Лого

Меню

Страницы

Статья

2025 жылғы ІIІ тоқсанда үкіметтік емес ұйымдармен атқарылған жұмыстар туралы

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша облыстық әділет департаментінде 681 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде қоғамдық бірлестіктер 289, қоғамдық қорлар 175, ассоциациялар 26, филиалдар 191.

Жыл басында ҮЕҰ дерекқорына өз мәліметтерін уақытылы ұсыну жөнінде ескертпе, хабарландырулар қалалық «Ақмешіт ақшамы», «Ақмешіт апталығы» газеттерінде, Қоғам ТВ телеарнасының жеке сектор айдарында, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілеріндегі қала әкімдігінің және қалалық қоғамдық даму бөлімінің ресми парақшаларында, gov.kz мемлекеттік органдар сайтында, qorda.kz қалалық қоғамдық даму бөлімінің ресми сайтында жарияланды.

Қалалық кірістер басқармасының мәліметіне сәйкес, 16 ұйым жұмысын уақытша тоқтатқан, 6 ұйым жабылу сатысында, 6 ұйым таратылуда, 3 ұйым мәжбүрлі түрде жабылуға жатады. Сонымен қатар, Қалалық кірістер басқармасымен бірлесе отырып, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік-маңызды жобаларын жүзеге асыру қызметі бойынша 2025 жылға қалалық бюджеттен 37 млн 077 мың теңге қаржы бөлініп, оған 7 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Атап айтқанда:

1. «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихаттық шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы. Жоба құны 4 млн теңге.Жоба жеңімпазы «Облыстық мүгедек спортшылардың «Жігер» ҚБ.

Жоба аясында зайырлы мемлекет құндылықтарын насихаттау мақсатында Қызылорда қаласы аумағындағы мешіт жамағаттары мен қызметкерлері арасында кіші футболдан «Теңбіл доп» ойыныұйымдастырылды.  «Руханият керуені» жобасы бойынша 30 кездесу өткізілді. 3 теологпен 15 азаматты оңалту мақсатында  120 адрестік кездесулер өткізілді.

2. «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы. Жоба құны 6 млн550 мың теңге. Жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Жоба жеңімпазы «Ай-Қанат» жастар ҚБ.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, мемлекеттік саясатты ақпараттандыруға сүбелі үлес қосқан журналистерді көтермелеу мақсатында республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерін арнайы сыйлықтармен марапаттап, жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен мерекелік шара және турнирлер ұйымдастылды. Жоба аясында 27 маусым күні «Қаламгерлер» аллеясында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Шарада шаһардың тыныс-тіршілігін, өзекті мәселелері мен жарқын жетістіктерін ақпараттандырып, халық пен билік арасында алтын көпір бола білген 30 сала үздігіне қала әкімінің арнайы алғыс хаты мен 150 000 теңге қаржылай сертификаты табысталды. Сондай-ақ, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, бірнеше кітаптың авторы  Жүзбай Ибрагимұлының мерейлі 75 жасқа толуына орай кәде-құрмет көрсетілсе, ақын, белгілі журналист,  Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Дүйсенбек Аяшұлы Қызылорда қаласының ең жоғарғы марапаты «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Сонымен қатар, «Кызылординские вести» газетінің 95 жылдық мерейтойына орай және Республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық «Халық» газетінің 25 жылдық мерейтойына орай басылым ұжымдарына арнайы алғыс хат және арнайы сый (телевизор) табысталды.   Сонымен қатар, қаладағы БАҚ өкілдері боулинг пен бильярд турнирлерінде өзара бақ сынасты.Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздар лайықты марапаттарын иеленді.

3. «Cыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме жұмыстарын, адам саудасы мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы. Жоба құны 5 млн теңге.Жоба жеңімпазы «Облыстық жастар одақтары» қоғамдық бірлестігі. Жоба аясында қалаға қарасты кент, ауылдық огругтерінің тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес,алаяқтық және құқықтық сауаттылық туралы кеңес беру кездесу өткізілді. Қала көшелеріне (Желтоқсан,С. Бейбарыс көшелері, Н.Назарбаев даңғылына) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыптарын қамтитын көрнекі ақпарат құралдары орналастырылды. Қала орталықтарында халық көп шоғырланған орындарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық таратпа материалдар таратылды. Қалада құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша тиісті орган қызметкерлерінің қатысуымен 6 рет рейд жұмыстары жүргізілді.

Қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы «Үздік бейнеролик» тақырыбында қалалық байқау ережесі әзірленіп, әлеуметтік желіге жарияланды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында шағын футбол, болейбол, шахмат және үстел теннисінен турнир өткізілді.

«Сыбайлас жемқорлық және алаяқтық – қоғам дерті» тақырыбындағы

дөңгелек үстел отырысы өтті.

Жоғарғы оқу орындары және арнаулы орта оқу орындары студенттері арасында «Брейнринг» интеллектуалды ойынын ұйымдастырылды.

А4 форматта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық таратпа материалдар әзірлеп, халық көп шоғырланған орындарда, қоғамдық орындарда, сауда орындарында таратылуда;  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерімен кездесу, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

6 қыркүйекте «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме жұмыстарын, адам саудасы мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі» орталығы КММ-нің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, алаяқтық және құқықтық сауаттылықты арттыру туралы кеңес беру кездесуі өтті. Кездесу соңында қатысушыларға QR форматы арқылы іс-шара туралы сауалнама жүргізілді.

4. «Азаматтық қоғам институттарының бастамаларын қолдау бойынша шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы. Жоба құны 3 млн 500 мың теңге. Жоба жеңімпазы«Туған жер» қоғамдық қозғалысы ассоциациясы.

Жоба аясында 15 ақпан күні Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай«Тағзым алаңы» аумағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

27 ақпан күні Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні мерекесіне орай Достық үйінде бірқатар ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ҮЕҰ өкілдері қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. 28 ақпан күні Невада-Семей антиядролық қозғалысының құрылған күніне орай еске алу шарасы, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай түрлі салада еңбек етіп жүрген әйел-аналарды құттықтау шарасы өткізіліп, Қала әкімінің атынан құттықтау хат беріліп, сый-сыяпат жасалды.

 7 сәуір күні Тәжікстан - Ауғанстан шекарасындағы әскери қақтығыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алу күніне орай, «Тағзым алаңы» аумағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. 26 сәуір күні Чернобыльдағы радиациялық апат құрбандарын еске алу күніне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

9 – мамыр Жеңістің 80 жылдығына орай ҮЕҰ өкілдері мен жастардың кездесуі өтті, Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына орай дөгелек үстел ұйымдастырылып, жиынға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тарихшылар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, ұстардар мен жастар қатысты.

11 - мамыр Аналар күніне орай «Қызылорда қаласының тарихи» музейінде елге еңбегі сіңген ардақты арналарға арналған «Сыйынар ем, ана деген тәңірге»  атты мерекелік кездесу өтті. 

15 мамыр - Отбасы күніне орай отасқанына 51 жыл толған алтын той иелері, білім саласының үздік ардагерлері  Мырзабаевтар отбасына, 53 жыл отасқан орыс ұлтының өкілдері – Климкиндер отбасына, өнерлі отбасы – Қожабековтер әулетіне, журналистика саласының дамуына үлес қосқан – Жетпісбаевтар отбасына қала әкімінің  алғыс хаты мен сый-сияпаты табысталды.

7 маусым – Чернобыль, Ауғанстан және Совет армиясы әскерлерінің жесірлері «Ару-Ана» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толуына орай еске алу митингісі өтті.

29 тамыз- Семей ядролық полигонының жабылған күніне орай еске алу шарасы, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Отбасы күніне орай «Анаға тағзым» орталығында «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты тағылымды кездесу өтті.2025 жылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы қалалық кезеңінің ІІ орын жеңімпазы Мыңжасаровтар, ұстаздар әулеті, жарты ғасырлық тарихы бар «Алтын той» иелері Мырзабаевтар,денсаулық саласының ардагері, Қазақстан Республикасының Алтын дәрігер иесі Сәрсенбайұлы Жақсылық аға мен отанасы, «Жаңа серпіліс» қоғамдық қорының төрайымы Сәрсенбаева Сапура Қожантайқызы шақырылды. Шара қонақтары саналы ғұмырларында отбасында өткізген өмірлері, көрген қиындықтары мен отбастарындағы қағидалармен және қызықты оқиғалармен бөлісіп, жастарға қиын-қыстау кезеңде отбасыны берік сақтап қалу туралы ақыл-кеңестерін айтып, бата берді.

Шара соңында қонақтарға алғыс білдіріп, қала әкімінің атынан алғыс хат беріліп, сый-сыяпатпен құрмет көрсетілді.

1 қазан – Қарттар күнінде үкіметтік емес ұйым өкілдерінің ардагерлеріне құрмет көрсетілді.Өңірімізде қазыналы қарияларды жан-жақты әлеуметтік қолдау, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда.Қазақ халқы «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деген. Бұл – халықтың ғасырлар бойғы құрметінің айқын көрінісі.

5. «Үздік аула – 2024 байқауы» әлеуметтік жобасы. Жоба құны 1 млн 900 мың теңге. Жоба жеңімпазы «Облыстық жастар одақтары» қоғамдық бірлестігі. Қазіргі таңда «Үздік аула-2025» үлгілі аулалар байқауы жарияланып, қабылдау жүргізілуде.

2025 жылғы 24 қыркүйек күні Қызылорда қалалық «Үздік аула-2025» байқауының жеңімпаздарын анықтау мақсатындағы комиссия отырысы өтті. Төменде таңдалған «Үздік аула-2025» байқауының жеңімпаздарына комиссия  мүшелері келісім білдіріп, шешім қабылданды.

6. «Мерейлі отбасы байқауының қалалық кезеңін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы. Жоба құны 1 млн 277 мың теңге. Жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық деңгейдегі бірінші кезеңіне конкурсқа қатысуға қала орталығынан, қалаға қарасты кент және ауылдық округтерден, әр түрлі салалардан 36 отбасы өтінім білдірді.

30 маусым күні қалалық комиссиямен конкурс критерийлеріне сәйкес келетін 25 отбасының құжаттары қаралды. Комиссия мүшелерінің шешімімен жеңімпаз атанған қалалық «Мерейлі отбасы» конкурсының бірінші кезеңінен өткен екі үміткердің құжаттары конкурстың екінші кезеңіне облыстық комиссияға жолданды.

7. «Интернет ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты ұйымдастыру, қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу» әлеуметтік жобасы. Жоба құны 14 млн 850 мың теңге.

 

Дата публикации
15 октября 2025
Дата обновления
16 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы