
Жер комиссиясының жұмысын ұйымдастыру
Есепті мерзімде жер телімдеріне қатысты 15 жер комиссиясының отырысы өткізіліп, барлығы 1791 құжат қаралды, оның ішінде
825 өтініш бойынша оң хаттамалық шешім қабылданып, 966 өтініш бойынша ҚР Жер кодексінің және ҚР Сәулет, және қала құрылысы туралы заңының талаптарына сәйкес келісім беруден бас тартылған.
ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН АЛУ БОЙЫНШA
Жанқожа батыр көшесі бойынан темір жол арқылы жер асты автокөлік өткелін салуға мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер учаскелерінің саны – 22. (қала әкімдігінің 23.09.2023 ж. №3424; 30.01.2024 ж. №91 қаулылары);Бүгінгі күні, 18 жылжымайтын мүлік иесімен келісім шартқа отырып, нарықтық құны бойынша 380 773 881теңге қаржы аударылып, жер учаскелері босатылды.
1 жер учаскесіне (Дуйсенов Аралбай)нарықтық бағалау жұмыстары ж Қажетті бөліктері алынатын жер учаскелері бойынша:
1жер учаскесінің кескін-келбеті өзгертіліп, сәйкестендіру құжатын алды (Сырлыбаев К.);
2 меншік иесіменкеліссөз жүргізіліп, кескін-келбеті өзгертілуде (Сыргабаева С., Шангиреева Д.)
1 жер учаскесі бойынша меншік иесі (Шаменова М.)38 634 000 теңге бағалау құнымен келіспеуіне байланысты сотта қаралуда.
2)Тәуелсіздік даңғылын 4 жолақты етіп жобалау мақсатында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен жоба әзірленген. Қала әкімдігінің мемлекет мұқтажына алу туралы 2024 жылғы 26 қыркүйектегі №345 қаулысы қабылданып 17 жер учаскесі алынды.Оның ішінде жер учаскесінде жылжымайтын мүлкі барлар бойынша 4 жеке тұлғаға нарықтық құны есептелініп, 101 847,0 мың теңге төленді. 13 жер учаскесі бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Сонымен қатар, қала әкімдігінің 2025 жылғы 24 ақпандағы №1375 қаулысы негізінде жалпы көлемі 2005,0 шаршы метр 3 жер учаскесін мемлекет мұқтажына алу рәсімдері жүргізілуде.
3) Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Сабалақ қонысы мекенжайында орналасқан жалпы көлемі 2400,0 (екі мың төрт жүз) шаршы метр жер учаскелерін ауыз су қоймасының құрылысы үшінмемлекет мұқтажына алу туралы қала әкімдігінің 2025 жылғы 10ақпандағы №1331 қаулысы қабылданды.
4)Қызылорда қаласы, Сол жағалау шағын ауданы, №120 құрылыс мекенжайында орналасқан көлемі 5000,0 шаршы метр ғимарат құрылысы және оған қызмет көрсету үшін (кадастрлық нөмірі 10-156-086-200) жер учаскесін стадион құрылысына автотұрақ салу және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге мемлекет мұқтажына алу туралы қала әкімдігінің 2025 жылғы 24ақпандағы №1376 қаулысы қабылданды.
5)Сұлтан Бейбарыс көшесі бойындағы инновациялық-шығармашылық орталығының санитарлық-қорғаныс аймағында орналасуына байланысты жалпы көлемі 2550,0 шаршы метр 2 жер учаскесін мемлекет мұқтажына алу туралы қала әкімдігінің 2025 жылғы
17 наурыздағы №1536 қаулысы қабылданды.
6)Қызылорда қаласының аумағында орналасқан жалпы көлемі
314,0 гектар, 8 меншік иесінің жер учаскелерін «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалын дамыту мақсатында арнайы экономикалық құру үшін мемлекет мұқтажына алу туралы қала әкімдігінің 2025 жылғы 8сәуірдегі №1724 қаулысы қабылданды.
7)Қызылорда қаласының аумағында орналасқан жалпы көлемі
50,0 гектар жер учаскелерін Қызылорда қаласы, «Өндіріс» индустриялық аймағын кеңейту үшін мемлекет мұқтажына алу туралы қала әкімдігінің 2025 жылғы 18сәуірдегі №1800 қаулысы қабылданды.
8)Тасбөгет кентіндегі емхана құрылысын кеңейту мақсатында жалпы көлемі 4789,0 шаршы метрден қажетті 2603,0 шаршы метр бөлігін мемлекет мұқтажына алу туралы қала әкімдігінің 2025 жылғы 5 мамырдағы №1886 қаулысы қабылданды.
9)Қызылорда қаласы, Мүсірәәлі Әжіқожа көшесі, нөмірсіз мекенжайындағы көлемі 1000,0 шаршы метр жер учаскесі мемлекет мұқтажына алу туралы қала әкімдігінің 2025 жылғы 19мамырдағы №1974 қаулысы қабылданды.
Қазіргі уақытта Бөлім тарапынан мемлекетке алынатын жер учаскелерінің орнына жер учаскелерін ұсыну, қажетті бөліктері бойынша кескін-келбетін өзгерту жұмыстары жүргізіліп ұсынылды.
Орындаушылық тәртіптің сапалылығы мен мерзімінің сақталуы (құжатайналым, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, өтініштердің орындалуы, хаттамалық тапсырмалар)
2025 жылдың II тоқсан қорытындысы бойынша қала әкімдігі тарапынан және бөлімге тікелей жолданған жеке және заңды тұлғалардан жалпы саны 1434 өтініш тіркеліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексіне сәйкес жауап беріліп, тиісті жұмыстар жүргізілді.
2025 жылдың II тоқсанында жер қатынастары бойынша 1116 жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетілді («электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы 883 тұлғаға, қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы 233 тұлғаға).
2025 жылы 2 тоқсан қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы бойынша 432 жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетілді («электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы 365 тұлғаға, қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы 67 тұлғаға).
2025 жылдың 2 тоқсан қорытындысы бойынша техникалық инспекция саласы бойынша 356 – жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Ауыл шаруашылығы және жол құрылыс техникаларын тіркеу, және тіркеуден шығару қызметі бойынша 238 дана нөмірлік белгі мен техникалық паспорттар берілді.
Ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникаларын жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу қызметі бойынша 17 дана өтініш түсіп, 134 дана ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникалары техникалық байқаудан өткізілді.
Тракторларды және жол-құрылыс техникаларын басқару құқығына куәліктер беру қызметі бойынша 34 дана куәліктер берілді .
Ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникаларын кепіл шартын тіркеу қызметі бойынша 67 дана кепіл шарттары тіркелді.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша
2025 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақыға 110 маманға 43,2 млн.теңге (1 маманға 393 200 тг) бөлініп, бүгінгі күнге 75 маманға 29,4 млн. теңге көтерме жәрдемақы берілді. Бюджеттік кредитке 25 маманға 196,6 млн.теңге (1 маманға 7 864 000 тг) бөлінді. Бөлінген қаржы қаржылық жоспарға сәйкес игерілетін болады.