
1. Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетушілер туралы мәлімет:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес қала әкімдігіне қарасты 6 дербес бөлімдер және 9 кент/ауылдық округ әкімі аппараттарымен көрсетіледі.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары 53 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары 54 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетілді.
2025 жылдың көлемінде қалада 48 мың 197 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
- 29 мың 115 қызмет қызмет қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
- 17 мың 649 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;
- 1433 қызмет қызмет тікелей дербес бөлімдердің кеңселері арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілді.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Есепті кезеңдегі неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер – халықты әлеуметті қорғау және сәулет және қала құрылысы саласындағы қызметтер, атап айтқанда:
- «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту» қызметі бойынша
15 мың 015 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- «Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметі бойынша 3 мың 918 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» қызметі бойынша 2 мың 468 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2. Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Қызмет көрсетуші мекемелер ғимараттарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ережелері мен Қағидалары, сондай-ақ өтініш үлгілері көрнекі жерлерінде мемлекеттік және ресми тілдерінде ілінген.
Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер туралы 15 мақала, сондай-ақ қала әкімдігінің интернет ресурсы мен ресми парақшаларында 167 материал және 13 бейнеролик жарияланды.
Бұдан бөлек, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарындағы «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімдерінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жыл сайынғы есептер, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері, мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі туралы ақпарат орналастырылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметтің есебіне жүргізілген жария талқылау нәтижесінің қорытындысы «Жария талқылау нәтижесінің қорытындысы» сілтемесінде орналасқан.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Қалалық дербес бөлімдер мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арасындағы жұмыс процессін жандандыру мақсатында 8 семинар ұйымдастырылды.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығының
17-қосымшасында «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі автоматтандырылып, азаматтарға аталған қызметті электрондық портал арқылы алу мүмкіндігі берілді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалардың біліктілігін арттыру мақсатында электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердіңмониторингі бөлімімен (мекеме басшылары мен жауапты қызметкерлердің қатысуымен) 15 аппараттық оқу ұйымдастырылды.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалардың біліктілігін арттыру мақсатында электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердіңмониторингі бөлімімен (мекеме басшылары мен жауапты қызметкерлердің қатысуымен) 15 аппараттық оқу мен
9 семинар ұйымдастырылды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2025 жылы қала әкімдігіне мемлекеттік қызмет көрсету туралы қала әкімдігіне шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
2024 жылғы 20 қарашадағы №64 бұйрығымен бекітілген ішкі бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес есептік кезеңде қалалық сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінде, сондай-ақ Қарауылтөбе, Талсуат, Ақжарма және Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараттарында талдау жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысына сәйкес 16 Заң бұзушылық фактісі орын алған.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен сыртқы талдау жүргізіліп, нәтижесімен 387 Заң бұзушылық (Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінде – 326 («Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»-318 және «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» - 8); сәулет және қала құрылысы бөлімінде – 51 («Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»-49 және «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» -1); Қызылжарма а.о – 7; Тасбөгет кенті – 2; Талсуат а.о – 1) орын алған.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасы аясында жыл сайынғы негізде жүргізілетін қоғамдық мониторинг барысында облыстың 738 респондентінен 12 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша алынған пікір нәтижесімен Қызылорда облысы тұрғындарының қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 76,0% құрады.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру
- мерзім бұзушылықтарды болдырмау және мемлекеттік қызметтерді көрсетуде заңнамалар, нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтау, заң бұзушылықтарға жол берілмеуін қатаң қадағалау;
- мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты қызметкерлерге мемлекеттік қызметтер көрсетуді реттейтін нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсіндірмелер жүргізу;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
- «электрондық үкімет» веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру;
- бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы тұрғындарға электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алудың ыңғайлығын насихаттайтын ақпараттар орналастыру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.