
Өнеркәсіп
Қала экономикасында өңдеу өнеркәсібінің дамуы тамақ өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, химия және жеңіл өнеркәсіптері есебінен қалыптасқан.
Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 2025 жылдың қаңтар-маусым айында 260 010 328 млн. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 88,3% құрады.
Есепті кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда
189 246 932 млн. теңгенің шикі мұнай өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 85,3% құрады.
Өңдеуші өнеркәсіп саласында 47 125 140 млн.теңгенің өнімі өндіріліп өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 103,7 % құрады. Оның ішінде:
Жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша 699 141 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индекс 78,7% орындалды. Оның ішінде, киім өндіру 488 204 млн. теңгені өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 79,7%, тоқыма бұйымдарын өндіру
201 137 млн.теңгенінемесе 74,4% құрап отыр.
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында 4 194 945 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 116,6 % құрады.
Химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 451 146 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 124,2% құрап отыр.
Резеңке және пластмасса бұйымдарыөндірісінде 1 082 296 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 134,4 % орындалып отыр.
Машина жасау, жөндеу және орнату саласында есепті кезеңде 10 413 505 млн.теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 97,4% құрап отыр.
Есепті мерзімде өзге металл емес минералдық өнімдерін өндіру (кірпіш, тауарлы бетон және темір бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар) саласы бойынша 16 405 276 млн. теңгенің өнімі өндіріліп немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 94,1% орындалып отыр.