Лого

Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың IІІ-тоқсанында жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар туралы

Мемлекеттік жастар саясатын жүргізу.

Қызылорда қаласында статистикалық мәліметке сәйкес, 2025 жылға 362 мың 279 халық, оның ішінде 103 мың 102 (ауыл жастары 12 499) 14 пен 35 жас аралығындағы жастар. Бұл қала халқының 28,5 пайызын құрайды.

Оқу орындары бойынша

Қала бойынша бүгінгі күні барлығы 17 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде 17 371 білім алушы студент бар. Қызылорда Болашақ университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және Қызылорда Ашық университетінде 15 000-нан астам студент білім алуда.

Өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын дамытуға 2025 жылы 19 млн.
381 мың теңге
қаржы қаралып, бөлінген қаржыға 8 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

Ақпарат ретінде:

1. «Жұмысшы мамандықтарды насихаттау» әлеуметтік қызметі

2. «Ауыл жастарына қолдау көрсету және әлеуметтендіруді жүзеге асыру» әлеуметтік қызметі

3. «Жастар орталығы, жастар үшін мүмкіндік алаңы» әлеуметтік қызметі

4. «Жастар арасында патриоттық сананы қалыптастыру және отбасы құндылықтарын насихаттау» әлеуметтік қызметі

5. «NEET санатындағы және қылмысқа бейім жастарды әлеуметтендіру» әлеуметтік қызметі

6. «Волонтерлік және қоғамға пайдалы жастар» әлеуметтік қызметі

7. «Qyzylorda youth Fest» жастар күнін атап өтуге бағытталған мәдени көпшілік іс-шаралар» әлеуметтік қызметі

8. «Qosyl Premya жылдың қорытынды кеші»  әлеуметтік қызметі

 Қала жастарына «Qosyl» деген атпен танымал болған қалалық жастар ресурстық орталығының қызметін 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында  4168 жас пайдаланды. Жастардың сұранысына орай орталықта WI-FI, коворкинг орталығы, спорттық секциялар, креатив фото-видео студиясы, би залы, жастар ұйымдары кабинеті тегін қызмет көрсетуде.

Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де 16 штат (директор, есепші, кеңесші – 10, теолог-1, күзетші – 3, аула күтуші, техникалық қызметкер) берілген. Оның 9 маманы тікелей жастармен айналысады.

2025 жыл қаңтар-тамыз айынан бері атқарылған шаралар саны - 141 шара, шараларға қамтылған жастар саны – 6150, тұрақты қамтылған жастар
саны - 600, орталық қызметіне жүгінген жастар саны – 4168,
Орталық мамандарынан кеңес алған (онлайн/офлайн) жастар саны – 1980.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 32 жариялым жарық көрген,
орталықтың @qosyl.mrc инстаграм парақшасында 7232 оқырман бар,
82 пост жарияланған, фейсбук парақшада 4998 достығы бар,  311 пост жарияланды.

Биылғы жылдан бастап Threads және Tik tok әлеуметтік желілеріндегі парақшалары іске қосылды. 

Құқық бұзушылық бойынша

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қала әкімдігі жанынан құрылған жедел топ, ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге жыл басынан бері 22 рет түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.

Жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу және отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі, буллинг және психологиялық кеңес, зиянды әдеттерден аулақ болу бойынша сала мамандарының қатысуымен
29 кездесу өткізіліп, 2 207 жас қамтылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша кездесулер
айына 2 мәрте тұрақты түрде өткізіледі. Қаңтар-қыркүйек айы 18 рет өткізілді.

Жастар мен жасөпірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында биылғы жылдан бастап «Qosyl Ақпарат» деген атаумен жастарға ақысыз қызмет көрсететін орталықтардың жұмысын ақпараттандыру жұымыстарын жүзеге асырудамыз. Соның ішінде мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша қызмет көрсететін орталықтар туралы.

Жаңа 2025-2026 оқу жылының басынан бастап қала аймағында орналасқан оқу орындары жанындағы  жатақхана студенттерімен ашық кездесулер өткізілуде.

Әлеуметтік жоба бойынша.

         Биылғы жылдан бастап мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша әлеуметтік жобалар қатарына «NEET санатындағы және қылмысқа бейім жастарды әлеуметтендіру» әлеуметтік қызметі қосылды. Жоба аясында жұмыссыз жастарға арналған жұмыс орындарына экскурсиялар, оқытулар мен тренингтер мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық жұмыстар ұйымдастырылуда. Жұмыссыз және базар жастары арасында кіші футболдан турнирлер бастау алды. Қазан айында «Жастар.Тәртіп.Құндылық» тақырыбында 300-ге жуық қала мектеп оқушылары мен ТжКБ мекемелерінің студенттерін қатыстыра жиын ұйымдастыру жоспарлануда. Аталмыш жиынға танымал тұлғалар тартылатын болады.

«Жастар орталығы, жастар үшін мүмкіндік алаңы» әлеуметтік қызметі бойынша Ұлттық спорт күнінің қарсаңында қалаға қарасты ауылдық округ және кент жастары арасында асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, садақ ату, бес тас және аударыспақ сынды ойындардан сайыс өткізілді. Жеңімпаздарға ұйымдастарушылар тарапынан арнайы марапаттар мен бағалы спорттық тауарлар сыйға берілді.

Жастар мамандарының біліктілігін арттыру бағытында
«Жастар мамандарын оқыту» семинар-тренингі ұйымдастырылды.
Аталмыш тренинг аясында барлық деңгейдегі жастар орталықтарының мамандары және қалаға қарасты ауылдық округтер мен кент жастар мамандары тартылды. Бірінші кезекте мамандардың біліктілігін арттыру және «Жастар сұранысын табу, бастамашыл топтарға ресурстар ұсыну», «NEET санатты жастармен жұмыс істеудің түрлі тәсілдері мен әдістемелерімен танысу» модульдері негізінде өткізілді.

 NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету бағытында атқарылған жұмыстар барысы туралы.

Ақпарат ретінде: студент – 139, жұмыссыз – 552, бала күтімі – 195 ,мүгедектігі бар азаматтар-212, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар- 171, көшіп кеткен, аталған адресте тұрмайтындар- 286, мекенжайы картада көрсетілмеген және анықталмаған-228, тұрақты жұмысы бар- 170, әскердегі азаматтар- 8, уақытша жұмыс жасаушылар- 254,              оқушы-3,сотталған азамат-21, қайтыс болған-3, басқа елде жұмыс жасаушы- 93, қалаға қарасты адрестер- 35, есігін ашпаған-562, тұрғын үй орнында мекеме орналасқан-31,
басқа қала тұрғындары- 261.
  

16 қыркүйектегі Отбасылық цифрлық карта мәліметі бойынша «NEET» санатындағы жастардың саны 2382 адамды құрады.

Жұмыссыз жастар үшін, «Мансап» орталығымен бірлескен 8 мәрте  «Мүмкіндіктер алаңы»  бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, 4 мәрте
«Көшпелі кеңес» өткізіліп, NEET санаттағы азаматтарды телефон байланысы арқылы шақыру ұйымдастырылды.  Аталмыш бағыттағы жұмыстар ай сайын тұрақты өтіп отырады

«Жұмысшы мамандықтарды насихаттау» әлеуметтік қызметі

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды
«Жұмысшы мамандықтары» жылы деп жариялады. Осыған сәйкес биылғы жылы да орталық тарапынан бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. «Jastar X» диалог алаңы құрылып  кәсіби бағдар беру бағытындағы жұмысшы мамандармен кездесулер ай сайын тұрақты өтуде.
Аталмыш жобаның аясында қыркүйек айында «Жас дәнекерлеушілер» сайысы өткізілді. Байқауға 15 жас маман қатысып, екі кезең бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды. Алдағы уақытта бұл бастама жалғасып, жас аспаздар, тігіншілер, электриктер мен құрылысшылар арасында да осындай байқаулар ұйымдастырылатын болады. «Жұмысшы мамандар» форумы аясында жабылу салтанатын өткізу жоспарлануда.

Дата публикации
15 октября 2025
Дата обновления
16 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы