
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу
2025 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бағытында 25 жобаға 156,5 млн.теңге бөлінді. Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өтетін өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу конкурсы бойынша комиссия отырысының хаттамасына сәйкес 8 газет, 3 телеарна, 8 республикалық интернет порталымен келісім-шарт жасалды.
Атап айтқанда, «Ақмешіт ақшамы», «Ақмешіт апталығы», «Халық», «Ел тілегі», «Сыр дидары», «Ұстаз мәртебесі», «Сыр бойы», «Кызылординские вести» басылымдарымен, «Qogam TV», «Qyzylorda», «77 TV» телеарналарымен, «Nur.kz», «Tengri.news», «Open.news», «Ai-news», «Degdar.news», «Salem.news», «Аzattyq.news», «ultnews.kz» интернет-ресурстарымен ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
Медиа жоспарға сәйкес қаланың оң имиджі бойынша БАҚ-та 1000-нан астам материал жарияланды.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, қала әкімдігіне қарасты бөлімдер мен кент және ауылдық округтердің атқарылып жатқан жұмыстарын ақпараттандыру мақсатында жылына екі рет брифингтер легі ұйымдастырылды. Барлығы 40-қа жуық брифинг барысында жергілікті телеарналар мен баспа басылымдары тиісті ақпараттық жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жыл бойына бірқатар пресс-тур бағдарламалары бекітіліп, тұрақты түрде ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.
Әлеуметтік желіде кеңінен ақпараттандыру жұмыстары да жолға қойылған. Қала әкімдігіне қарасты бөлімдер мен кент және ауылдық округтердің атқарылып жатқан жұмыстарын ақпараттандыру тұрақты түрде жүргізілуде.
Сонымен қатар, ресми парақшаларда мерекелік афишалар, жедел хабарландырулар мен мемлекеттік қызмет көрсету туралы жарияланымдар арқылы халыққа кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Атап айтқанда, жыл басынан 4000-нан аса пост жарияланып, ресми парақшаға апта сайын жол-көлік оқиғасы, адам саудасы, алаяқтық, сыбайластық және «Қарызсыз қоғам» жобасына байланысты посттар жарияланды.
«Қызылорда-ақпарат» парақшасында күнделікті «Заң мен Тәртіп», «Таза қала», «Оң бағыт», «Құрылтай», «Жолдау» және т.б. тақырыптар бойынша ақпараттар жарияланды.
Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс
Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша облыстық әділет департаментінде 681 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде қоғамдық бірлестіктер 289, қоғамдық қорлар 175, ассоциациялар 26, филиалдар 191.
Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік-маңызды жобаларын жүзеге асыру қызметі бойынша 2025 жылға қалалық бюджеттен 37 млн 077 мың теңге қаржы бөлініп, оған 7 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Атап айтқанда:
1. «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихаттық шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы.
Жоба құны 4 млн теңге. Жоба жеңімпазы «Облыстық мүгедек спортшылардың «Жігер» ҚБ.
Жоба аясында қала тұрғындары арасында мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндіру мақсатында РАТТ мүшесі Сәкен Алдашбаев шақырылып, «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, АТТ мүшелері және дін саласының қызметкерлері, қала жастары және жастар ұйымының жетекшілері, осал топтар және мектеп оқушылары, ҚАЖ департаментінің №37 мекемесіндегі жазасын өтеушілерге «Рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау», «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Дәстүрлі діндердің рухани құндылықтарын түсіндіру» және т.б тақырыптарда ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ұлттық, мәдени және отбасылық құндылықтары тақырыбында 10 бейнеролик әзірленіп, әлеуметтік желілерге жарияланды.
Зайырлы мемлекет құндылықтарын насихаттау мақсатында кіші футболдан «Теңбіл доп» ойыны ұйымдастырылып, қала аумағындағы мешіт жамағаттары мен қызметкерлері қатысып, жеңімпаздар қаржылай сыйақылармен марапатталды.
2. «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы.
Жоба құны 6 млн 550 мың теңге. Жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Жоба жеңімпазы «Ай-Қанат» жастар ҚБ. Бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, мемлекеттік саясатты ақпараттандыруға сүбелі үлес қосқан журналистерді көтермелеу мақсатында республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерін арнайы сыйлықтармен марапаттап, жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен мерекелік шара және турнирлер ұйымдастылды. Жоба аясында 27 маусым күні «Қаламгерлер» аллеясында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Шарада шаһардың тыныс-тіршілігін, өзекті мәселелері мен жарқын жетістіктерін ақпараттандырып, халық пен билік арасында алтын көпір бола білген 30 сала үздігіне қала әкімінің арнайы алғыс хаты мен 150 000 теңге қаржылай сертификаты табысталды. Сондай-ақ, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, бірнеше кітаптың авторы Жүзбай Ибрагимұлының мерейлі 75 жасқа толуына орай кәде-құрмет көрсетілсе, ақын, белгілі журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Дүйсенбек Аяшұлы Қызылорда қаласының ең жоғарғы марапаты «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Сонымен қатар, «Кызылординские вести» газетінің 95 жылдық мерейтойына орай және Республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық «Халық» газетінің 25 жылдық мерейтойына орай басылым ұжымдарына арнайы алғыс хат және арнайы сый (телевизор) табысталды. Сонымен қатар, қаладағы БАҚ өкілдері боулинг пен бильярд турнирлерінде өзара бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздар лайықты марапаттарын иеленді.
3. «Cыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме жұмыстарын, адам саудасы мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы.
Жоба құны 5 млн теңге. Жоба жеңімпазы «Облыстық жастар одақтары» қоғамдық бірлестігі. Жоба аясында қалаға қарасты кент, ауылдық огругтерінің тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, алаяқтық және құқықтық сауаттылық туралы кеңес беру кездесу өткізілді. Қала көшелеріне (Желтоқсан, С. Бейбарыс, Әйтеке би, Байтұрсынов, Тоқмағамбетов көшелеріне, Н.Назарбаев даңғылы) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыптарын қамтитын көрнекі ақпарат құралдары орналастырылды. Қала орталықтарында халық көп шоғырланған орындарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық таратпа материалдар таратылды. Қалада құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша тиісті орган қызметкерлерінің қатысуымен айына 2 реттен рейд жұмыстары жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы 4, құқық бұзушылықтың алдын алу, оның ішінде адам саудасы бойынша 1, алаяқтықтан қорғану бойынша 1 бейнероликтер әзірленіп әлеуметтік желілер мен телеарналарда жарияланды.
Жергілікті баспа БАҚ арқылы өткізілген шаралар туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарында мақалалар жарияланды.
Қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы «Үздік бейнеролик» тақырыбында қалалық байқау ережесі әзірленіп, әлеуметтік желіге жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында шағын футбол, болейбол, шахмат және үстел теннисінен турнир өткізілді. «Сыбайлас жемқорлық және алаяқтық – қоғам дерті» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы өтті. Жоғарғы оқу орындары және арнаулы орта оқу орындары студенттері арасында «Брейнринг» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.
А4 форматта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық таратпа материалдар әзірлеп, халық көп шоғырланған орындарда, қоғамдық орындарда, сауда орындарында таратылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерімен кездесу, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
6 қыркүйекте «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме жұмыстарын, адам саудасы мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі» орталығы КММ-нің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, алаяқтық және құқықтық сауаттылықты арттыру туралы кеңес беру кездесуі өтті. Кездесу соңында қатысушыларға QR форматы арқылы іс-шара туралы сауалнама жүргізілді. 9 желтоқсан күні Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай қалалық форум өтті.
4. «Азаматтық қоғам институттарының бастамаларын қолдау бойынша шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы.
Жоба құны 3 млн 500 мың теңге. Жоба жеңімпазы «Туған жер» қоғамдық қозғалысы ассоциациясы.
Жоба аясында Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне, Тәжікстан - Ауғанстан шекарасындағы әскери қақтығыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алу күніне, Чернобыль, Ауғанстан және Совет армиясы әскерлерінің жесірлері «Ару-Ана» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толуына, Семей ядролық полигонының жабылған күніне орай және Желтоқсан құрбандарын еске алу шарасы «Тағзым алаңы» аумағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.
Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні мерекесіне орай Достық үйінде бірқатар ҮЕҰ өкілдерімен кездесу, халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай түрлі салада еңбек етіп жүрген әйел-аналарды құттықтау шарасы, Жеңістің 80 жылдығына орай ҮЕҰ өкілдері мен жастардың кездесуі, аналар күніне орай «Қызылорда қаласының тарихи» музейінде елге еңбегі сіңген ардақты арналарға арналған мерекелік кездесу өтті.
Отбасы күніне орай «Анаға тағзым» орталығында «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылса, қарттар күнінде үкіметтік емес ұйым өкілдерінің ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
5. «Үздік аула – 2024 байқауы» әлеуметтік жобасы.
Жоба құны 1 млн 900 мың теңге. Жоба жеңімпазы «Облыстық жастар одақтары» қоғамдық бірлестігі. Қызылорда қалалық «Үздік аула-2025» байқауының жеңімпаздарын анықтау мақсатындағы комиссия отырысында шешім қабылданды. 18 қазан күні «Қала күні» мерекесі аясында өткен «Бақ-ырыстың арнасы – Қызылордам!» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде дәстүрлі «Үздік аула» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
6. «Мерейлі отбасы байқауының қалалық кезеңін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы.
Жоба құны 1 млн 277 мың теңге. Жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық деңгейдегі бірінші кезеңіне конкурсқа қатысуға қала орталығынан, қалаға қарасты кент және ауылдық округтерден, әр түрлі салалардан 36 отбасы өтінім білдірді.
30 маусым күні қалалық комиссиямен конкурс критерийлеріне сәйкес келетін 25 отбасының құжаттары қаралды. Нәтижесінде 3 отбасы жүлделі орынды иемденіп, 3 отбасы арнайы номинация иегерлері атанды. Комиссия мүшелерінің шешімімен жеңімпаз атанған қалалық «Мерейлі отбасы» конкурсының бірінші кезеңінен өткен екі үміткердің құжаттары конкурстың екінші кезеңіне облыстық комиссияға жолданды.
Отбасы орталығында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты шара өтті.
7. «Интернет ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты ұйымдастыру, қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу» әлеуметтік жобасы.
Жоба құны 14 млн 850 мың теңге. Жоба жеңімпазы «Ай-Қанат» жастар ҚБ. Жоба аясында ай сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп, оң және теріс бағыттағы жарияланымдар сарапталуда. «Интернет ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты ұйымдастыру, қоғамдық саяси ахуалға мониторинг жүргізу» әлеуметтік қызметі аясында ақпан айынан бастап әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарда қала көлемінде атқарылған жұмыстарды ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында ақпараттық-иммидждік, тәрбиелік-танымдық оң бағытта 2 мыңнан аса материал орналастырылды. Сонымен қатар, тазалық тәртібі, есірткі, жасөспірімдердің арасындағы бұзақылықтың, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын-алу тақырыптарында 10 ролик әзірленіп, жарияланды.
8. «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен 34 млн 269 мың теңге қаржы қаралған. Жоба жеңімпазы «Асыл Мұра Орда» ҚҚ. Жоба аясында РАНТ мүшесі ҚАЖД-нің №60 және №68 мекемесіндегі жазасын өтеушілер мен пробация есебінің тізіміндегі азаматтарға, мешіт жамағаттарына, жұмыссыз жастар, мигранттар, әлеуметтік сала және білім саласының қызметкерлері, қандастармен, осал топтар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда қаласы аумағындағы ҚМДБ-ның Қызылорда қаласы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерге келуші жамағаттарға облыстың бас имамы Д. Құрманбаев бекіткен 34 имам айына 3 мәрте түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 760 кездесу өткізіліп, 15000-ға жуық адам қамтылды.
Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
Қызылорда қаласында қазіргі таңда діни ахуал тұрақты сипатқа ие. Қала аумағында 7 конфессияны (ислам, православие, католик, евангельдік христиан-баптистері, елуіншілер, пресвитериан, ехоба куәгерлері) қамтитын 32 діни бірлестік 22 мешіт, 10 өзге діни бірлестіктер) тіркеліп, заң аясында қызмет атқаруда. Оның басым көпшілігі – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) қарасты мешіттер.
Қаладағы діни ахуалдың тұрақты сақталуына жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау құрылымдары тарапынан кешенді түрде жүргізіліп жатқан түсіндіру, бақылау және алдын алу шаралары өз ықпалын тигізуде.
Қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау мақсатында Қызылорда қаласында діни әдебиеттердің таралуына, оларды сату орындарының заңдылықты сақтауына жүйелі мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Қала аумағында 12 дүкенде діни мазмұндағы әдебиеттердің сатылатыны анықталған. Олардың ішінде арнайы лицензиясы бар 3 дүкен және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен келісім аясында 9 дүкен жұмыс істейді.
Жыл басынан бері қалалық қоғамдық даму бөлімінің теолог маманы мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірлесіп, 12 дүкенге мониторинг жүргізіліп, сатылып жатқан әдебиеттердің заң талаптарына сәйкестігі, сараптамадан өтпеген материалдардың бар-жоғы, сатушылардың діни мазмұнды әдебиетті таратуға құқығы туралы мәселелерге назар аударылды.
Нәтижесінде рұқсат етілмеген орындарда сатылымда тұрған және діни сараптамадан өтпеген 9 әдебиет табылып, тиісті шаралар қолданылды. 5 сатушыға әкімшілік хаттама толтырылып, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қалалық қоғамдық даму бөлімімен облыстық полиция басқармасының экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, әлеуметтік желілердегі діни мазмұндағы жазбаларға тұрақты бақылау жүргізілді. Әлеуметтік желідегі (Facebook, Instagram, TikTok, Telegram, ВКонтакте, YouTube) ашық және жабық топтар, парақшалар мен арналар жүйелі түрде тексеріліп отырады.
Мониторинг нәтижесінде діни экстремизм белгілері бар 12 бейнематериал, жазбалар мен пікірлер анықталды. Олардың ішінде шетелдік радикалды уағызшылардың аудио-бейне контенттері мен олардың таратушылары да бар. Анықталған материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, бірқатар парақшаларға шектеу қойылды.
Экстремизм мен терроризмге қарсы насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында қала әкімдігімен әлеуметтік желілерде 7 арнайы парақша ашылып, 2500-ден астам материал жарияланды. 8 бейнеролик, 600-ден астам постер әзірленіп, әлеуметтік желілерге орналастырылды.
Жыл басынан бері желілік кестеге сәйкес 150 ге жуық кездесу ұйымдастырылып, оған 4000 - ға жуық адам қамтылды.
Бұл шараларға жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз болып тіркеуге келген азаматтар, базарларда және түрлі қызмет көрсету орындарда өзін өзі жұмыспен қамтушылар, маргинал, ұйымдастырылмаған жастар, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындары студенттері, сотталғандармен және олардың жақын туыстары, қандастар, азаматтардың әлеуметтік жағынан осал топтар, вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтармен, еңбек мигранттары, мектеп оқушыларының ата-аналары, спортшылар, мәдениет саласы қызметкерлері, кітапханаларға келушілер, құрылысшылар, ауыл тұрғындары, ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер саласындағы мамандар, ардагерлер үйіндегі ем алушылар, денсаулық сақтау мекемесі ұжымдарымен кездесу өткізілді.
