
Мемлекеттік жастар саясатын жүргізу.
Қызылорда қаласында статистикалық мәліметке сәйкес, 2025 жылға 362 мың 279 халық, оның ішінде 103 мың 102 (ауыл жастары 12 499) 14 пен 35 жас аралығындағы жастар. Бұл қала халқының 28,5 пайызын құрайды.
Қала бойынша бүгінгі күні барлығы 17 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде 17 371 білім алушы студент бар. Қызылорда Болашақ университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және Қызылорда Ашық университетінде 15 000-нан астам студент білім алуда.
Өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын дамытуға 2025 жылы 19 млн. 381 мың теңге қаржы қаралып, бөлінген қаржыға 8 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.
Қала жастарына «Qosyl» деген атпен танымал болған қалалық жастар ресурстық орталығының қызметін 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 5219 жас пайдаланды. Жастардың сұранысына орай орталықта WI-FI, коворкинг орталығы, спорттық секциялар, креатив фото-видео студиясы, би залы, жастар ұйымдары кабинеті тегін қызмет көрсетуде.
Жастарды жұмыспен қамту
Жұмыссыз ретінде 2629 жас тіркелген. Солардың ішінде, 874 жас тұрақты жұмысқа орналасқан. «Қоғамдық жұмыстар» және «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламалары негізінде 1700-ге жуық жас жұмысқа тартылған.
Жұмыссыз жастар үшін, «Мансап» орталығымен бірлескен 8 мәрте «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, NEET санаттағы азаматтарды телефон байланысы арқылы шақыру ұйымдастырылды. Нәтижесінде 23 жас тұрақты жұмысқа жолдама алды.
Құқық бұзушылық бойынша
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қала әкімдігі жанынан құрылған жедел топ, ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге жыл басынан бері 24 рет түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.
Жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу және отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі, буллинг және психологиялық кеңес, зиянды әдеттерден аулақ болу бойынша сала мамандарының қатысуымен 29 кездесу өткізіліп, 2 207 жас қамтылды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша кездесулер айына 2 мәрте тұрақты түрде өткізіледі. Қаңтар-желтоқсан айы 24 рет өткізілді.
Жастар мен жасөпірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында биылғы жылдан бастап «Qosyl Ақпарат» деген атаумен жастарға ақысыз қызмет көрсететін орталықтардың жұмысын ақпараттандыру жұымыстарын жүзеге асырудамыз. Соның ішінде мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша қызмет көрсететін орталықтар туралы.
Жаңа 2025-2026 оқу жылының басынан бастап қала аймағында орналасқан оқу орындары жанындағы жатақхана студенттерімен ашық кездесулер өткізілді.
Әлеуметтік жобалар бойынша
Биылғы жылдан бастап мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша әлеуметтік жобалар қатарына «NEET санатындағы және қылмысқа бейім жастарды әлеуметтендіру» әлеуметтік қызметі қосылды. Жоба аясында жұмыссыз жастарға арналған жұмыс орындарына экскурсиялар, оқытулар мен тренингтер мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық жұмыстар ұйымдастырылуда. Жұмыссыз және базар жастары арасында кіші футболдан турнирлер бастау алды. 13 қараша күні қылмысқа бейім, маргинал санатындағы және пробация есебіндегі жастарды қатыстыра отырып «Жастар.Тәртіп.Құндылық» тақырыбында кездесу өткізілді.
«Жастар орталығы, жастар үшін мүмкіндік алаңы» әлеуметтік қызметі бойынша Ұлттық спорт күнінің қарсаңында қалаға қарасты ауылдық округ және кент жастары арасында асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, садақ ату, бес тас және аударыспақ сынды ойындардан сайыс өткізілді. Жеңімпаздарға ұйымдастарушылар тарапынан арнайы марапаттар мен бағалы спорттық тауарлар сыйға берілді.
Жастар мамандарының біліктілігін арттыру бағытында «Жастар мамандарын оқыту» семинар-тренингі ұйымдастырылды. Аталмыш тренинг аясында барлық деңгейдегі жастар орталықтарының мамандары және қалаға қарасты ауылдық округтер мен кент жастар мамандары тартылды. Бірінші кезекте мамандардың біліктілігін арттыру және «Жастар сұранысын табу, бастамашыл топтарға ресурстар ұсыну», «NEET санатты жастармен жұмыс істеудің түрлі тәсілдері мен әдістемелерімен танысу» модульдері негізінде өткізілді.
«Жұмысшы мамандықтарды насихаттау» әлеуметтік қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары» жылы деп жариялады. Осыған сәйкес биылғы жылы да орталық тарапынан бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. «Jastar X» диалог алаңы құрылып кәсіби бағдар беру бағытындағы жұмысшы мамандармен кездесулер ай сайын тұрақты өтуде. Аталмыш жобаның аясында қыркүйек айында «Жас дәнекерлеушілер» сайысы өткізілді. Байқауға 15 жас маман қатысып, екі кезең бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.
Қазан айында «Жас тас қалаушылар» мен «Жас тігіншілер» сайыстары өткізілді. Жас тас қалаушылар байқауына 8 жас маман, ал жас тігіншілер байқауына 16 маман қатысты. Жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.
Қараша айында «Жас электриктер» байқауы өткізіліп, 15-ке жуық қатысушы қатысты. Байқау нәтижесінде И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің аға пән оқытушысы Құлманов Асхат үздік деп танылып, арнайы алғыс хат пен қаржылай сыйлыққа ие болды.
Төртінші жыл қатарынан дәстүрлі түрде «Жас аспаздар» байқауы қараша айында өтті. Байқауға 6 қатысушы қатысып, бір тамақ пен салат дайындау бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаз ақшалай сыйлыққа ие болды.
«Жастар арасында патриоттық сананы қалыптастыру және отбасы құндылықтарын насихаттау» әлеуметтік қызметі
Жастар мен жасөспірім жастарды тарта отырып жыл басынан бері 8 патриоттық, 6 отбасы құндылықтарын насихаттау бағытындағы шаралар ұйымдастырылды. Қазіргі таңда қала аумағындағы еңбек ұжымдарында арнайы мамандардың қатысуымен кездесу, кеңес беру жұмыстары жүруде.
«Волонтерлік және қоғамға пайдалы жастар» әлеуметтік қызметі
Орталық жанындағы волонтерлық топ жасақталды. Мәдени көпшілік шаралар мен акцияларға тұрақты тартылуда. 2024 жылы бастау алған «Тазалық патрулі» волонтерлық жасағының жұмысы жалғасуда.
Тамыз айында 100-ге жуық волонтер жастарды оқыту және эко мәдениетті насихаттау бағытындағы қоқыс жинау сайысын ұйымдастырылды.
Желтоқсан айында қала жастарының белсенділігін арттыру және волонтерлық қызметті насихаттау мақсатында «ЖАСТАР. ЖАУАПКЕРШІЛІК. ЖАНАШЫРЛЫҚ» атты волонтерлар күніне арналған қалалық марапаттау шарасы ұйымдастырылды.
«Ауыл жастарына қолдау көрсету және әлеуметтендіру» әлеуметтік қызметі
«Qosyl Wave» жобасы аясында қазан айында Белкөл кенті мен Ақсуат ауылдық округінде шаралар өткізілді.
Желтоқсан айында Қарауылтөбе ауылдық округі мен Қосшыңырау ауылдық округтерінде шаралар өткізілді.
«Qyzylorda youth Fest» жастар күнін атап өтуге бағытталған мәдени көпшілік іс-шаралар» әлеуметтік қызметі
Халықаралық жастар күніне орай 8-11 тамыз аралығында «QYZYLORDA JASTAR FEST» атты мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. «Табиғатты сақта – болашақты қорға» атты жастардың экологиялық қоқыс жинау сайысына жалпы саны 100 жас қамтылды. Сайыс нәтижесінде қатысушылар тарапынан барлығы 1 тонна 335 килограмм қоқыс жиналып, 250 қап қоқыс шығарылды. Қоқыс көлемі мен сапасы арнайы бағалау критерийлері бойынша (жинау жылдамдығы, сұрыптау деңгейі, белсенділік және салмақ) есептелді.
«Qyzylorda Youth Fest» заманауи би топтары мен дара бишілер арасындағы сайысына барлығы 8 команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс топтық форматта ұйымдастырылды. Үздік деп танылған қатысушылар қорытынды кеш барысында арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
«Абай сөзі» челленджі – жастар арасында онлайн-акциясында әлеуметтік желіде «Адамзаттың Абайы» челленджі және Орта Азия мен Қазақстан жастарының көшбасшысы Ғани Мұратбаев ескерткішіне тағзым шарасы ұйымдастырылды.
«Qosyl Premya жылдың қорытынды кеші» әлеуметтік қызметі.
Жыл бойы табанды еңбегімен және шығармашылығымен ерекшеленген 10 жас белсендіге қала әкімінің арнайы сыйлығын табыстады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында ұйымдастырылған байқаулардың жеңімпаздары да марапат төрінен көрінді.
Биылғы жылы үздік деп танылған жастарға, әлеуметтік желілерде белсенділігімен және оң үлгісімен танылған жас көшбасшыларға арнайы премиялар берілді.