
2025 жылғы 17 қыркүйекте Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы жанындағы «Жас сайлаушылар клубының» алғашқы отырысы өткізілді.
Шараға арнайы шақырылған қонақтар, қалалық жастар ресурстық орталығының мүшелері мен жас мамандар қатысты.
Бұған дейін қалалық сайлау комиссиясының қаулысымен Комиссия жанынан Жас сайлаушылар клубы құрылып, Ережесі бекітілген болатын. Клуб құрамына қала, қалаға қарасты кент және ауылдық округтердегі белсенді жастардан 15 мүше енгізілді.
«Жас сайлаушылар» клубының алғашқы отырысын қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Қонақбайұлы ашып, жиынға қатысушыларға клубты құрудағы мақсаттар мен міндеттер туралы ақпарат беріп, клуб ережесімен таныстырды.
Жиынға арнайы шақырылған қонақтар да жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, ақпараттық сауаттылық тақырыптарында баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы «Жас сайлаушылар клубы» мүшелеріне куәліктер табыстады.
Сонымен қатар, клубтың жетекшісі сайланып, 2025 - 2026 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітілді.