Лого

Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың IІ-тоқсанында жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар туралы

Мемлекеттік жастар саясатын жүргізу

Қызылорда қаласында статистикалық мәліметке сәйкес, 2025 жылға                                       362 мың 279 халық, оның ішінде 103 мың 102 (ауыл жастары 12 499) 14 пен 35 жас аралығындағы жастар. Бұл қала халқының 28,5 пайызын құрайды.

Өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын дамытуға 2025 жылы 19 млн.
381 мың теңге
қаржы қаралып, бөлінген қаржыға 8 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

Ақпарат ретінде:

  1. «Жұмысшы мамандықтарды насихаттау» әлеуметтік қызметі
  2. «Ауыл жастарына қолдау көрсету және әлеуметтендіруді жүзеге асыру» әлеуметтік қызметі
  3. «Жастар орталығы, жастар үшін мүмкіндік алаңы» әлеуметтік қызметі
  4. «Жастар арасында патриоттық сананы қалыптастыру және отбасы құндылықтарын насихаттау» әлеуметтік қызметі
  5. «NEET санатындағы және қылмысқа бейім жастарды әлеуметтендіру» әлеуметтік қызметі
  6. «Волонтерлік және қоғамға пайдалы жастар» әлеуметтік қызметі
  7. «Qyzylorda youth Fest» жастар күнін атап өтуге бағытталған мәдени көпшілік іс-шаралар» әлеуметтік қызметі
  8. «Qosyl Premya жылдың қорытынды кеші» әлеуметтік қызметі

Қала жастарына «Qosyl» деген атпен танымал болған қалалық жастар ресурстық орталығының қызметін 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында 2988 жас пайдаланды. Жастардың сұранысына орай орталықта WI-FI, коворкинг орталығы, спорттық секциялар, креатив фото-видео студиясы, би залы, жастар ұйымдары кабинеті тегін қызмет көрсетуде.

2025 жыл қаңтар-маусым айынан бері атқарылған шаралар саны - 104 шара, түнгі рейд- 14 рет, сыбайлас жемқорлық - 12 рет ,шараларға қамтылған жастар саны – 4405, тұрақты қамтылған жастар саны - 300, орталық қызметіне жүгінген жастар саны – 2988, Орталық мамандарынан кеңес алған (онлайн/офлайн) жастар саны – 1530.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 18 жариялым жарық көрген, орталықтың @qosyl.mrc инстаграм парақшасында 7248 оқырман бар,
64 пост жарияланған, фейсбук парақшада 4960 достығы бар,  232 пост жарияланды.

 «Qosyl kenes»  кеңес беру бағыты бойынша жыл басынан бері 
7 рет «Мүмкіндіктер алаңы» өткізілді. және @jumys.bar инстаграм парақшасында 97 бос вакансия жарияланды.

Құқық бұзушылық бойынша

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қала әкімдігі жанынан құрылған жедел топ, ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге жыл басынан бері 14 рет түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша кездесулер айына 2 мәрте тұрақты түрде өткізіледі. Қаңтар-маусым айы 12 рет өткізілді.

Жастар мен жасөпіімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында биылғы жылдан бастап «Qosyl Ақпарат» деген атаумен жастарға ақысыз қызмет көрсететін орталықтардың жұмысын ақпараттандыру жұымыстарын жүзеге асырудамыз. Соның ішінде мемлекеттік бағдараламалар мен жбалар бойынша қызмет көрсететін орталықтар туралы.

Әлеуметтік жоба бойынша.

«Жастар орталығы, жастар үшін мүмкіндік алаңы» әлеуметтік қызметі бойынша Ұлттық спорт күнінің қарсаңында қалаға қарасты ауылдық округ және кент жастары арасында асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, садақ ату, бес тас және аударыспақ сынды ойындардан сайыс өткізілді. Жеңімпаздарға ұйымдастарушылар тарапынан арнайы марапаттар мен бағалы спорттық тауарлар сыйға берілді.

Жастар мамандарының біліктілігін арттыру бағытында
«Жастар мамандарын оқыту» семинар-тренингі ұйымдастырылды.
Аталмыш тренинг аясында барлық деңгейдегі жастар орталқтарының мамандары және қалаға қарасты ауылдық округтер мен кент жастар мамандары тартылды. Бірінші кезекте мамандардың біліктілігін арттыру және «Жастар сұранысын табу, бастамышыл топтарға ресурстар ұсыну», «NEET санатты жастармен жұмыс істеудің түрлі тәсілдері мен әдістемелерімен танысу» модульдері негізінде өткізілді.

Биылғы жылдан бастап мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша әлеуметтік жобалар қатарына «NEET санатындағы және қылмысқа бейім жастарды әлеуметтендіру» әлеуметтік қызметі қосылды. Жоба аясында жұмыссыз жастарға арналған жұмыс орындарына экскурсиялар, оқытулар мен тренингтер мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық жұмыстар ұйымдастырылуда.

NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету бағытында атқарылған жұмыстар барысы туралы.

Жастар орталығы, «Мансап» орталығы, кірістер басқармасы, полиция басқарамасы  және кент және ауылдық округтер әкімі аппаратының мамандарымен  1882  жасқа адрестік жұмыстар жүргізіліп, статусы анықталуда.

Ақпарат ретінде: (Студент – 109, жұмыссыз – 395, бала күтімі – 125,мүгедектігі бар азаматтар-40, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар- 128, көшіп кеткен, аталған адресте тұрмайтындар- 205, мекенжайы картада көрсетілмеген және анықталмаған-94, тұрақты жұмысы бар- 82, әскердегі азаматтар- 7, уақытша жұмыс жасаушылар- 136, оқушы-3,сотталған азамат-21, қайтыс болған-1, басқа елде жұмыс жасаушы- 32, қалаға қарасты адрестер- 35, есігін ашпаған-255, тұрғын үй орнында мекеме орналасқан-20, зерделенбеген- 194.)        

Жұмыссыз жастар үшін «Мансап» орталығымен бірлескен 7 мәрте  «Мүмкіндіктер алаңы»  бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, NEET санаттағы азаматтарды телефон байланысы арқылы шақыру ұйымдастырылды.  Аталмыш бағыттағы жұмыстар ай сайын тұрақты өтіп отырады.

 «Жұмысшы мамандықтарды насихаттау» әлеуметтік қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды
«Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады.

Осыған сәйкес биылғы жылы да орталық тарапынан бірқатар жұмыстар жүзеге асырылу жоспарда. Аталмыш жобаның аясында жастар арасында кәсіптік және техникалық мамандықтар арасында, қаржылай сыйлықтарды қарастыра отырып байқаулар тігіншілер, аспазшылар, дәнекерлеушілер, тас қалаушылар, электриктер ұйымдастырылады.

«Ауыл жастарына қолдау көрсету және  әлеуметтендіру», «Жастар арасында патриоттық сананы қалыптастыру және отбасы құндылықтарын насихаттау», «Волонтерлік және қоғамға пайдалы жастар» сынды жобаларда жүзеге асырылуда.

Дата публикации
14 июля 2025
Дата обновления
14 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы