
Ұлттық статистика бюросының облыстық статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес, Қызылорда қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.
Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 260 010 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 88,3%-ды құрады.
Мұнай ұңғымаларының сулануы салдарынан шикі мұнай өндіру көлемі 16% төмендеген (2024 жылы 5 ай – 1 187,1 мың тонна, 2025 жылы 5 ай – 997,1 мың тонна).
Өңдеуші өнеркәсіп саласында 47 125 млн. теңгеге өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 103,7%-ға артты.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі 2 552,9 млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 104,3%-ға артты.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 147 548 млн. теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 129,3%-ға артты. Облыстағы үлесі 50,0%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 59 298 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 158,2%-ға артты. Облыстағы үлесі 53,0%.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 200 373 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 104,9%-ға артты.
Қала бюджетінің 2025 жылдың 1 шілдеге кірістер болжамы (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 51 906,6 млн. теңгені құрап, 52 364,8 млн. теңгеге немесе 100,9% орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 19 060,0 млн. теңгенің орнына 21 076,7 млн.теңгеге немесе 2 016,6 млн. теңгеге артығымен орындалды. (110,6%)
Қала бюджетінің шығыстар жоспары 54 597,2 млн. теңге болса, 54 208,6 млн. теңгеге немесе 99,3% игерілді. (388,6 млн. теңге қалдық).
Шағын кәсіпкерлік саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 35 309 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 33 745 бірлікті құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 106,6% құрады.
Бөлшек сауда көлемі 214 500,9 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 104,4%-ға артты. Облыстағы үлесі 87,0%. Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы аясында Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 379,3 млрд. теңгені құрайтын 29 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда, оның бүгінгі күнге 8 жобасы іске қосылып, жұмыс жасауда.
Іске қосылған жобалар:
1)«Orda Glass LTD» ЖШС-нің «Энергия үнемдейтін шыны өндіру цехы». Құны 6,7 млрд. теңге.
2)«Искаков» жеке кәсіпкерлігінің «Сауда үйі құрылысы». Құны 500 млн.теңге.
3) «Aray Food» ЖШС-нің «Көкөніс сақтау қоймасының құрылысы». Құны 1,2 млрд.теңге.
4) «Көлік-құрылыс компаниясы» ЖШС-нің «металл конструкция өндірісі». Құны 300,0 млн. теңге.
5) «Accent Development Solutions» ЖШС-нің «Жаңа әуежай жолаушылар терминалының құрылысы». Құны 15,7 млрд. теңге.
6) «Technology Алем Ойл» ЖШС-нің «Жерасты паркингі бар автосалон мен АВТО шеберхана салу» жобасы. Құны 900 млн. теңге.
7)«Орда автодор» ЖШС-нің «Асфальт-бетон өндірісі» жобасы. Құны 1 млрд. теңге
8)«Қызылорда Саз-М» ЖШС-нің заманауи кірпіш зауытының құрылысы. Құны 5 млрд. теңге.
Іске асырылу сатысындағы жобалар:
9)«Қызылорда - Нан» ЖШС-нің «Нан-тоқаш, кондитерлік, макарондық өнімдер өндіру кешені». Құны 1,2 млрд. теңге.
10) «Қаржаубаева» жеке кәсіпкерлігі сауда үйінің құрылысы жобасы. Құны 700 млн. теңге.
11) «Aksa Energy Qyzylorda» ЖШС-нің Қуаты 250 МВт ЖЭО салу жобасы. Құны 215 млрд. теңге.
12) «Техоснастка Ремсервис» ЖШС-нің Қызылорда қаласында көтерме-бөлшек саудасы бар мамандандырылған қоймасы жобасы. Құны 4,6 млрд. теңге.
13) «Кызылорда НК Курылыс» ЖШС-нің Сүт және сүт өнімдерін өндіретін цех салу жобасы. Құны 2 млрд. теңге.
14) «AynaGlass» ЖШС-нің жоғары технологиялы айна шығару жобасы. Құны 1,5 млрд. теңге.
15) «Medal Holding CmbH» Көпфункционалды инновациялық Индустриалды паркі жобасы. Құны 53,9 млрд. теңге.
16) «With You E&C Kyzylorda» ЖШС-нің қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыты жобасы. Құны 9,5 млрд. теңге.
17) «Комфорт 1КЗ» ЖШС-нің Шыңдалған шыны және табақша шыныны өндіру зауытын кеңейту жобасы. Құны 5,5 млрд. теңге.
18) «Seven Rivers Technologies» ЖШС-нің «HORN® Glass технологиясымен шыны ыдыстар зауыты жобасы. Құны 31,3 млрд. теңге.
19) «Нұрлы Тау» ЖШС-нің Кірпіш зауытының құрылысы жобасы. Құны 4,5 млрд. теңге.
20) «Freedom Telecom Operations» ЖШС-нің қуаттылығы 1,2 МВт құрайтын күн электр станциясы. Құны 150 млн. теңге.
21)"Марал Нұр" ЖШС-нің "Цифрлық депо" жолаушылар вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешенін салу жобасы. Құны 3,0 млрд. теңге.
22) «Рем - Пласт Инвест» ЖШС-нің гофрлеу және картонның тегіс қабаты үшін қағаз өндірісі. Құны 559,2 млн. теңге.
23) «Orhun Medical» ЖШС-нің радиологиялықдиагностика орталығы, құны 2,1 млрд.теңге.
24) «Техоснастка Ремсервис» ЖШС-нің шағын өндірістік алаңы. Құны 526 млн. теңге.
25) ЖК Тұмар – шағын өндірістік алаңы, құны – 526 млн.теңге.
26) "Дезинфекция" ЖШС-нің қайталама шикізатты дайын өнімге қайта өңдеу жобасы. Құны 350 млн. теңге.
27) «Панабек» ЖШС-нің орындықтар мен басқа отыратын жиһаздардан басқа кеңселер мен сауда кәсіпорындарына арналған жиһаз өндіріс кеңейту жобасы. Құны 200 млн.теңге.
28)«Qyzylorda Bitum» ЖШС-нің Қызылорда қаласында жол битумы және асфальт-бетон қоспаларын өндіру зауытының құрылыс жобасы. Құны 800 млн. теңге.
29)"Altyn Gimarat" ЖШС-нің 150 номерлі 5 жұлдызды қонақ үй құрылысы. Құны 10,0 млрд. теңге.
2025 жылғы 1 маусымға алдын ала деректерге сәйкес халық саны 364,4 мың адамды құрап, өсу қарқыны 1,5%. Жұмыс күшінің саны - 151,3 мың адам, жұмыссыздық деңгейі - 4,5%.
2025 жылдың 1 шілдесіне тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны -6893 адамды құрап, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады.
Жыл басынан бері 4 652 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 1123-ы тұрақты жұмыс орны. 2 715 адам қоғамдық жұмысқа, 89 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, жастар тәжірибесіне 321 жас маман жолданды.
Қала бойынша 2025 жылғы I тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 369 244 теңге, өткен жылғы тиісті кезеңге 107,4% артты, нақты жалақы индексі 98,6% болып қалыптасты.
Тұтыну бағасының индексі қаңтар-маусым өткен жылғы тиісті кезеңге 110,4%. 2025 жылға жоспарланған инфляция деңгейі 5,5 – 7,5%.