Лого

Меню

Страницы

Статья

Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу мемлекеттік қызметі туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына сәйкес Мемлекеттік қызметті алу үшін еңбекші көшіп келуші жұмыс беруші жеке тұлғамен бірлесіп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына өзі жүгінген кезде еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру/ұзарту туралы өтінішті не «электрондық үкіметтің» веб-порталы (egov.kz) немесе migration.enbek.kz арқылы «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттарды береді.

Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» интеграцияланған ақпараттық жүйесінде электрондық өтінімді ресімдейді және тиісті шешім қабылдау үшін «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жібереді.

Көрсетілетін қызмет беруші еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдаған кезде аумақтық ішкі істер органдарымен келіседі.

Рұқсатты беру немесе ұзарту не беруден немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар өтініш берілген күнді есептемегенде 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

  1. Рұқсат алу кезінде:

Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

  • шетелдікпенжұмысберушіқол қойған еңбекшікөшіп келушіге рұқсатберутуралыөтініш (өтініштіңкөшірмесі беріледі);
  • Қазақстан Республикасының салықзаңнамасынасәйкесжекетабыссалығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралытүбіртек(сканерленгенненкейінқабылдаукүнімен Мемлекеттік корпорацияныңмекенжайы көрсетілген түбіртектіңқабылданғанытуралыбелгілеп,көрсетілетін қызметті алушығақайтарылады);
  • соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжат (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
  • шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, көшіп-қонушының, еңбекші көшіп-қонушының (оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттен) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды (берілген күні 12 айдан аспайтын 028/Е нысанындағы медициналық анықтама) (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
  • Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және «Бірыңғай сақтандыру дерекқоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандыру (сканерленгенненкейін көрсетілетін қызметті алушығақайтарылады);
  • жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісім (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

рұқсат беруге www.egov.kz порталы немесе www.migration.enbek.kz арқылы жүгінген кезде:

  • еңбекші көшіп келушіменжұмысберушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған еңбекшікөшіп келушіге рұқсатберутуралыөтініш;
  • Қазақстан Республикасының салықзаңнамасынасәйкесжекетабыссалығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмелері;
  • соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжаттың электрондық көшірмесі;
  • шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, көшіп-қонушының, еңбекші-көшіп-қонушының (оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттен) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі (берілген күні 12 айдан аспайтын 028/Е нысанындағы медициналық анықтама);
  • Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және «бірыңғай сақтандыру деректер базасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандырудың электрондық көшірмесі;

6) жұмыс беруші – жеке тұлға мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісімнің электрондық көшірмесі;

  1. Рұқсатты ұзарту үшін:

Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

  • жұмысберушімен шетелдік қол қойған еңбекшікөшіп келушіге рұқсаттыұзартутуралыөтініш;
  • Қазақстан Республикасының салықзаңнамасынасәйкесжекетабыссалығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралытүбіртек(сканерленгенненкейін қызметті алушығақайтарылады);
  • соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжат (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
  • Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және «Бірыңғай сақтандыру дерекқоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандыру (сканерленгенненкейін көрсетілетін қызметті алушығақайтарылады);
  • жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шарты (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

Рұқсат беруге www.egov.kz порталы немесе www.migration.enbek.kz арқылы жүгінген кезде:

  • еңбекші көшіп келушіменжұмысберушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған еңбекшікөшіп келушіге рұқсатұзартутуралыөтініш;
  • Қазақстан Республикасының салықзаңнамасынасәйкесжекетабыссалығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмелері;
  • соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және «Бірыңғай сақтандыру дерекқоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандырудың электрондық көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартының электрондық көшірмесі.

Рұқсат көрсетілетін қызметті алушының рұқсатты беруге немесе ұзартуға арналған өтінішінде көрсетілген мерзімге беріледі және 1 (бір) айдан 12 (он екі) айға дейін болуы мүмкін. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзартуды ескере отырып, ең ұзақ мерзім 12 (он екі) айдан аспайды.

Көрсетілетін қызметті беруші халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде рұқсат береді.

Еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсат көшіп келушінің жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шартын жасасуы үшін негіз болып табылады.

Рұқсат алған еңбекші көшіп келушіні тартатын жұмыс беруші еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасында көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізеді не «hr.enbek.kz» веб-порталында еңбек шартын жасасады.

Бір жұмыс беруші жеке тұлғаның бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуына жол берілмейді.

Дата публикации
30 июня 2025
Дата обновления
30 июня 2025
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы