Лого

Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың IІ-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар туралы

  1. 1.Мал шаруашылығы бойынша

    Қала бойынша 2025 жылдың 1 маусымына мүйізді ірі қара 31 407  бас, уақ мал 35 709 бас, жылқы 21 257 бас, түйе 3 306 бас, құс 16 344 бас өсірілуде.

    Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 22,9%-ға, қой-ешкі – 27,2%, жылқы 0,2%-ға көбейсе, түйе 4,6%-ға кеміген.

    Есепті кезеңде қала бойынша барлығы 1 100,1  тонна ет (тірі салмақта), 1 093,8 тонна сүт және 149,4 мың дана жұмыртқа өндірілді. 

    Өткен жылмен салыстырғанда өсім тиісінше ет өндіру 2,7%-ға, жұмыртқа өндіру 0,5 пайызға артса, сүт өндіру 0,1 %-ға артқан.

     2.Қала бойынша жартыжылдық агроесептерді уақытылы жүргізіп, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемдерінің статистикалық есепке алынуын бақылау

    Биылғы жылы 8 709 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жопарланып, бүгінгі күнге 8695 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.

    Ерте көктемде егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары аяқталып, бүгінгі күнге 985 гектарға жаңа жоңышқа,                    531 гектарға жаздық бидай, 30 гектарға жаздық арпа, 15 гектарға қант құмайы,13 гекатарға судан шөбі егіліп, 1 318 гектар ескі жоңышқа күтімге алынды.

    Күріш дақылын егу жұмыстары сәуірдің 23-нен басталып, 3454 гектары егіліп, суға бастырылды. Күріш дақылының егіс көлемі жоспарланған көлемінен 355 гектарға кем егілді.

    2449 гектар картоп, көкөніс, бақша дақылдарын егу жоспарланып, 130 гектар картоп, 1329 гектар көкөніс, 990 гектар бақша дақылы егілді.

    Сонымен қатар ораққа түсетін 1318 гектар мал азықтық ескі жоңышқа шөбінің бірінші орымы басталып, 500 гектарынан 1000 тонна жоңышқа шөп дайындалды.

    Вегетациялық кезеңде су тапшылығының алдын алу мақсатында қолда бар 23 дана СНП-500 су қондырығыларын пайдалануға дайын.

    Қашыртқылар, каналдарды тазалау, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жұмыстары бойынша шаруашылықаралық және ішкі каналдардың 199 мың текшеметртопырағы шығарылып,4 дана гидробекеттер,4 дана су құрылыстары жөндеуден өткізілді.

    Биылғы жылдың егісіне 1080 тонна күріш тұқымы құйылды. Құйылған тұқымының 4.0 пайызын отандық сорттар, 96,0 пайызын Ресейлік сорттар құрап отыр.Атап айтқанда, отандық сорттар бойынша 20,0 тонна «Сыр сұлуы» және 20,0 тонна «Маржан», Ресейлік сорттар бойынша 780,0 тонна «Лидер», 260 тонна «Янтарь» сорттары.

    Ауыл шарушалығы құрылымдарына қажетті минералдық тыңайтқыштың көлемі 3278 тоннаны құрап, толығымен сатып алынды. (аммонийсульфаты 2 086,4 тн, карбамид 857 тн, аммофос 556,6 тн).

    Арамшөптерге қарсы гербицидтердің қажетті көлемі 3025литрі толығымен сатып алынды.

    Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 154 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысты. Оның ішінде 97 дана трактор,
    22
    трактор тіркемесі, 21 соқа, 9 дән сепкіш,5 жүк көліктері

    Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті 269,5тонна дизель отынын жеткізіп беруші операторлар «РК Мұнай» және «Жібек жолы LTD» ЖШС-і белгіленді. Бүгінгі күнге шаруашылық құрылымдарының қажетті дизель отынының сұранысы бойынша жеткізіліп берілуде.   (1 литрі 254 теңгеден)

Дата публикации
15 июля 2025
Дата обновления
15 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы