Лого

Меню

Страницы

Статья

2025 жылы жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар туралы

Жер комиссиясының жұмысын ұйымдастыру

Есепті мерзімде жер телімдеріне қатысты 33 жер комиссиясының отырысы өткізіліп, барлығы 3805 құжат қаралды, оның ішінде 1763 өтініш бойынша оң хаттамалық шешім қабылданып, 2042 өтініш бойынша ҚР Жер кодексінің және ҚР Сәулет, және қала құрылысы туралы заңының талаптарына сәйкес келісім беруден бас тартылған.
Жер қатынастары саласы бойынша жыл басынан бері 2035 қаулы жобасы әзірленіп, қала әкімдігімен қабылданды. Бөлімде 2025 жылы 971 жалға беру шарты, 578 сатып алу-сату шарты жасалды.

ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН АЛУ БОЙЫНШA

1) Жанқожа батыр көшесі бойынан темір жол арқылы жер асты автокөлік өткелін салуға мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер учаскелерінің саны – 22. (қала әкімдігінің 23.09.2023 ж. №3424; 30.01.2024 ж. №91 қаулылары); Бүгінгі күні, 20 жылжымайтын мүлік иесімен келісім шартқа отырып, нарықтық құны бойынша  525 327 193  теңге қаржы аударылып, жер учаскелері босатылды.
Қажетті бөліктері алынатын жер учаскелері бойынша:
1 жер учаскесінің кескін-келбеті өзгертіліп, сәйкестендіру құжатын алды (Сырлыбаев К.);
2 меншік иесімен келіссөз жүргізіліп, кескін-келбеті өзгертілуде (Сыргабаева С., Шангиреева Д.)
2) Тәуелсіздік даңғылын 4 жолақты етіп жобалау мақсатында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен жоба әзірленген. Қала әкімдігінің мемлекет мұқтажына алу туралы 2024 жылғы 26 қыркүйектегі №345 қаулысы қабылданып 17 жер учаскесі алынды. Оның ішінде жер учаскесінде жылжымайтын мүлкі барлар бойынша 5 жеке тұлғаға нарықтық құны есептелініп, 114 636,0  мың теңге төленді. 13 жер учаскесі бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Сонымен қатар, қала әкімдігінің 2025 жылғы 24 ақпандағы №1375 қаулысы негізінде жалпы көлемі 2005,0 шаршы метр 3 жер учаскесін мемлекет мұқтажына алу рәсімдері жүргізілді.
3) Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Сабалақ қонысы мекенжайында орналасқан жалпы көлемі 2400,0 (екі мың төрт жүз) шаршы метр жер учаскелерін ауыз су қоймасының құрылысы үшін мемлекет мұқтажына алу туралы қала әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы №1331 қаулысы қабылданды.
4) Қызылорда қаласы, Сол жағалау шағын ауданы, №120 құрылыс мекенжайында орналасқан көлемі 5000,0 шаршы метр ғимарат құрылысы және оған қызмет көрсету үшін (кадастрлық нөмірі 10-156-086-200) жер учаскесін стадион құрылысына автотұрақ салу және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге мемлекет мұқтажына алу туралы қала әкімдігінің 2025 жылғы 24 ақпандағы №1376 қаулысы қабылданды.
5) Сұлтан Бейбарыс көшесі бойындағы инновациялық-шығармашылық орталығының санитарлық-қорғаныс аймағында орналасуына байланысты жалпы көлемі 2550,0 шаршы метр 2 жер учаскесін мемлекет мұқтажына алу туралы қала әкімдігінің 2025 жылғы  17 наурыздағы №1536 қаулысы қабылданды.
6) Қызылорда қаласының аумағында орналасқан жалпы көлемі 314,0 гектар, 8 меншік иесінің жер учаскелерін «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалын дамыту мақсатында арнайы экономикалық құру үшін мемлекет мұқтажына алу туралы қала әкімдігінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі №1724 қаулысы қабылданды.
7) Қызылорда қаласының аумағында орналасқан жалпы көлемі 50,0 гектар жер учаскелерін Қызылорда қаласы, «Өндіріс» индустриялық аймағын кеңейту үшін мемлекет мұқтажына алу туралы қала әкімдігінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі №1800 қаулысы қабылданды.
8) Тасбөгет кентіндегі емхана құрылысын кеңейту мақсатында жалпы көлемі 4789,0 шаршы метрден қажетті 2603,0 шаршы метр бөлігін  мемлекет мұқтажына алу туралы қала әкімдігінің 2025 жылғы 5 мамырдағы №1886 қаулысы қабылданды.
9) Қызылорда қаласы, Мүсірәәлі Әжіқожа көшесі, нөмірсіз мекенжайындағы көлемі 1000,0 шаршы метр жер учаскесі мемлекет мұқтажына алу туралы қала әкімдігінің 2025 жылғы 19 мамырдағы №1974 қаулысы қабылданды.
Қазіргі уақытта Бөлім тарапынан мемлекетке алынатын жер учаскелерінің орнына жер учаскелерін ұсыну, қажетті бөліктері бойынша кескін-келбетін өзгерту жұмыстары жүргізілуде.

Орындаушылық тәртіптің сапалылығы мен мерзімінің сақталуы (құжатайналым, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, өтініштердің орындалуы, хаттамалық тапсырмалар)

2025  жылдың қорытындысы бойынша қала әкімдігі тарапынан  және бөлімге тікелей жолданған жеке және заңды тұлғалардан жалпы саны 5101 өтініш тіркеліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексіне  сәйкес жауап беріліп, тиісті жұмыстар жүргізілді.
2025 жылдың 12 айында жер қатынастары бойынша 3194 жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетілді («электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы 2558 тұлғаға, қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы 636 тұлғаға).
2025 жылы ауыл шаруашылығы бойынша 838 жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетілді («электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы 710 тұлғаға, қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы 128 тұлғаға).
2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы техникаларын жүргізуге 64 адамға куәлік беріліп, жеке және заңды тұлғаларға жаңа үлгідегі 488 дана техникалық паспорттар мен 488 дана мемлекеттік белгілер берілді. 128  дана кепілдік келісім-шарты мен қосымша келісім-шарттарын тіркеу және кепілден босатулар рәсімделіп, 31 ауыл шаруашылығы және жол құрылыс техникалары мемлекеттік техникалық байқаудан өткізілді. 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы  бойынша

2025 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақыға 49,5 млн.теңге (126 маман) бөлініп, бүгінгі күнге 126 маманға (1 маманға 393 200 тг) көтерме жәрдемақы беріліп, бөлінген қаржы толығымен игерілді. Бюджеттік кредитке 196,6 млн.теңге (25 маман) бөлінді. Бүгінгі күнге 10 маманға 78,6 млн. теңге берілді. Бөлінген қаржы қаржылық жоспарға сәйкес игерілетін болады (ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.11.2014 жылғы №72 бұйрығына сәйкес, кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептелінеді және 22 (жиырма екі) айды құрайды).

 

Дата публикации
13 января 2026
Дата обновления
13 января 2026
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы