
«Ақжарма ауылдық округінің Баймұрат батыр ауылындағы көшеге атау беру туралы» Ақжарма ауылдық округі әкімінің шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің шешім жобасын әзірлеуші орган болып табылады.
Шешім жобасы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақжарма ауылдық округінің Баймұрат батыр ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы қорытындысына сәйкес әзірленді.
Мүдделі мемлекеттік органдармен келісуді қажет етпейді.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына
2025 жылдың 05 қыркүйегінде орналастырылды