Лого

Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың ІI-тоқсанында көлік инфрақұрылымы саласында атқарылған жұмыстар туралы

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағыты:

Ағымдағы жылы қаламыздың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін жоба құны 16 819 668,0 мың теңгені құрайтын
17 жобаға бюджеттің барлық көздерінен 7 555 400,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 3 085 715,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 1 099 970,5 мың теңге және қалалық бюджеттен 3 369 714,5 мың теңге бөлінді. Атап айтқанда,

«Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылының бойында «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автожол көпір құрылысын салу үшін республикалық бюджеттен 199 821,0 мың теңге бөлініп мердігер мекеме «Сервис НС» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нысанды ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары 2024 жылы бастау алған Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын кеңейту жұмыстары жалғасын тауып, нысанды мамыр айында аяқтап пайдалануға берілді.

Осы жобаның жалғасы болып табылатын Әбілқайырхан көшесінен Саламатов көшесіне дейін жаңа жол құрылысы да бастау алып мердігер «УАД» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі таңда, ескі базар аумағындағы Әйтеке би, И.Тоқтыбаев, Училищная көшелеріне И.Журба тұйығына жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жобалар толық аяқталғаннан кейін, қаламыздағы «Ескі базар» аумағындағы көлік кептелісі оң шешімін табады деп күтілуде.

С. Бейбарыс көшесі мен Жаппасбай батыр көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып нәтижесінде «Қыран» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қалаға қарасты Қызылөзек ауылдық округіндегі «Қожақ» каналы арқылы өтетін автомобиль көпіріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жобасы да іске асырылуда. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме «Н Строй Сервис» ЖШС. Жоба құны 292,3 млн. теңге.

Қаламыздың шет аймақтарындағы 11 көшеге күрделі жол жөндеу жұмыстарына 831,4 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Анықтама ретінде:

- Әбдімомынов – 22,6 млн. теңге (0,3 км);

- Қайруллаев – 167,4 млн.теңге (1,36 км);

- Арыстанбай батыр – 111,7 млн. теңге (0,92 км);

- Қашқынбаев – 52,7 млн. теңге (0,6 км);

- И. Сейтов – 69,5 млн. теңге (0,67 км);

- Х. Әбенов – 39,9 млн. теңге (0,4 км);

- Бұлғақов – 81,2 млн. теңге (0,7 км);

- Атамекен – 122,0 млн. теңге (1 км);

- Алтай – 32,7 млн. теңге (0,4 км);

- Атакент – 93,9 млн. теңге (0,56 км);

- Егемен – 37,8 млн. теңге (0,4 км).

Сонымен қатар, ағымдағы жылы қаламыздың солтүстік бөлігінен кіре-беріс саналатын Сағымбаев көшесін 4 жолақты етіп кеңейтіп жоспарлануда. Ол үшін жоба әзірленіп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Қыран» ЖШС-мен шарт жасалды.

Бұдан бөлек, қаладағы ұзындығы 49 шақырым болатын
77 көшеге күрделі жөндеу және ұзындығы 8 шақырым болатын     16 көшеге орташа жөндеу жұмыстарына жоба әзірленіп, облыстық бюджеттен қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінім ұсынылды.

Дата публикации
14 июля 2025
Дата обновления
14 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы