
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:
- «Қызылорда қаласының бас жоспары» құжатының әсер ету скринингі бойынша есеп.
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС.
СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
СЭБ материалдарын әзірлеуге жауапты: Заридзе Ж.Г.
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төменде аталған мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі:
- құрылыстың бірінші кезегі - 2032 ж.;
- есептік мерзім - 2045 ж.;
- тұжырымдама (ұзақ мерзімді болжам) - 2050 жылға дейін.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімдерді өткізу мерзімі: 2025 жылғы 28 шілдеден бастап 15 тамызға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылдың 15 тамыз).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі - Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8
Экологиялық саясат департаменті
Тел.: 8 (7172) 74-08-90, 74-02-83
8 70761731743
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:
- электронды түрде на эл.адрес Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);
- e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz; n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz
- «WhatsApp» номері: 8 707-617-31-74
СЭБ бойынша материалдар:
Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
Тапсырыс берушінің сайтында жарияланған.