
Кірістер бойынша:
2025 жылдың 1 шілдесіне Қызылорда қаласы бюджетінің кіріс бөлігі жалпы 100,9% (болжам 51 906,6 млн. теңге, нақты түскені 52 364,8 млн. теңге), оның ішінде қаланың өз кірістері 108,7% орындалған (болжам 19 060,0 млн. теңге, орындалғаны 21 076,7 млн. теңге), 2 016,6 млн. теңге артығымен түскен.
Жоғарғы бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен субвенция 95,1% түскен.
Шығындар бойынша:
2025 жылдың 1 шілдесіне қала бюджетінің бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша шығындары 99,3% орындалды (54 597,2 млн. теңге жоспардың атқарылуы 54 208,6 млн. теңге). Игерілмеген қаржы – 388,6 млн. теңге.
- Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер 95,4% игерілді (жоспар 8 230,3 млн.теңге, игерілгені 7 849,1 млн.теңге).
- Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер 100% игерілді (жоспар 18 327,8 млн.теңге, игерілуі 18 326,6 млн.теңге).
- Қалалық бюджет 100,0% пайызға игерілді (жоспар 28 039,0 млн.теңге, игерілуі 28 031,9 млн.теңге).