12-24 желтоқсан күндері, сағат 17:30-да Елдос Тоқтарбайдың «Жас алаш. Шындық шырағы» тарихи драмасын Н. Ілиясов ауылдық мәдениет үйіне және қалалық Жастар театрында кезекті мәрте көрермен назарына ұсынды.   Көрермен саны – 640

2025 жылдың 26-27-28 желтоқсан аралығында 11:00 және 15:00-де «Қошқар мен теке» жаңа жылдық балалар қойылымының ПРЕМЬЕРАСЫ өтті. Әсем ән, көңілді би және мерекелік атмосфераға толы ертегінің режиссері – Берік Ахмед. Толассыз тілектер мен шынайы қуанышқа кенелген балақайлар мен ата-аналар өнер ұжымына айрықша алғысын білдірді. Көремен саны - 300

«Тәуелсіздік – тұғырым, жыр – қанатым!» атты жас қаламгерлер арасындағы жыр мүшайрасы 

– Қалалық жоғары және орта оқу орындары студенттерінің арасында өткізілді.

– Қазан, Жастар ресурстық орталығы

Дата публикации
15 января 2026
Дата обновления
15 января 2026
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы