
Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша
Жұмыссыздық деңгейі. Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша 2024 жылдың қорытындысымен Қызылорда қаласында экономикалық белсенді халық саны 151301 адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,5 пайыз.
Жаңа жұмыс орындарын құру. 01.07.2025 жылға 4652 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 1123-і тұрақты жұмыс орны.
Жұмысқа орналастыру. 01.07.2025 жылға қалалық Мансап орталығына хабарласқан азаматтардың саны – 13510, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқан азаматтар – 925, есепті кезеңнің соңына тіркелген жұмыссыздар саны - 6893, тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 4,6 пайызды құрады.
Жұмысқа тартудың белсенді түрлерінің бірі - қалада ай сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу арқылы жұмыссыздарға жұмыс берушілермен кездесуге мүмкіндік береді. 01.07.2025 жылы 7 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 158 мекемеден жұмыс берушілері мен қадр қызметкерлері қатысып, 1589 бос жұмыс орындарына сұраныстар ұсынды. Өткізілген «Бос жұмыс орындары» жәрмеңке нәтижесімен 95 адам тұрақты жұмысқа тұрып, 1193 адам кеңес алды.
2025 жылға 60 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарланып, 30 адам жолданды.
Жаңа бизнес–идеяларды іске асыруға 467 адамға мемлекеттік грант беру жоспарланып, 233 адам мемлекеттік грант алды.
Қоғамдық жұмыстарға 2215 адамды жолдау жоспарланып, 2715 адам жұмысқа тартылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 295 адамды жолдау жоспарланып, 89 адам жолданды.
Жастар тәжірибесі бойынша 2099 жас маманды жолдау жоспарланып, 321 адам жолданды.
Күміс жас жобасына 440 адамды жолдау жоспарланып, 376 адам жолданды.
Алғашқы жұмыс орны жобасына 1054 жас маманды жолдау жоспарланып, 2 адам жолданды
Жұмыссыздарды тіркеу
1. Жұмыс іздеуші адам уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен оның деректері мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы тексерілгеннен кейін жұмыссыз адам ретінде тіркеледі.
2. Мансап орталығынан, оның ішінде Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс туралы ұсыныс алған тіркелген жұмыссыз адам мансап орталығын ұсынылған жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен хабардар етуге тиіс.
3. Мыналар:
1) он алты жасқа толмаған;
2) жұмыспен қамтылған адамдар;
3) зейнеткерлік жасқа толған адамдар;
4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқ екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтерді ұсынған адамдар;
5) осы Кодекске сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;
6) сот шешімі бойынша түзеу жұмыстарына не қоғамдық жұмыстарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жаза шартты түрде тағайындалмаған жағдайда, осындай жазаға сотталған адамдар жұмыссыз адам ретінде тіркелмейді.
1. Жұмыссыздар:
1) жұмыс берушінің өтінімі бойынша кәсіптік оқытуды аяқтағаннан кейін ол мәлімдеген жұмыс орнына жұмысқа орналасуға;
2) осы Кодекске және жұмыс іздеуші адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мансап орталығына бару немесе оны хабардар ету тәртібін, шарттары мен мерзімдерін сақтауға;
3) мансап орталығы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жұмыс берушіге жүгінуге;
4) мансапорталығына:
тұрғылықты жерін ауыстыруды;
тұрақты, уақытшажұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
кәсіпкерлік қызметпен айналысуды;
ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
мүгедектік тобын белгілеуді немесе оның өзгеруін;
зейнетақы төлемдерін тағайындауды қоса алғанда, жұмыссыз адаммен одан әрі жұмыс істеу тәртібіне әсер ететін өзгерістер туралы мәліметтерді уақтылы, бес жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
Жұмыссыздарды есептен шығару
1. Мансап орталығы жұмыссыз адамды (әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын, уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тіркелетін және есептен шығарылатын адамдарды қоспағанда) мынадай жағдайларда:
1) мансап орталығы ұсынған лайықты жұмыстың үш нұсқасынан бас тартқанда немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелгеннен кейін лайықты жұмыстың ұсынылған нұсқаларымен келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы мансап орталығын, ал ауылдық елді мекендерде тұратын адам – кент, ауыл, ауылдық округ әкімін уақтылы хабардар етпегенде;
2) мынадай:
мансап орталығы хабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орны бойынша;
мансап орталығына жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін шақыру бойынша үш жұмыс күні ішінде дәлелді себептерсіз келмегенде;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды өз бетінше тоқтатқанда;
4) жұмыссыз адамның осы Кодексте және жұмыс іздеуші адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында көзделген мансап орталығына бару немесе оны хабардар ету мерзімдерін дәлелді себептерсіз бұзғанда;
5) егер бас бостандығынан айыру түріндегі жаза шартты түрде тағайындалмаса, жұмыссыз адам заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталғанда не мәжбүрлеп емдеуге жіберілгенде;
6) осы Кодекстің 99-бабының 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда;
7) көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бергенде есептен шығарады.
1. Осы баптың 1-тармағының 1) – 4) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң ғана мансап орталығына жұмыссыз адам ретінде қайта тіркеле алады.