
Бұқаралық ақпарат құралдарымен және әлеуметтік желі бойынша жұмыстар
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, қала әкімдігіне қарасты бөлімдер мен кент және ауылдық округтердің атқарылып жатқан жұмыстарын ақпараттандыру мақсатында 20 брифинг ұйымдастырылды. Брифинг барысында жергілікті телеарналар мен баспа басылымдары тиісті ақпараттық жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, «Қоғам ТВ» және «Қызылорда» телеарналарында 15 сюжет, «Ақмешіт ақшамы», «Ақмешіт апталығы», «Кызылординские вести» және «Халық» газеттерінде 30-ға жуық мақала жарық көрді.
Қаңтар – наурыз айларына арналған пресс-тур бағдарламалары бекітіліп, тұрақты түрде ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.
Әлеуметтік желіде кеңінен ақпараттандыру жұмыстары да жолға қойылған. Қала әкімдігіне қарасты бөлімдер мен кент және ауылдық округтердің атқарылып жатқан жұмыстарын ақпараттандыру тұрақты түрде жүргізілуде.
Сонымен қатар, ресми парақшаларда мерекелік афишалар, жедел хабарландырулар мен мемлекеттік қызмет көрсету туралы жарияланымдар арқылы халыққа кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Атап айтқанда, жыл басынан 1400-ден аса пост жарияланып, ресми парақшаға апта сайын жол-көлік оқиғасы, адам саудасы, алаяқтық, сыбайластық және қарызсыз қоғамға байланысты посттар жарияланды.
Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс
Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша облыстық әділет департаментінде 681 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде қоғамдық бірлестіктер 289, қоғамдық қорлар 175, ассоциациялар 26, филиалдар 191.
Жыл басында ҮЕҰ дерекқорына өз мәліметтерін уақытылы ұсыну жөнінде ескертпе, хабарландырулар қалалық «Ақмешіт ақшамы», «Ақмешіт апталығы» газеттерінде, Қоғам ТВ телеарнасының жеке сектор айдарында, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілеріндегі қала әкімдігінің және қалалық қоғамдық даму бөлімінің ресми парақшаларында, gov.kz мемлекеттік органдар сайтында, qorda.kz қалалық қоғамдық даму бөлімінің ресми сайтында жарияланды.
Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік-маңызды жобаларын жүзеге асыру қызметі бойынша 2025 жылға қалалық бюджеттен 37 млн 077 мың теңге қаржы бөлініп, оған 7 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Атап айтқанда:
Жоба аясында «Руханият керуені» жобасы бойынша 10 кездесу өткізілді. 3 теологпен 15 заматты оңалту мақсатында 30 адрестік кездесулер өткізілді.
Жоба аясында 15 ақпан күні Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Тағзым алаңы» аумағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
27 ақпан күні Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні мерекесіне орай Достық үйінде бірқатар ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ҮЕҰ өкілдері қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
28 ақпан күні Невада-Семей антиядролық қозғалысының құрылған күніне орай еске алу шарасы, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай түрлі салада еңбек етңп жүрген әйел-аналарды құттықтау шарасы өткізіліп, Қала әкімінің атынан құттықтау хат беріліп, сый-сыяпат жасалды.
Жоба жеңімпазы «Ай-Қанат» жастар ҚБ. Жоба аясында ай сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп, оң және теріс бағыттағы жарияланымдар сарапталуда.
Әлеуметтік жоба бойынша.
«Жастар орталығы, жастар үшін мүмкіндік алаңы» әлеуметтік қызметі бойынша Ұлттық спорт күнінің қарсаңында қалаға қарасты ауылдық округ және кент жастары арасында асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, садақ ату, бес тас және аударыспақ сынды ойындардан сайыс өткізілді. Жеңімпаздарға ұйымдастарушылар тарапынан арнайы марапаттар мен бағалы спорттық тауарлар сыйға берілді.
Жастар мамандарының біліктілігін арттыру бағытында
«Жастар мамандарын оқыту» семинар-тренингі ұйымдастырылды.
Аталмыш тренинг аясында барлық деңгейдегі жастар орталқтарының мамандары және қалаға қарасты ауылдық округтер мен кент жастар мамандары тартылды. Бірінші кезекте мамандардың біліктілігін арттыру және «Жастар сұранысын табу, бастамышыл топтарға ресурстар ұсыну», «NEET санатты жастармен жұмыс істеудің түрлі тәсілдері мен әдістемелерімен танысу» модульдері негізінде өткізілді.
Биылғы жылдан бастап мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша әлеуметтік жобалар қатарына «NEET санатындағы және қылмысқа бейім жастарды әлеуметтендіру» әлеуметтік қызметі қосылды. Жоба аясында жұмыссыз жастарға арналған жұмыс орындарына экскурсиялар, оқытулар мен тренингтер мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық жұмыстар ұйымдастырылуда.
NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету бағытында атқарылған жұмыстар барысы туралы.
2025 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша қала аумағында «NEET» санатындағы жастардың саны 2 331 адамды құрады.
Жастар орталығы, «Мансап» орталығы, кірістер басқармасы, полиция басқарамасы және кент және ауылдық округтер әкімі аппаратының мамандарымен 2210 жасқа адрестік жұмыстар жүргізіліп, статусы анықталуда.
Ақпарат ретінде:
(мектеп оқушысы-1, жалдамалы жұмысшы-151, тіркелмеген жеке кәсіпкер-35,басқа елде және басқа аймақта студент ретнде оқып жатқан-51,
үй шаруасында-102, шетелде жұмыс жасайды және тұрып жатқандар-35,
басқа қалада жұмыс жасайды-62, мезгілдік жұмыс жасаушылар-96,
тұрақты жұмысы бар-16, жұмыссыз-124, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар такси жүргізушісі-15, өздері туралы ақпарат беруден бас тартқандар-41)
Қазіргі таңда ОЦК бойынша 432 жас өзектендірілді.
Отбасылық цифрлық карта мәліметі бойынша «NEET» санатындағы жастардың саны 1899 дейін азайған. Яғни, 2024 жылдың тамыз айынан бастап 687 азамат өзектенген.
Сонымен қатар, жұмыс жасауға ниетті азаматтар тізімі қалыптастырылып аймақтағы коммуналдық мекемелерге жолданылуда.
Жұмыссыз жастар үшін, «Мансап» орталығымен бірлескен 4 мәрте «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, NEET санаттағы азаматтарды телефон байланысы арқылы шақыру ұйымдастырылды. Аталмыш бағыттағы жұмыстар ай сайын тұрақты өтіп отырады.
Қала және ауылдық округтер бойынша бөлініс жасалып, қайта аралау жұмыстары барысында 412 азаматқа жоспарға сәйкес бүгінгі күні адрестік зерделеу жұмыстары жалғасуда.
«Жұмысшы мамандықтарды насихаттау» әлеуметтік қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды
«Жұмысшы мамандықтары» жылы деп жариялады. Осыған сәйкес биылғы жылы да орталық тарапынан бірқатар жұмыстар жүзеге асырылу жоспарда.
Аталмыш жобаның аясында жастар арасында кәсіптік және техникалық мамандықтар арасында, қаржылай сыйлықтарды қарастыра отырып байқаулар тігіншілер, аспазшылар, дәнекерлеушілер, тас қалаушылар, электриктер ұйымдастырылады.
«Ауыл жастарына қолдау көрсету және әлеуметтендіру», «Жастар арасында патриоттық сананы қалыптастыру және отбасы құндылықтарын насихаттау», «Волонтерлік және қоғамға пайдалы жастар» сынды жобаларда жүзеге асырылуда.
Қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия туралы
Қаламызда жалпы халық саны 358 мың 235 болса, оның ішінде 182 мың 473-і әйелдер. Сондай-ақ, 2017 жылдан бері 507 ана «Алтын алқа», 1825 ана «Күміс алқа» иегері атанды.
Қызылорда қалалық мәслихатына депутаттыққа 2023 жылдың наурыз айында 5 әйел сайланды. Қоғамдық кеңестің құрамында 1 әйел бар.
Отбасын қолдау орталығының берген мәліметіне сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына 2023 жылы 61 жанұяға, 2024 жылдың 10 айында 31 жанұяға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді.
Қазір ІІМ-нің құрылымында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, оның ішінде әйелдер мен балаларды қорғау бойынша мамандандырылған бөлімшелер құрылды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, «Жан», «Ана үйі» орталықтарында зардап шеккен 48 азаматшаға құқықтық-әлеуметтік кеңестер берілді.
«Қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Комиссияның» 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген. Комиссия отырысы тоқсанына 1 реттен жылына 4 рет өткізіледі. Жұмыс жоспарына сәйкес жыл басынан бері 1 рет комиссия отырысы өткізілді. Отырыста «Көп балалы, аз қамтылған отбасыларға және зорлық-зомбылық көрген ана мен балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнаулы әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету және оларды жұмыспен қамту бойынша атқарылған жұмыстар туралы» және «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілетін мерекелік шаралардың ұйымдастырылуы жәнедайындық жұмыстары туралы» 2 мәселе қаралып, берілген тапсырмалар хаттамаға енгізілді. Алдағы уақытта 2-інші отырысты өткізу жоспарланады. Комиссия төрағасы қала әкімінің орынбасары Д. Тұрсынбаев.
2025 жылғы қаңтар айында, қала тұрғындарына гендерлік теңдікті, отбасы құндылықтарын насихаттау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында ақпараттандыру үшін қаланы 4 аймаққа бөліп, барлық мектептер мен емхана, коммуналдық сала және арнаулы орта білім беру мекемелерінің қызметкерлерін қамти отырып, тиісті сала мамандарымен бірлесіп түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы, шараға қамтылған адамдар саны – 1500-ге жуық.
8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай қоғамда белсенді, танымал, түрлі салада жетістікке жеткен әйелдер мен БАҚ өкілдерін 6 наурыз күні қала әкімінің алғыс хатымен құттықтау шарасы ұйымдастырылды. Шараға 50 адам қамтылды.
Сондай-ақ, 16 наурыз шаңырақ күніне орай, қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Г. Жұмашевамен бірге «Ана мен бала» орталығындағы жас босанған аналарды шаңырақ күнімен құттықтау шарасы өткізілді.
Бұдан бөлек, бөлімнің ресми парақшаларына үлгілі отбасылар, өсіп-өнген үлкен әулеттер, «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары туралы ақпараттық-материалдар, тұрақты түрде отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша постерлер жариялануда.
Сонымен қатар, биылғы жұмысшы мамандықтар жылына орай қарапайым еңбек адамдарын насихаттау мақсатында арнайы кәсіби фото-видео материалдар әзірленіп, әлеуметтік желілерде жарияланды. Аталған материалдар облыстық қоғамдық даму басқармасының сұранысына орай жұмыс бабында пайдалану үшін ұсынылды.
Қала және кент, ауылдық округтердің әкімдіктерімен тығыз байланыс орнатып, жұмыс жасайтын белсенді әйелдерден құрылған ұйымдар бар. Олар: «Қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі (18 әйел), Талсуат ауылдық округінің әйелдер кеңесі (6 әйел), «Ардақты аналар» Белкөл (50 әйел).