
Бөлім Қызылорда қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 3554 қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес Қызылорда қаласы аумағында сәулет және қала құрылысы саласында өз қызметін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі № 1087 қаулысымен бекітілген Қызылорда қаласының бас жоспары аясында жүзеге асырады.
«Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай – Бөлім) 2025 жылдың ІV тоқсан бойынша 3541 оның ішінде: жеке тұлғалар арқылы – 377 өтініштер мен арыздар тіркелсе, ал заңды тұлғалар арқылы 19, кіріс хаттар -1900, шығыс хаттар-1245 тіркелді.
Бөлім тарапынан 2025 жылғы ІV тоқсан бойынша көрсетілген қызметтер:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығына сәйкес қабылданған стандартқа негізінде төмендегі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
1. "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру"-577;
2. Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну -436;
3. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу-458;
4. "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу"-55;
5. Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру-184.