
Өнеркәсіп
Қала экономикасында өңдеу өнеркәсібінің дамуы тамақ өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, химия және жеңіл өнеркәсіптері есебінен қалыптасқан.
Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 2025 жылдың қаңтар-тамыз айында 351 647 388 млн. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 81,9% құрады.
Есепті кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 258 093 655 млн. теңгенің шикі мұнай өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 78,4 % құрады.
Өңдеуші өнеркәсіп саласында 64 601 877 млн.теңгенің өнімі өндіріліп өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 100,2% құрады. Оның ішінде:
Жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша 875 740 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 62,5% орындалды. Оның ішінде, киім өндіру 593 610 млн. теңгені өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 58,6%, тоқыма бұйымдарын өндіру 272 330 млн.теңгенінемесе 85% құрап отыр.
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында 5 775 426 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 112 % құрады.
Химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 591 270 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 98,5% құрап отыр.
Резеңке және пластмасса бұйымдарыөндірісінде 1 360 262 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 136 % орындалып отыр.
Машина жасау, жөндеу және орнату саласында есепті кезеңде
13 212 563 млн.теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 97,9% құрап отыр.
Есепті мерзімде өзге металл емес минералдық өнімдерін өндіру (кірпіш, тауарлы бетон және темір бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар) саласы бойынша 22 770 642 млн. теңгенің өнімі өндіріліп немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 89,2% орындалып отыр.