Лого

Меню

Страницы

Статья

2025 жылғы I тоқсанда үкіметтік емес ұйымдармен атқарылған жұмыстар туралы

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс

Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша облыстық әділет департаментінде 681 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде қоғамдық бірлестіктер 289, қоғамдық қорлар 175, ассоциациялар 26, филиалдар 191. 

Жыл басында ҮЕҰ дерекқорына өз мәліметтерін уақытылы ұсыну жөнінде ескертпе, хабарландырулар қалалық «Ақмешіт ақшамы», «Ақмешіт апталығы» газеттерінде, Қоғам ТВ телеарнасының жеке сектор айдарында, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілеріндегі қала әкімдігінің және қалалық қоғамдық даму бөлімінің ресми парақшаларында, gov.kz мемлекеттік органдар сайтында, qorda.kz қалалық қоғамдық даму бөлімінің ресми сайтында жарияланды.

Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік-маңызды жобаларын жүзеге асыру қызметі бойынша 2025 жылға қалалық бюджеттен         37 млн 077 мың теңге қаржы бөлініп, оған 7 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Атап айтқанда:

  1. «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихаттық шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы. Жоба құны 4 млн теңге. Жоба жеңімпазы «Облыстық мүгедек спортшылардың «Жігер» ҚБ.

Жоба аясында «Руханият керуені» жобасы бойынша 10 кездесу өткізілді. 3 теологпен 15 заматты оңалту мақсатында 30 адрестік кездесулер өткізілді.   

  1. «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы. Жоба құны 6 млн 550 мың теңге. Жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.
  2. «Cыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме жұмыстарын, адам саудасы мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы. Жоба құны 5 млн теңге. Жоба жеңімпазы «Облыстық жастар одақтары» қоғамдық бірлестігі. Жоба аясында тасбөгет кентінде тұрғындарға құқықтық кеңес берулер өткізілді.
  3. «Азаматтық қоғам институттарының бастамаларын қолдау бойынша шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы. Жоба құны 3 млн 500 мың теңге. Жоба жеңімпазы «Туған жер» қоғамдық қозғалысы ассоциациясы. 

Жоба аясында 15 ақпан күні Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Тағзым алаңы» аумағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

27 ақпан күні Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні мерекесіне орай Достық үйінде бірқатар ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ҮЕҰ өкілдері қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

28 ақпан күні Невада-Семей антиядролық қозғалысының құрылған күніне орай еске алу шарасы, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай түрлі салада еңбек етңп жүрген әйел-аналарды құттықтау шарасы өткізіліп, Қала әкімінің атынан құттықтау хат беріліп, сый-сыяпат жасалды. 

  1. «Үздік аула – 2024 байқауы» әлеуметтік жобасы. Жоба құны 1 млн 900 мың теңге. Жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы сәуір айында жарияланады.
  2. «Мерейлі отбасы байқауының қалалық кезеңін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы. Жоба құны 1 млн 277 мың теңге. Жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.
  3. «Интернет ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты ұйымдастыру, қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу» әлеуметтік жобасы. Жоба құны 14 млн 850 мың теңге.

Жоба жеңімпазы «Ай-Қанат» жастар ҚБ. Жоба аясында ай сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп, оң және теріс бағыттағы жарияланымдар сарапталуда. 

  1. «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен 34 млн 269 мың теңге қаржы қаралған. Жоба жеңімпазы «Асыл Мұра Орда» ҚҚ. Жоба аясында облыстың бас имамы бекіткен 34 имам өздері қызмет ететін мешіттердегі келушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы