2025 жылдың 23 шілде күні сағат 9:25 Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:
- «Қазақстан Республикасындаға сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-1 бабының 1 тармағына сәйкес, Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің сайлау күнін тағайындау туралы;
- Өкілеттік мерзімі аяқталған Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізудің күнтізбелік жоспары туралы.
- Қызылорда қалалық сайлау коммисиясы құрамының барлық мүшелері мен сарапшы мамандарды 2025 жылдың 23 шілде және 31 тамыз аралығындағы мерзімде жұмысқа тарту, еңбек келісімшартын жасау туралы;
- 2025 жылғы 31 тамызға тағайындалған Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы мүшелерінің демалыс және мереке күндердегі кезекшілік кестесін бекіту туралы;
- 2025 жылғы 31 тамызға тағайындалған Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу кезіндегі полиграфиялық, типографиялық, автокөлік қызметтерін және кеңсе тауарларын сатып алуға кәсіпкерлерді таңдау туралы;
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі, №21, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ «Қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдары» МКҚК ғимараты.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу 2025 жылдың 23 шілде күні сағат 9.20 дейін келесі телефон бойынша жүзеге асырылады 8(7242) 273720