Лого

Меню

Страницы

Статья

2025 жылы құрылыс саласында атқарылған жұмыстар туралы

«Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі» КММ-сінің құрылыс саласына бюджеттен бөлінген қаржысы 53 382,8 млн. теңгені құрады. Оның ішінде ҚР Ұлттық қор есебінен бөлінген қаржы 2 279,2 млн. теңге, РБ-дан 4 287,9 млн. теңге, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде РБ-дан 350,0 млн. теңге және ҚР Ұлттық қор есебінен 1 932,1 млн. теңге, ОБ-дан 39 898,4 млн. теңге, қалалық бюджеттен  4 635,2 млн.теңге бөлініп төмендегі жобалар атқарылатын болады:

1. «Тұрғын үй» құрылысын салу бағдарламасы бойынша 3 479,8 млн.теңге Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігінде №2 ықшам ауданында 40 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға 2 886,5 млн.теңге бөлініп толықтай игерілді. Жоба құны 8 млрд. 649,1 млн.теңгені құрайтын жалпы ауданы барлығы 28 905 м2 . Қызылорда қаласы Сол жағалау м/а 84 пәтерлі №8 тұрғын үй құрылысын бастауға 500,0 млн.теңге, 14 тұрғын үй бастауға 93,379 млн.теңге бөлініп толық игерілді.

2. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына 10 333,859 млн. теңге қаржы, оның ішінде:
2.1. РБ-дан 460,0 млн. теңге «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауы №2 шағын ауданынан бес этажды 10 тұрғын үйдің коммуналдық инженерлік инфрақұрылым желілерінің құрылысы» жобасына бөлініп толықтай игерілді. Облыстық бюджеттен бөлінетін қаржысы 84,7 млн.теңге 2026 жылы бөлінетін болады. Жоба 2026 жылы қабылданады.
2.2. Ұлттық қор есебінен 732,1 млн. теңге «Жезқазған тас жолының бойындағы 150 га жерге инженерлік желілер құрылысы. Қиыршық тас жол құрылысы» жобасын бастауға бөлініп толықтай игерілді. Мердігер мекеме «Қыран» ЖШС. Жоба 2026 жылы аяқталады.
2.3. Облыстық бюджеттен 1 185,1 млн.теңге бөлініп, жоспар бойынша толықтай игерілді. Атап айтқанда, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы №5 тұрғын кварталының инженерлік инфрақұрылымының құрылысы Бас жоспар және телефон желілері жобасына 537,977 млн.теңге бөлініп, игерілді. Қызылорда қаласы, Сол жағалау шағын ауданы, 180 А, 180 Б, 180 В, 180 Г, 180 Д корпусы мекенжайы бойынша көп қабатты тұрғын үйлерді абаттандыруға 214,4 млн.теңге бөлініп 214,4 млн.теңге игерілді, жоба қабылданды. Қызылорда қаласы, Сол жағалау мекенжайы бойынша көпқабатты тұрғын үйлер салуға. Бас жоспар жүргізуге 185,4 млн.теңге бөлініп 185,4 млн.теңге төленді, жоба қабылданды. Қызылорда қаласы "Бәйтерек" ықшам ауданындағы тұрғын үйлерді газбен жабдықтау және сумен жабдықтау желілерінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу жобасы аяқтауға 247,3 млн.теңге бөлініп толықтай игерілді. Жоба қабылданды.
2.4. Ішкі кредиттер есебінен  7 523,4 млн.теңге бөлініп, ағымдағы жылы  40 пәтерлі 10 тұрғын үйдің инженерлік инфрақұрылымын жүргізуге 1 055,6 млн.теңге бөлініп,толық игерілді. Президенттік паркі ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің инж желілерін салу. 1-кезек магистральдық желілер кәріз және ілеспе инж.желілерін жүргізуге 6 467,8 мн.теңге бөлініп, толықтай игерілді.
2.5. Қалалық бюджеттен 433,3 млн.теңге бөлініп қала аумағында жүргізілетін инфрақұырылымдарға ЖСҚ әзірлеуге 93,0 млн.теңге және Қызылорда қаласы, Сол жағалау шағын ауданы, 180 А, 180 Б, 180 В, 180 Г, 180 Д корпусы мекенжайы бойынша көп қабатты тұрғын үйлерді абаттандыруға 164,2 млн.теңге бөлініп игерілді. Қызылорда қаласы, Сол жағалау мекенжайы бойынша көпқабатты тұрғын үйлер салуға. Бас жоспар жүргізуге 176,1 млн.теңге бөлініп толықтай төленді.

