
2025 жылдың І жартыжылдығында (қаңтар - маусым) жеке және заңды тұлғалардан қала әкімі аппаратына барлығы 7374 өтініш (оның ішінде: арыз - 5999, шағым- 202, ұсыныс, хабарлама сұрату, үн қосу – 1173) түсіп, өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 6,6%-ға төмендеген (2024 жылдың осы кезеңінде жалпы өтініш – 7894, арыз - 7187, шағым –131, ұсыныс, хабарлама сұрату, үн қосу –576).
Қайта бағытталған жолданымдар – 2212 (2318), орындалғаны – 4583 (5576), орындалу үстінде – 579 .
Қала әкімі Н.Ахатовтың жеке қабылдауы тізіміне жыл басынан 169 тұрғын жазылды. Бүгінгі күнге 77 азамат қабылданып, 135 мәселе көтерілді. Орындалғаны– 25, түсіндірілгені – 45, орындалу үстінде – 58.