
Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағыты:
Ағымдағы жылы қаламыздың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін жоба құны 16 819 668,0 мың теңгені құрайтын
17 жобаға бюджеттің барлық көздерінен 7 555 400,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 3 085 715,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 1 099 970,5 мың теңге және қалалық бюджеттен 3 369 714,5 мың теңге бөлінді. Атап айтқанда,
«Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылының бойында «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автожол көпір құрылысын салу үшін республикалық бюджеттен 199 821,0 мың теңге бөлініп мердігер мекеме «Сервис НС» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нысанды ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары 2024 жылы бастау алған Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын кеңейту жұмыстары жалғасын тауып, нысанды мамыр айында аяқтап пайдалануға берілді.
Осы жобаның жалғасы болып табылатын Әбілқайырхан көшесінен Саламатов көшесіне дейін жаңа жол құрылысы да бастау алып мердігер «УАД» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі таңда, ескі базар аумағындағы Әйтеке би, И.Тоқтыбаев, Училищная көшелеріне И.Журба тұйығына жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жобалар толық аяқталғаннан кейін, қаламыздағы «Ескі базар» аумағындағы көлік кептелісі оң шешімін табады деп күтілуде.
С. Бейбарыс көшесі мен Жаппасбай батыр көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып нәтижесінде «Қыран» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Қалаға қарасты Қызылөзек ауылдық округіндегі «Қожақ» каналы арқылы өтетін автомобиль көпіріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жобасы да іске асырылуда. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме «Н Строй Сервис» ЖШС. Жоба құны 292,3 млн. теңге.
Қаламыздың шет аймақтарындағы 11 көшеге күрделі жол жөндеу жұмыстарына 831,4 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Анықтама ретінде:
- Әбдімомынов – 22,6 млн. теңге (0,3 км);
- Қайруллаев – 167,4 млн.теңге (1,36 км);
- Арыстанбай батыр – 111,7 млн. теңге (0,92 км);
- Қашқынбаев – 52,7 млн. теңге (0,6 км);
- И. Сейтов – 69,5 млн. теңге (0,67 км);
- Х. Әбенов – 39,9 млн. теңге (0,4 км);
- Бұлғақов – 81,2 млн. теңге (0,7 км);
- Атамекен – 122,0 млн. теңге (1 км);
- Алтай – 32,7 млн. теңге (0,4 км);
- Атакент – 93,9 млн. теңге (0,56 км);
- Егемен – 37,8 млн. теңге (0,4 км).
Сонымен қатар, ағымдағы жылы қаламыздың солтүстік бөлігінен кіре-беріс саналатын Сағымбаев көшесін 4 жолақты етіп кеңейтіп жоспарлануда. Ол үшін жоба әзірленіп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Қыран» ЖШС-мен шарт жасалды.
Бұдан бөлек, қаладағы ұзындығы 49 шақырым болатын
77 көшеге күрделі жөндеу және ұзындығы 8 шақырым болатын 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстарына жоба әзірленіп, облыстық бюджеттен қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінім ұсынылды.
КӨГАЛДАНДЫРУ:
Қазіргі таңда, қаланы көгалдандыру жұмыстары бағытында мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) аясында жаңа механизм енгізілді.
Жалпы "Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» жобасының 5 жылға құны 18,6 млрд.теңгені құрайды.
Аталған жоба қала аумағын жүйелі түрде көгалдандыру, жасыл желек көлемін арттыру және инфрақұрылымды жақсарту мақсатында қолға алынған.
«КазСтройКапитал» компанияның құрамында 250 қызметкер жұмыс атқарады, ал техникалық жабдықталуы 50 бірлік заманауи техникамен қамтамасыз етілген. Бұл қатарда су тасығыш көліктер, электрлік шаңсорғыштар және түрлі арнайы техника бар. Жұмыстар күндізгі және түнгі ауысымдарда да жүргізіледі.
Бүгінгі күні, қала аумағында 46 100-ге жуық тал көшеттері мен 800 000 дана біржылдық гүлдер (петуния, виола, тагетис және т.б.), 13 500 дана көпжылдық гүл көшеттері отырғызылды және 10 000 ш.м астам алаңға көгал (газон) төселді.
Сонымен қатар, «Hunter» технологиясына негізделген автоматты суару жүйесі енгізілді. Жүйе аясында 45 шақырымнан астам құбыр тартылып, 5000-нан астам спринклер мен ротор орнатылды, 25 дана ұңғыма мен насос станциялары салынды.
АБАТТАНДЫРУ:
2025 жылы қала аумағындағы 3 демалыс орны қайта жаңғыртылуда.
Атап айтқанда, мәдени және демалыс паркі (жоба құны- 6,3 млрд.теңге) абаттандырылып пайдалануға берілсе, Тұңғыш Президент саябағы (жоба құны- 14,7 млрд.теңге) мен Қорқыт ата атындағы саябақтарында (жоба құны- 1,0 млрд.теңге) абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар қаладағы 18 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыруға және ойын алаңдарын салуға қалалық бюджеттен 1,3 млрд.теңге қаржы бөлу жоспарлануда.
Оның ішінде, 19 шағын футбол алаңы, 25 жаттығу алаңы, 21 балалар ойын алаңдары,15 аула ішілік шаруашылық алаңы мен 13 демалыс орны қарастырылған.
Сонымен қатар көпқабатты 20 үйдің қасбеттерін күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлініп, тиісті жұмыстары жүргізілуде.