Лого

Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың I-тоқсанында кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларында атқарылған жұмыстар туралы

Қала экономикасында өңдеу өнеркәсібінің дамуы тамақ өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, химия және жеңіл өнеркәсіптері есебінен қалыптасқан.

 

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 2025 жылдың қаңтар-наурыз айында
132 719 654 млн теңгеге орындалып, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 88,4% құрады.

 

Есепті кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда  95 457 567 млн теңгенің шикі мұнай өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 83,2% құрады.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында  22 002 168 млн теңгенің өнімі өндіріліп өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 118,8 % құрады. Оның ішінде:

 

Жеңіл өнеркәсіп саласыбойынша 379 875 млн теңгенің  өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 178,3% орындалды. Оның ішінде,киім өндіру    274 421 млн теңгені  өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен  232,3%, тоқыма бұйымдарын өндіру   98 921 млн теңгені немесе 85,8% құрап отыр.

 

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында 2 026 733 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 153% құрады.

 

Химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 245 964 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі  166,7% құрап отыр.

 

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде   646 975 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 211,3 % орындалып отыр.

Машина жасау, жөндеу және орнату саласында есепті кезеңде  3 197 190 млн теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 92,6%  құрап отыр.

 

Есепті мерзімде өзге металл емес минералдық өнімдерін өндіру (кірпіш, тауарлы бетон және темір бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар)  саласы бойынша 7 976 908 млн теңгенің өнімі өндіріліп  немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 133,5% орындалып отыр.

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
17 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы