
Қала бойынша 2025 жылдың 1 қазанына мүйізді ірі қара 25 083 бас, уақ мал 29 223 бас, жылқы 17 611 бас, түйе 2 774 бас, құс 17 221 бас өсірілуде.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 100,2%-пайызды, қой-ешкі – 89,2% пайызды, жылқы 101,3%-пайызды, түйе 87,5%-пайызды, құс 100,0%-пайызды құрады.
Есепті кезеңде қала бойынша барлығы 1713,2 тонна ет (тірі салмақта), 2461,0 тонна сүт және 592,7 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Өткен жылмен салыстырғанда ет өндіру 101,1% пайызды, жұмыртқа өндіру 100,7 пайызды артса, сүт өндіру 100,2 % пайызды құрады.
2.Қала бойынша жартыжылдық агроесептерді уақытылы жүргізіп, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемдерінің статистикалық есепке алынуын бақылау
Биылғы жылы 8 041 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде:күріш – 3 354 га, бидай – 566 га,қант құмайы – 15 га, жаздық арпа – 30 га,жаңа жоңышқа – 408 га,ескі жоңышқа – 1 203 га,түйе жоңышқа – 15 га,картоп – 131 га,көкөніс – 1 311 га, бақша дақылдары – 1 008 га.
Биылғы жылы егілген 3354 гектар күріш дақыланан 17 440 тонна күріш өнімі жиналып, орта өнім 52,0 центнерді құрады.
Дәнді дақылдар бойынша:
Бидай – 531 гектардан 412 тонна өнім жиналды, орта өнім 7,8 ц/га құрады.Жаздық арпа – 30 гектардан 28 тонна, орташа түсім 9,3 ц/га. Ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша жоңышқа шөбінен 6 766 тонна өнім дайындалды. Орташа өнімділік – 41,9 ц/га.
Көкөніс және бақша өнімдері бойынша:
Картоп – 130 гектардан 1 631,5 тонна өнім, орта өнім 125,5 ц/га.Көкөніс – 1 311 гектардан 17 764,0 тонна, орташа өнімділік 135,5 ц/га. Бақша дақылдары – 1 008 гектардан 13 579,0 тонна, орташа өнім 136,5 ц/га құрады
Күзгі егін жинау жұмыстарына:
20 жатка,29 комбайн,86 трактор,21 тіркеме,5 жүк көлігі науқандық жұмыстар қатысты.