3. «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде 2 321,8 млн.теңге бөлінді.
3.1. РБ-дан 350,0 млн. теңге «Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі, Қызылжарма ауылында 67 көшеге электр желілерінің құрылысы» жобасын бастауға бөлініп мемлекеттік сатып алу конкурстары негізінде «Сәт Сервис» ЖШС-і жеңімпаз болып танылды.  Ұлттық қор есебінен 1 932,1 млн. теңге бөлініп:
3.2. ҚР Ұлттық қор есебінен 1 932,1 млн.теңге бөлініп 1 932,1 млн.теңге игерілді.
1). Ақсуат ауылдық округіне қарасты жаңа қоныс аумағының электр желісін жалғастыруға 612,9 млн.теңге бөлініп толықтай игерілді. 2024 жылы осы жобаны бастауға 80,0 млн.теңге бөлінген. Жоба құны 1 004,9 млн.теңгені құрайды. Жоба аясында ВЛ 0,4 кВ- 41,3 км, ВЛ 10 кВ-11,3 км электр желісі 560 тұрғын үйге жүргізілетін болады. РБ-дан қажетті қаржы 211,6 млн.теңге, ОБ-дан 100,5 млн.теңге қажет.
2). Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Досан елді мекеніңдегі жаңа қоныс аумағына электр желісі жобасын жалғастыруға 307,1 млн.теңге бөлініп толық игерілді. 2024 жылы бастауға 50,0 млн.теңге бөлінді. Жоба құны 391,8 млн.теңгені құрайды. Жобаны толық аяқтауға Қалалық бюджеттен 15,7 млн.теңге жобаны аяқтауға бөлініп жоба қабылданды. Жоба аясында ВЛ 0,4 кВ- 17,9 км, ВЛ 10 кВ-9,7 км электр желісі 604 тұрғын үйге жүргізілді.
3). Қызылжарма ауылдық округі, Қызылжарма ауылында электр желілерінің құрылысын аяқтауға 363,9 млн.теңге бөлінді. 2023 жылы ОБ-дан 100,0 млн.теңге, 2024 жылы РБ-дан 48,0 млн.теңге, Ұлттық қордан 131,5 млн.теңге бөлініп игерілген. Жоба құны 643,2 млн.теңгені құрайды. Жоба аясында ВЛ 0,4 кВ- 24,1 км, ВЛ 10 кВ-2,2 км электр желісі жүргізіліп қабылдау актісімен тапсырылды.
4). Қызылөзек ауылдық округіне қарасты Қараөзек ауылы, Қараөзек бекеті, Айнакөл ауылдарына электр тарату желілерін қайта жаңғырту жобасын жалғастыруға 688,1 млн.теңге бөлініп толық игерілді. 2024 жылы 85,2 млн.теңге бөлінді. Жоба аясында ВЛ 0,4 кВ- 44,7 км, ВЛ 10 кВ-10,2 км электр желісі 672 тұрғын үйге жүргізілетін болады. Жоба құны 1 166,6 млн.теңгені құрайды. Жобаны аяқтауға РБ-дан 276,6 млн.теңге және ОБ-дан 116,7 млн.теңге керек.

4. «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2 176,7 млн.теңге бөлініп, жоспар бойынша 2 176,7 млн.теңге толық игерілді:
4.1. Ұлттық қор есебінен 725,4 млн.теңге,  Қызылорда қаласы, Сабалақ елді мекеніне орамішілік газ желісі және ШГРП құрылысы, 1-ші іске қосу кешенін жүргізуге бөлініп толықтай игерілді. Жоба құны 1 036,3 млн.теңге.  Жобаны аяқтауға қаржы толық қыркүйек айында ОБ-дан бөлінді. ҚМЖ аяқтауға қыркүйек айында ОБ-дан 205,0 млн.теңге бөлініп жоба толытай аяқталды.
4.2. ОБ-дан 889,4 млн.теңге Сабалақ саяжайына тұтынушыға дейін газ жүйесіне бөлініп, қаржы толықтай игерілді. Жоба аяқталды.
4.2. Қалалық бюджеттен 331,8 млн.теңге Қызылорда қаласында орамішілік газ құбырлары желісін салуға (ақ дақтар) жобасын аяқтауға бөлініп жоба қабылданды.

5. «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бағдарламасы 5 132,7 млн. теңге бөлініп 5 081,4 млн.теңге игерілді:
5.1. ҚР Ұлттық қор есебінен 821,8  млн.теңге бөлініп: «Қызылорда қаласында ағын суларды тазарту қуаты тәулігіне 70,0 мың м3 биологиялық тазарту станциясын жаңарту және автоматтандыру» жобасын жалғастыруға 720,407 млн.теңге бөлініп толықтай игерілді. 2023 жылы басталған «Қызылорда қаласының кәріздік сорғы станцияларын реконструкциялау және жаңғырту. Рабочая көшесінің бойындағы 3 агрегатқа арналған №13 "Гагарин" КСС» жобасын жалғастыруға 101,4 млн.теңге қаржы бөлініп 50,6 млн.теңге игерілді. Атқарылған жұмыс көлеміне сәйкес төленді, 50,8 млн.теңге игерілмеді.
5.2. Облыстық бюджеттен 3 044,7 млн.теңге бөлініп жоспар бойынша 3 032,7 млн.теңге толықтай игерілді. Бөлінген қаржыға «Қызылорда қаласында Камалов көшесі бойымен Н. Шаменұлы көшесінен Көкенов көшесіне дейін су құбыры желісін қайта жаңарту» жобасына 216 921,3 млн.теңге бөлініп толықтай төленіп жоба аяқталды. «Қызылорда қаласында Ге Бон У көшесі бойымен Қазақстан көшесінен Ш.Айманов көшесіне дейін, Ремонтников (Киселев) көшесі бойымен Қазақстан көшесінен Ш. Айманов көшесіне дейін, Путейцев көшесі бойымен Қазақстан көшесінен Жанқожа батыр көшесіне дейін су құбыры желісін қайта жаңарту» жобасына 294,1 млн.теңге бөлініп 294,1 млн.теңге игерілді. «Қызылорда қаласында Байсеитова көшесімен, «Сейхун» институты, «Евразия» спорткомплексі, Есенов көшесі, Мұратбаев атындағы орталық стадионнан №5 КНС-ке дейінгі өздігінен ағатын кәріз желісін қайта жаңғырту» жобасын жүргізуге 202,8 млн.теңге бөлініп 202,8 млн.теңге игерілді, «Қызылорда қаласында Ыдырысов көшесімен, Журба көшесінен Ыдырысов тұйығына дейінгі су жүйелерін қайта жаңғырту» жобасын жүргізуге 104,2 млн.теңге бөлініп толықтай төленіп жоба аяқталды. «Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округінде жалпы қуаттылығы 1440 текше метр болатын 3 дана ұңғыма бұрғылау» жобасын жүргізуге 282,9 млн.теңге бөлініп толықтай төленіп жоба аяқталды. Қызылорда қаласы, Белкөл ауылында су құбыры, қысымды кәріз желілерінің құрылысын жүргізуге 70,5 млн.теңге бөлініп толықтай төленіп жоба аяқталды. «Қызылорда қаласы Сабалақ елді мекеніне су қоймасының құрылысы. Түзету» жобасын бастауға ОБ-дан 415,1 млн.теңге бөлініп игерілгені 415,1 млн.теңге және қаладан 200,4 млн.теңге бөлініп жоба қабылданды. «Қызылорда қаласындағы Ғ.Мүсірепов көшесмі ҚҚ №10тұрғын үй, Скатков көшесіндегі №104, №111 тұрғын үйлердің, Скатков көшесі,  Ғ.Мұратбаев көшесінен КНС-14 ҚҚ-72-ге дейінгі өздігінен ағатын кәріз желілерін қайта жаңғырту жобасына 245,9 млн.теңге блініп 233,9 млн.теңге игеріліп 12,0 млн.теңге жоба қабылдау актісімен тапсырылмай игерілмеді. Қызылорда қаласы орталық бөлігінің су құбыры желілерінің құрылысын бастауға 498,2 млн.теңге бөлініп игерілгені 498,2 млн.теңге, Қызылорда қаласында Торайғыров көшесіндегі су құбыры желісін, тұйық Махабетов көшесіндегі су құбыры құдығынан Қорқыт ата көшесі бойымен КБИ ауданындағы Достық көшесіндегі су құбыры құдығына дейін жаңарту жобасына 263,3 млн.теңге бөлініп игерілгені 263,3 млн.теңге, Қызылорда қаласында ағын суларды тазарту қуаты тәулігіне 70,0 мың м3 биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру. Түзету» жобасына 338,5  млн.теңге бөлінп толықтай игерілді.
5.3. Қалалық бюджеттен 1 266,2 млн.теңге бөлініп жоспар бойынша 762,2 млн.теңге төленді. «Қызылорда қаласында ағын суларды тазарту қуаты тәулігіне 70,0 мың м3 биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру. Түзету» жобасына 885,0 млн.теңге, «Сабалақ елді мекеніне су қоймасының құрылысына түзету» жобасына 200,4 млн.теңге, «Тұран көшесіндегі су құдығынан бастап Ақжарма көшесіндегі су құдығына дейінгі су аралықтағы Өнеге (Свобода) көшесі бойындағы ауыз су жүйесі және Жас Алаш көшесіндегі құдығынан бастап Ақжол көшесіндегі су құдығына дейінгі аралықтағы Тұмарөткел көшесі бойындағы ауыз су жүйесі» құрылысын салуға 130,3 млн.теңге бөлініп ҚМЖ аяқталды.

6. Кезекте тұрған көп балалы және осал топты азаматтарғапәтер сатып алуға 27 216,4 млн.теңге кезекте тұрған осал топты деп танылған адамдарға әпетр сатып алуға қаржы бөлініп, толықтай төленді. РБ-дан 3 827,945 млн.теңге, облыстың бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен 15 296,8 млн.теңге, ОБ-дан  8 091,5 млн.теңге,  бөлінді. Бүгінгі күнге осал топты кезекте тұрған отбасыларға 324 пәтер, үш бөлмелі ипотекалық 741 пәтер, кредиттер есебінен осал топқа 425 пәтер сатып алынды. Барлығы 1490 пәтер сатып алынды.

7. «Жылу энергетикалық жүйені дамыту» бағдарламасы шеңберінде «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігін жылумен жабдықтау (1 кезек). Аяқталмаған кезек» жобасын аяқтауға 735,5 млн.теңге бөлініп толықтай игерілді. Жоба қабылдау актісімен қабылданды. «Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 40 МВт-тық жылу қазандығының құрылысы. Байланыстыру» жобасына 1 687,930 млн.теңге бөлініп толықтай игерілді

8. «Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасымен «Қызылорда қаласы, Сол жағалау шағын ауданы, 188Б құрылыс мекенжайында Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған қоймалары және шағын өнеркәсіптік парктері бар коммуналдық базар құрылысы. Сыртқы желілері» жобасына 174,8 млн.теңге бөлінді. Жоспар бойынша 174,8 млн.теңге қабылдау актісімен қабылданып игерілді.

Дата публикации
06 января 2026
Дата обновления
09 января 2026
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы