
Қызылорда қаласы бойынша «Титов» тұрғын ауданы мекенжайында орналасқан жалпы көлемі 366 гектар жер учаскесі индустриялық аймақ болып белгіленді. Қазіргі таңда, индустриялық аймақта 4 жоба тұрқты жұмыс жасауда.
Ақпарат үшін:
1. «ENN LTD» ЖШС (ЖК «Ақселеу») «Күйдірілген қыш шығару шағын зауыты» жобасы (250 млн, 5 га);
2. «Orda Glass LTD» ЖШС-ның «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы (42 млрд, 50 га);
Бұдан бөлек, 2024 жылдың маусым айында «Orda Glass LTD» ЖШС-нің шыны зауыты жанынан электр үнемдейтін шыны зауыты іске қосылды.
3. «Қызылорда Саз М» ЖШС-нің «Заманауи кірпіш зауыты» құрылысы (жоба құны 5 млрд. теңге, 7 га);
4. «Ayna Glass» ЖШС-нің «Жоғары технологиялы айна шығару зауыты» құрылысы (жоба құны 1,5 млрд. теңге, 5,11 га).
Сонымен қатар, 2026-27 жылдар аралығында 2 ірі инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде.
1. «Seven Rivers Technologies» ЖШС-нің шыны қалдықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату желісі бар шыны ыдыстарды шығару зауытын салу (жоба құны 60 млрд. теңге, 2026-2027 жж, жер көлемі 38 га);
2. «Комфорт 1-КЗ» ЖШС-нің шыңдалған шыны өндірісін кеңейту жобасы (жоба құны 5,5 млрд. теңге, 2026 ж, 4 га.
Бұдан бөлек, индустриялық аймаққа жаңа жобаларды орналастыру бойынша сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда:
1. «Рока групп» санитарлық-техникалық өнімдерін шығару (2026-2028 жж, 40,7 млрд, жер көлемі 24 га (қосымша 24 га резервте));
2. «Orient Ceramic» керамикалық тақтайша шығару (2026-2028 жж, 27 млрд. жер көлемі 15 га);
3. «KCT Energy» силикат-кальций тақтайшаларын шығару зауыты (2026-2027 жж 3,3 млрд. жер көлемі 7 га).