Қызылорда қаласының этносаралық қатынастар саласындағы атқарылған жұмыстар туралы
Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімімен қала аумағындағы этносаралық қатынастарды бақылау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады.
Сонымен қатар, «Достық үйі» жанындағы этномәдени бірлестіктермен байланыс орнатылып, тиісті мемлекеттік мекемелермен бірге жұмыстар ұйымдастырылуда.
Қала бойынша этносаралық қатынастарды реттеу және бақылау мақсатында бекітілген алгоритмге сәйкес жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, қалалық қоғамдық даму бөлімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестік өкілдері мен «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділерімен байланысу арқылы олардың әлеуметтік өзекті мәселелері бойынша жеке қабылдаулар өткізіліп келеді.
Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімі мен облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесіп, қала тұрғындарымен кездесу өткізу кестесі әзірленген.
Кестеге сәйкес 2025 жылы кент және ауылдық округтерде, қала орталығында Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымның жетістіктері туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оған қалалық қоғамдық даму бөлімі, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, тарихшылар, ардагерлер кеңесінің мүшелері, өзге де белсенді қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Сонымен қатар, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс», «Қаржылық сауаттылық», «Медиация мәдениеті» тақырыптарында кездесулер өткізіліп, ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі облыстық ақпараттық - талдау орталығымен бірлесіп, қалада орналасқан ірі кәсіпорындарда жұмыс жасайтын шетелдік жұмысшылар арасында этносаралық ахуалды анықтауға арналған сауалнама алу үшін тиісті мекемелермен жұмыстар жүргізілуде.
Отбасы гендерлік саясат бойынша атқарылған жұмыстар
Отбасы-тұрмыс саласында құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу бағытында қала әкімі жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ өкілдері шараларды ұйымдастырылып, ақпараттық жадынамалар таратып, әлеуметтік желілерде тұрақты түрде ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, 2025 жыл көлемінде қала тұрғындарына және жастар мен жасөспірімдерге гендерлік теңдікті, отбасы құндылықтарын насихаттау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу, «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша қаржылық сауаттылығын арттыру бағытында ақпараттандыру үшін 50 кездесу өткізіліп, оған барлығы 5200 адам қамтылды. Оған мектептер мен емханалар, коммуналдық сала және арнаулы орта білім беру мекемелерінің қызметкерлері, оқушылар мен студенттер, кент және ауылдық округтердің тұрғындары, «Оңалту» орталығының қызмет алушылары қатыстырылды.
Бұдан бөлек, атаулы мерекелік күндерге орай түрлі танымдық іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып келеді. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай қоғамда белсенді, танымал, түрлі салада жетістікке жеткен әйелдермен, 11 мамыр – Аналар күнінде танымал тұлғалардың аналарымен шаралар ұйымдастырылып, оған 70-ке жуық әйел қамтылды.16 наурыз - «Шаңырақ» күніне орай «Ана мен бала» орталығындағы босанған аналарды шаңырақ күнімен құттықтау шарасы өткізілді. 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай өнегелі-өнерлі отбасыларды насихаттау және оларға құрмет көрсету мақсатында отасқанына 50 жыл толған алтын той иелері, білім саласының үздік ардагерлері, өнер, журналистикасалаларының дамуына үлес қосқан отбасылар қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күніне орай апталық өткізілді. Отбасы құндылықтарын насихаттау және «Алтын той», «Гауһар той» иелеріне құрмет көрсету мақсатында «Бақытты отбасы – Бақсытты ел» атты танымдық шара өткізілді.
Қала әкімдігінің баспасөз орталығында құқық бұзушылыққа қатысты сала мамандарының қатысуымен брифинг өткізіліп, онда отбасы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және ерте жүктіліктің алдын алу бойынша ақпараттар берілді.
Қалалық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен Қызылорда Ашық университетінде «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» атты шара өткізіліп, қатысушыларға әлеуметтік-құқықтық және психологиялық кеңестер берілді.