Лого

Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларында атқарылған жұмыстар туралы

Қала экономикасында өңдеу өнеркәсібінің дамуы тамақ өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, химия және жеңіл өнеркәсіптері есебінен қалыптасқан.

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 2025 жылдың қаңтар-қараша айында 497 823 186 млн. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 83% құрады. 

Есепті кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 358 941 523 млн. теңгенің шикі мұнай өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 79,8 % құрады.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында 97 539 907 млн.теңгенің өнімі өндіріліп өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 100,2% құрады. Оның ішінде:

Жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша 1 148 583 млн. теңгенің  өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 69,9% орындалды. Оның ішінде, киім өндіру  760 206 млн. теңгені  өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен  66%, тоқыма бұйымдарын өндіру 378 577 млн.теңгенінемесе 90,7% құрап отыр.

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында 8 154 400 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 99,7 % құрады.

Химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 873 887 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 86,6% құрап отыр.

Резеңке және пластмасса бұйымдарыөндірісінде 1 916 545 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 114,2 % орындалып отыр.

Машина жасау, жөндеу және орнату саласында есепті кезеңде 17 883 771 млн.теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 81,5% құрап отыр.

Есепті мерзімде өзге металл емес минералдық өнімдерін өндіру (кірпіш, тауарлы бетон және темір бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар)  саласы бойынша 34 248 594 млн. теңгенің өнімі өндіріліп  немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 97,1% орындалып отыр.

 

Дата публикации
06 января 2026
Дата обновления
09 января 2026
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы