
«ӨНДІРІС» индустриялдық аймағы бойынша мәлімет
Қызылорда қаласы бойынша «Титов» тұрғын ауданы мекенжайында орналасқан жалпы көлемі 366 гектар жер учаскесі индустриялық аймақ болып белгіленді.
Аталған индустриялық аймаққа қажетті инженерлік инфрақұрылымы жүйелері жеткізілді.
Қазіргі таңда, индустриялық аймақта 4 жоба тұрқты жұмыс жасауда.
Ақпарат үшін:
1. Жеке кәсіпкер «Ақселеу»-дің «Күйдірілген қыш шығару шағын зауыты» жобасы
2. «Orda Glass LTD» ЖШС-ның «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы
Бұдан бөлек, 2024 жылдың маусым айында «Orda Glass LTD» ЖШС-нің шыны зауыты жанынан электр үнемдейтін шыны зауыты іске қосылды.
3. «Қызылорда Саз М» ЖШС-нің «Заманауи кірпіш зауыты» құрылысы;
4. «Ayna Glass» ЖШС-нің «Жоғары технологиялы айна шығару зауыты».