
Ономастика туралы
Ономастика саласындағы жұмысты жетілдіру барысында Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Бөлім Қызылорда қаласы әкімдігінің жанынан құрылған қалалық ономастика жұмысшы тобының қызметін үйлестіреді.
Бүгінгі күні, қала аумағында комиссия шешімімен нақтыланған 1279 көше бар. Оның ішінде, қалада 830 көше (460 көшесі кісі есімімен, 263 көше тарихи жер-су атауларымен аталған, 107 шартты атау берілген) және қалаға қарасты ауылдық округтерде 449 көше бар.
Қызылорда қаласындағы әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктерін атау және қайта атау беру бойынша 2022-2024 жылдар аралығында тиісті заңдылықтарға сәйкес қаралып, қолдауын тапқан 4 ұсыныс Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының кезекті отырысына ұсынуға ықпал жасау мақсатында облыстық қоғамдық даму басқармасына құжаттары жолданды.
Ендігі кезекте, «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілген 7 ұсынысты және облыстық қоғамдық даму басқармасының ұсынысына сәйкес Сұлтанбек Қожанов есімі берілген көшені («Ногина» көшесіне Қызылорда қаласы әкімінің 12.07.1994 ж. №134 қаулысына сәйкес Сұлтанбек Қожанов есімі берілген) лайықты көшеге ауыстыру мақсатында қалалық ономастика жұмысшы тобының отырысында қаралып, облыстық қоғамдық даму басқармасына құжаттары жолданды.
Республикалық ономастика комиссиясы 48 ардагердің есімін қолдап, бекіту туралы оң қорытынды берді. Оның ішінде 17 ардагердің есімі ауылдық округтерден бекітілді. (Ақпарат ретінде Қызылорда қаласы бойынша Қолдау тапқан ардагерлер саны – 31, Қызылжарма а/о – 9, Талсуат а/о -4, Ақсуат а/о – 3, Ақжарма а/о – 1.)
Сонымен қатар, республикалық ономастикалық комиссиясымен бекітілген көше аншлагтарын жазу және орналастыру жөніндегі ұсынымға сәйкес қала аумағындағы көшелерге жаңадан көше тақтайшаларын (талапқа сәйкес QR-код қосымшасымен) ауыстырып, жаңалау мақсатында қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс жолданып, бірлесіп жұмыстар атқарылуда.
Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық оругіндегі идеологиялық тұрғыда ескірген атаулардың барлығына «Тарихи тұлғалар» мен «Жер су» атаулар берілді.
Маңдайша жазулары және жарнамаларды ретке келтіру жайында
2011 жылы Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, осы Заңның 17-2 бабында көзделген құзыреттерді орындау қала әкімінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №2983 қаулысымен қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелді. Жарнамалық нысандарға келісім алуға жататын уәкілетті органдардың бірі ретінде белгіленген «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу кезінде жарнама мәтінінің ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкестігі жайында келісім беріп келеді.
ҚР Тіл туралы Заңының 21-тармағына сәйкес қала орталығындағы жарнамаларды тексеру барысында 2025 жылдың IІІ тоқсаны бойынша 89 нысанға түсіндірме жұмыстары және ескертпе хаттары таратылды. Сондай-ақ, 77 жарнама объектілеріне келісім берілді.
Тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша
Бүгінгі күнге қала көлемінде 85 тарихи-мәдени ескерткіштер бар, оның ішінде республикалық маңызды – 4, жергілікті маңызды – 34 ескерткіш, алдын-ала есепке алу тізіміне ұсынылғандар саны – 47
Оның ішінде тарихи ғимараттар саны – 19, ескерткіштер – 37, және 29 бюсттер бар.
Қала көлеміндегі ескерткіштерді сақтау және пайдалану бағытында бірқатар шаралар жүргізіліп келеді, барлық ескерткіштерге қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары әзірленді.
Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерді теңгерімге алу мақсатында қалалық қаржы бөлімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының аясында тиісті пайдаланушы мекемелердің теңгеріміне берілді. Бүгінде тарихи ескерткіштерге қорғау міндеттемелері толтырылды.
Ғимараттар саны – 19, ескерткіштер – 37 және 29 бюсттер бар.
Қала көлеміндегі ескерткіштерді сақтау және пайдалану бағытында бірқатар шаралар жүргізіліп келеді, барлық ескерткіштерге қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары әзірленді.
Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерді теңгерімге алу мақсатында қалалық қаржы бөлімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының аясында тиісті пайдаланушы мекемелердің теңгеріміне берілді. Бүгінде тарихи ескерткіштерге қорғау міндеттемелері толтырылды.
Мәдени көпшілік-шаралар бойынша
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және бөлімге қарасты мекемелерде 2025 жылдың ІІІ тоқсанында барлығы 854 мәдени көпшілік іс-шара өткізіліп, оған 133240 көрермен қамтылды. Оның ішінде: ауылдық жерде 281 шара, көрермені 16189.
Қызылорда қаласының Қазақ АКСР астанасы болғанына 100 жыл толуына орай «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты облыстық өнер байқауының мәліметі
Қызылорда қаласының Қазақ АКСР астанасы болғанына 100 жыл толуына орай қала әкімдігінің қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен байрақ көтерген облыстық өнер байқауы Жаңақорған ауданының "Арайлы Ақмешітке - қаратаудан қоңыр саз" атты концерттік бағдарламасымен басталды.
Шараға арнайы қатысқан Amanat партиясы облыстық филиалының төрағасы А.Есмаханов, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Б.Нұридинов, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Тажмаханов байқаудың мәні мен мазмұнына қысқаша тоқталып, Қаратау бөктерінен келген көркемөнерпаздарға сәттілік тіледі.
3 шілдеге дейін Қызылорда төрін думанға бөлейтін олыстық өнер байқауына КСРО мәдени-ағарту ісінің үздігі, мәдениет саласының ардагері, белгілі теле-журналист Тілеген Бекарыстанов бастаған кәсіби мамандар қазылық жасайтын болады.
Ұлтық домбыра күніне арналған «Ұлы даланың дүбірі – домбыраның күмбірі» атты мерекелік концертін мәліметі
23 маусым мен 3 шілде аралығында Қызылорда аспанын ән мен жырға бөлеген «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» облыстық өнер байқауы өз мәресіне жетті.
Қорытынды шараға арнайы қатысқан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жанмұрат Сейітов, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Қаюпов және қала әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров барлық қатысушы өнерпаздарға алғаусыз тілегін жеткізді.
Қызылорда қаласының ел астанасы болғанына 100 жыл толуы және биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай ұйымдастырылған байқауға 6 ауданның мәдениет ошақтары және Қызылорда қаласынан Қызылжарма ауылдық мәдениет үйі қатысты.
Аймақтағы мәдениет нысандарының әріптестік байланысын нығайту және ел арасында танылмай жүрген таланттарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған байқау нәтижесі төмендегідей:
орын Қармақшы және Сырдария ауданы
орын Жалағаш және Шиелі ауданы
орын Қызылжарма ауылдық мәдениет үйі, Жаңақорған және Қазалы ауданы
Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, жекелеген өнерпаздар арнайы номинациялармен марапатталды.
Қызылорда қаласының Қазақ АКСР- ның алғашқы астанасы болғанына 100 жыл тоуына орай «Қызылорда-жастар мекені» атты облыстық жайдарманшылар ойындарынан ауыл әкімінің кубогы мәліметі
Қараөзек ауылдық клубы» МКҚК-ның ұйымдастыруымен Қызылорда қаласының Қазақ АКСР- ның алғашқы астанасы болғанына 100 жыл тоуына орай «ҚЫЗЫЛОРДА – ЖАСТАР МЕКЕНІ» атты облыстық жайдарманшылар ойындарынан ауыл әкімінің кубогы сарапқа салынды.
Сайыста 5 команда бақ сынады. Көрерменге қағытпа қалжың сыйлаған кешті Жайдарман ойындарының вицечемпионы, “Үздік ойыншы” Әліби Басаров жүргізді. Тартысқа толы сайыстың жүлделі ІІІ орынын “Политех” құрамасы (Қызылорда қаласы), ІІ орынды “Орда” құрамасы (Қызылорда қаласы), І орынды «Мардан ұландары» құрамасы (Жалағаш ауданы) иеленіп, жеңімпаздар кубокпен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Қатысқан адам саны:90
Қызылорда қаласының қазақ АКСР-ның алғашқы астанасы болғанына 100 жыл толуына орай «Сырлы биім – елге сыйым» атты облыстық би байқауының мәліметі
Үстіміздегі жылдың мамыр айының 15 күні Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Қосшыңырау ауылдық округі «Абай мәдениет Үйі» МКҚК және Қарауылтөбе ауылдық округі «Қарауылтөбе ауылдық клуб» МКҚК ұйымдастыруымен Қызылорда қаласының қазақ АКСР-ның алғашқы астанасы болғанына 100 жыл толуына орай «Сырлы биім – елге сыйым» атты облыстық би байқауы өткізілді. Байқау барысында 8 би ұжымдары қатысып, 2 кезең бойынша өз өнерлерін көрсетті. Қызылорда қаласы Айханым шығармашылық орталығы «бум» би тобы Бас жүлде иеленсе, Сырдария ауданы «Балауса» халықтық би ансамбілі 1 орынды, Қосшыңырау ауылдық округі «Айжұлдыз» би тобы 2 орынды иеленді, ал 3 орынды Талсуат ауылдық округі «Ақ кербез» би тобы мен Тасбөгет кенті C.Майқанова мәдениет Үйі «Шаттық» би топтары бөлісті, жәнеАқсуат ауылдық округі «Ақсуат мәдениет Үйі» МКҚК «Қызғалдақ» би тобы,Жалағаш ауданы «Аққыр ауылдық клубы» «Шаттық» би тобы және Ақжарма ауылдық округі «Мерей» би тобы алғыс хаттармен марапатталды, барлық би ұжымдарына қаржылай сыйлықтар табысталды. Қатысушы адам саны: 158
«Қала күні» мерекесі аясында Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай «KitapTime-2025» ІV жалпы республикалық кітап фестивалінің мәліметі
«Қала күні» мерекесі аясында Орталық алаңдағы «Өнер арбатында» Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай «KitapTime-2025» ІV жалпы республикалық кітап фестивалі өтті.
Мәдени шарада қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай қаланың тарихына тоқталып, кітаптың мән-маңызын түсіндіріп, кітап адамзаттың ең басты серігі болып қала беретінін айтты.
Жәрмеңкеде қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Алаштың анасы – бақыттың қаласы Қызылорда» атты кітап көрмесін таныстырды. Көрмеге «Ақмешіт» мұражайында сақтаулы тұрған 1925-1928 жылдары жарық көрген ақын-жазушылардың ең алғаш шыққан кітаптары қойылды. Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда әлем және қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары, балаларға арналған ертегілер мен энциклопедиялық еңбектері паш етілді.
Сонымен қатар, өзге өңірлерден «Қасым», «Сана», «Мазмұндама» баспалары, жергілікті «Атамұра», «Кітап ал» дүкендері өз кітаптарын ұсынып, сатылымға шығарды. Жастар арасында «QAZAQSHA QUIZ» интеллектуалды сайысы өткізіліп, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар берілді.
Мерекелік шарада қала әдебиеті мен мәдениетіне елеулі еңбек етіп жүрген оқырмандар қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Одан бөлек, «Үздік кітапхана», «Үздік кітапханашы», «Үздік оқырман отбасы» номинациясы табысталды.
Кітап жәрмеңкесіне 1000-ға жуық оқырман келіп, көрмені тамашалады. Ерекше айта кету керек, бүгінгі шарада жастар белсенділік танытып, жәрмеңкенің көрігін қыздырды.
Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуы аясында Қала күні мерекесіне арналған «Сыр шеберлерінің жұлдыз құрағы» атты мәдени-көпшілік шараның мәліметі
2025 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 11.00-де Орталың алаң «Өнер» арбатында Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуы аясында Қала күні мерекесіне арналған «Сыр шеберлерінің жұлдыз құрағы» атты мәдени-көпшілік шарасы болып өтті.
«Мерейтой аясында ұйымдастылған «Сыр шеберлерінің жұлдыз құрағы» атты мәдени-көпшілік шара — халқымыздың бай мұрасын, ұлт өнерін, қолөнер шеберлерінің талантын дәріптейтін маңызды алаң.
Сыр өңірі — елдігіміздің, мемлекетіміздің қалыптасуына үлес қосқан, тарихы терең, мәдениеті бай мекен. Сондықтан бүгінгі шараның мәні де, маңызы да ерекше» деген қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев мерекеге тарту жасаған Сыр шеберлеріне шынайы ризашылығын жеткізді.
Сонымен қатар, 100-ден астам шебердің ортақ іске бас біріктіруіне мұрындық болған белгілі қолөнер шебері Үржамал Жайбергеноваға арнайы алғыс хат табыстап, құрмет жасады.
Келесі боп сөз алған облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық кәсібін заңдастырып, ұлттық кодымызды жаңғыртуға үлес қосып жүрген қолөнер шеберлерінің игі бастамасына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде Үржамал Әбдібайқызы «Жұлдыз құрағы» деген атаудың мағынасы — ел ішіндегі береке мен бірліктің, шеберлік пен шабыттың символы екенін айтып, қолдау жасаған қала басшылығына алғыс білдірді.
Ары қарай қала және қалаға қарасты ауылдық округ өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласқан мәдени шара соңында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев барлық атсалысқан қолөнер шеберлеріне арнайы алғыс хаттар табыстады.
Қатысқан адам саны- 1000
Мұнайшылар мерекесі қарсаңында «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауы мен қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасының мәліметі
2025 жылдың 5 қыркүйегі күні А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауы мен «Мереке» вокалды аспапты ансамблі өнерпаздары Мұнайшылар мерекесі қарсаңында «Құмкөл» кешеніне гастрольдік сапармен барды. Көңілді кеште 30 жылдан астам тарихы бар «Мереке» вокалды-аспапты ансамблінің жанды дауыстағы жүректі тербетер әндерді көрермен бірге шырқап, «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауының астарлы әзілдері мұнайшылардың және қонақтардың көңілін көтеріп, күлкіге көмді.
Қатысқан адам саны -300
Сол жағалаудағы 280 пәтерлі 7 көпқабатты тұрғын үй кешенін табыстау салтанатының мәліметі
2025 жылдың 17 қыркүйек күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен сол жағалаудан бой көтерген, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған 280 пәтерлік 7 тұрғын үйді иелеріне табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы жаңа қоныс иелеріне құттықтауын жеткізді.
«Биыл ұлтымыздың тарихи «Қазақ» атауының қайтарылғанына, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл, бұл мереке кең көлемде аталып өтуде.
Мемлекет басшысының қолдауымен мерейлі жыл аясында аймағымызда сәулеті келіскен, әсем де заманауи ғимараттар бой көтеріп, саябақтар мен аллеялар қайта жаңғыртылып, жолдарымыз кеңейіп келеді.
Бүгін жерлестеріміздің баспаналы болу қуанышына ортақтасып, пәтер кілтін табыстау рәсіміне жиналдық.
Аймағымызда халқымыздың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда.
Аудан орталықтарында жаңадан салынған 1500-ге жуық пәтер табысталды.
Аймағымыздың ажарын айшықтап, сәулетіне сән қосатын, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне жаңаша серпін беретін құрылыс индустриясын дамытуда құрылысшыларымыздың үлесі орасан зор. Баспаналы болу әрбір отбасыны жақсылыққа жетелейді. Қоныстарыңыз құтты болсын!», – деді Н.Нәлібаев.
Салтанатты рәсімде пәтер иелеріне қуаныш сыйлап, тұрғын үйлердің құрылысын сапалы жүргізген мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-нің құрылысшыларына облыс әкімінің алғыс хаты табысталып, Қызылорда облысының құрметті азаматы Ибрагим Әбибуллаев батасын берді.
Қатысқан адам саны - 500
Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл толуына арналған «Жауһар жырдың Асқары» атты облыстық көркемсөз оқу шеберлері байқауының мәліметі
2025 жылдың 18 қыркүйек күні сағат 10.00-де қазақ әдебиетінде, қазақ руханиятында өзіндік орыны дараланған ақиық ақын Асқар Тоқмағамбетовтың 120 жылдығына арналған «Жауһар жырдың Асқары» атты облыстық көркемсөз оқу шеберлері байқауы өтті. Сатира сардарының өз атымен аталатын қалалық мәдениет Үйінде өткен байқауға облысымыздың әр ауданынан және Қызылорда қаласынан 9 талапкер қатысып, бақ сынады.
Байқауға ақын, қалалық мәдениет үйі, клубтар және халықтық ұжымдар мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны әдіскері Ғабит Кәдірбай; автор-сценарист, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ақпараттық сектор меңгерушісі Қонысбек Мәлік және қалалық «Жастар» театрының әртісі Жұмахмет Азамат қазылық жасады.
Қазылардың шешімі бойынша Амангелдина Камила дараланып, байқаудың жеңімпазы атанды. Жүлделі 1 орынды шиелілік талапкер Бекболат Тұрар иеленсе, сырдариялық Балғабай Аяулым 2 орынға лайық деп танылды. Ал жүлделі үшінші орынды Жалағаш ауданы Аққұм ауылынан келген Ержігіт дамира иеленді.
Қалған қатысушы талапкерлер алғыс хатпен ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
Қатысқан адам саны-100
«Q - Sound» заманауи бағыттағы ән-би кешінің мәліметі
2025 жылдың 20 қыркүйек күні сағат 18.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Орталық алаң «Өнер» арбатында «Q - Sound» заманауи бағыттағы ән-би кеші болып өтті.
Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған Тұржан Сұлтанбек жетекшілік ететін «Ordadrive» заманауи би тобы, «Арайлы» би тобы, жас бишілер Аманжол Дастан, Әділет Әбенов және Нұрай, Пірмағанбет Маржан, сондай-ақ S.T Production топтары өнер көрсеткен керемет кеш көпшіліктің көңілінен шығып, қала тұрғындарына жақсы көңіл күй сыйлады.
Қатысқан адам саны – 500
Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуы аясында Қала күні мерекесіне арналған «Сыр шеберлерінің жұлдыз құрағы» атты мәдени-көпшілік шараның мәліметі
2025 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 11.00-де Орталың алаң «Өнер» арбатында Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуы аясында Қала күні мерекесіне арналған «Сыр шеберлерінің жұлдыз құрағы» атты мәдени-көпшілік шарасы болып өтті.
«Мерейтой аясында ұйымдастылған «Сыр шеберлерінің жұлдыз құрағы» атты мәдени-көпшілік шара — халқымыздың бай мұрасын, ұлт өнерін, қолөнер шеберлерінің талантын дәріптейтін маңызды алаң.
Сыр өңірі — елдігіміздің, мемлекетіміздің қалыптасуына үлес қосқан, тарихы терең, мәдениеті бай мекен. Сондықтан бүгінгі шараның мәні де, маңызы да ерекше» деген қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев мерекеге тарту жасаған Сыр шеберлеріне шынайы ризашылығын жеткізді.
Сонымен қатар, 100-ден астам шебердің ортақ іске бас біріктіруіне мұрындық болған белгілі қолөнер шебері Үржамал Жайбергеноваға арнайы алғыс хат табыстап, құрмет жасады.
Келесі боп сөз алған облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық кәсібін заңдастырып, ұлттық кодымызды жаңғыртуға үлес қосып жүрген қолөнер шеберлерінің игі бастамасына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде Үржамал Әбдібайқызы «Жұлдыз құрағы» деген атаудың мағынасы — ел ішіндегі береке мен бірліктің, шеберлік пен шабыттың символы екенін айтып, қолдау жасаған қала басшылығына алғыс білдірді.
Ары қарай қала және қалаға қарасты ауылдық округ өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласқан мәдени шара соңында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев барлық атсалысқан қолөнер шеберлеріне арнайы алғыс хаттар табыстады.
Қатысқан адам саны- 1000