
Қызылорда қаласы бойынша «Титов» тұрғын ауданы мекенжайында орналасқан жалпы көлемі 366 гектар жер учаскесі индустриялық аймақ болып белгіленді.
Аталған индустриялық аймаққа қажетті инженерлік инфрақұрылымы жүйелері жеткізілді.
Қазіргі таңда, индустриялық аймақта 2 жоба тұрқты жұмыс жасауда.
Ақпарат үшін:
1.Жеке кәсіпкер «Ақселеу»-дің «Күйдірілген қыш шығару шағын зауыты» жобасы
2. «Orda Glass LTD» ЖШС-ның «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы
Бұдан бөлек, 2024 жылдың маусым айында «Orda Glass LTD» ЖШС-нің шыны зауыты жанынан электр үнемдейтін шыны зауыты іске қосылды.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылы 2 инвестициялық жобаның құрылысы басталды.
Ақпарат үшін:
1.«Қызылорда Саз М» ЖШС-нің «Заманауи кірпіш зауыты» құрылысы;
2.«Ayna Glass» ЖШС-нің «Жоғары технологиялы айна шығару зауыты» құрылысы.