
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы жанынан құрылған Жас сайлаушылар клубының мүшелері өз жұмысын қала мектептеріндегі өзін-өзі басқару шеңберіндегі сайланбалы лауазымдарға кандидат оқушылармен кездесуден бастады.
2025 жылғы 16 қыркүйекте өткен кездесу барысында клуб мүшелері әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін ең жоғары заңдық күші бар Конституцияны, оның нормаларын пайдалана алатындығы туралы түсіндірме берді.